Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Астық өңдеушілер қазақстандық ұнды экспорттауға арналған квоталарға қарсы
Қарағанды облысының ұн өндірушілері Қазақстанда ұнды сыртқа шығаруға үкімет тарапынан салынған тыйыммен келіспейды, сондықтанда аталған шектеуді алып тастауды ұсынады. Осы мәселе бойынша жиырма шақты компания жетекшілері ел үкіметіне, сонымен бірге «Атамекен» кәсіпкерлер құқын қорғайтын уәкілетті орындарға ұжымдық хат жазды. Бұл ақпарат жайлы «Мутлу» ұн тарту компаниясының директоры Дос-Мукасан Таукебаев айтты.
Тақырыпты оқу: Қазақстандық экспорттаушылар сыртқы нарықтан айырылып қалғылары келмейді
Еске сала кетсек, Қазақстанда ұн экспортына тыйым наурыз айының соңғы күндері салынды. Ұн өндірушілер үшін бұл күтпеген жағдай болды. Себебі олар тауарды сататындығы туралы келісім шарттар жасасып қойған еді. Аталған өнімдер үшін алдын ала төлемдерді қайтару да мүмкін емес. Себебі олар қаражатты шикізат алуға, вагондарға тиеуге, өнімді алуға жұмсалған еді. Сыртқа жіберу үшін дайындалған вагондар сол астық тиелген қалпында жолда қалып тұр.
-Біз COVID-19 пандемиясының таралуымен елде азық –түлік дағдарысы болуы мүмкін екендігін түсінеміз, -деді Дос-Мукасан Таукебаев. Ауыл шаруашылығы министрлігінің 30.03.2020 жылғы мәліметі бойынша, Қазақстан элеваторларында 9,2 млн тонна астық сақтаулы тұр. Оның 6,4 млн тоннасы азық –түлік үшін, 1,5 млн тонна себілетін тұқым үшін, 1,3 млн тонна мал азығы үшін сақталып тұр. Аталған мәліметтерден ішкі нарықта ешқандайда ұн тапшылығы болмайтындығын аңғаруға болады. Облыс әкімдіктерінің өтінімдеріне сәйкес ұнды ішкі тұтыну көлемі 2020 жылдың 5 айында 399 мың тоннаны құрайды. Мұндай ұн мөлшерін өндіру үшін 5 ай ішінде 550 мың тонна азық-түлік бидайды қайта өңдеу жеткілікті.
Бизнес қауымдастықтардың айтқан ұсыныстарынан кейін 2 сәуірде үкімет ұнды экспорттауға қайта рұқсат берді. Бірақ квота беру мөлшерін, механизмін енгізді. Сәуір айына 260 диірменге берілетін квота мөлшері 70 мың.т болып табылады. Бірақ ұн өндірушілер бұл көлемді аз деп есептейді. Аталған мөлшер кәсіпорындардың жұмысын тұрақты жүргізуге және шетелдік серіктестермен шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге жетпейді. Мұндай жағдайда өнімді сатушылардың міндеттері 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылатындығы мәлім.
Тақырыпты оқу: Қазақстанның ұн өндірушілері астық өнімін үш есеге дейін арттыра алады- Чукуев
Бұл мәселеге адамгершілік тұрғыдан да қарау керек, себебі біз келісім шарттар жасап қойғанбыз, атап айтсақ, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстандағы сатып алушылар біздің ұнды күтуде, олар үшін нан-басты азық болып есептеледі. Өнімді дер кезінде жеткізбесек азық-түлік дағдарысы да болуы мүмкін.
Ұн өндірушілердің келесі бір мәселесі, ұнға берілетін квота мөлшері 70 мың. т, ал астыққа - 200 мың. т. құрайды.
-Бидай экспортымен айналысу нарықта ұнды астықпен алмастыруымызға алып келеді-деді Дос-Мукасан Таукебаев. Шындығында аталған жұмыс арқылы біз басқа елдердің де кәсіпорындарын қолдайтын боламыз. Егер Н. Назарбаевтың 2018 жылғы Жолдауын еске түсірер болсақ, онда былай жазылған еді: «Біз әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді үйрендік. Бұл ісімізді мақтан тұтамыз. Бірақ бұл қазіргі уақытта жеткіліксіз. Сонымен бірге біз шикізатты қайта өңдеумен айналысуымыз керек, сөйтіп әлемдік нарыққа шығуымыз қажет». Сондықтан да біз Қарағанды облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның ұн өндірушілері елдегі барлық бидайды, соның ішінде 200 мың тоннаны да қайта өңдеуге дайынбыз. Ұнды мұқтаж елге жеткізе аламыз.
Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда
Мемлекет сыртқа шығаратын шикізаттан емес, дайын өнімнен әлдеқайда көбірек пайда түсіреді. Түскен қаражаттан бюджетке салық төлеу, жұмыс орындарын ашу және оны сақтап тұру (диірмен кешенінде орташа есеппен 80-нен 150 адамға дейін қызметкер жұмыс істейді), өңірдің әлеуметтік саласын қолдауға жұмсалады. Сонымен қатар, астық өңдеушілердің жұмысына байланысты басқа да салалар бар, атап айтсақ, мынандай компаниялармен (қап, жіп, көліктік-логистикалық компаниялар және т.б.) бірлесе жұмыс істейді.
Астықты ұнтақтау кезінде алынған кебек елдің мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында жем базасында қолданылады. Ұн өндірісіндегі құлдырау басқа да салаларға, яғни азық өндірушілерге де кері әсерін тигізеді. Салдарынан ет, жұмыртқа,сүт бағасы да қымбаттайды. Ал бұл дағдарыс кезінде елдің қатардағы тұрғыны үшін өте маңызды болып есептеледі.
Осының бәрін ескере отырып, хат авторлары ұн экспортын квоталау тетігін алып тастауды сұрайды. Ал ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» қайта өңдеушілер арасындағы шарттарды пайдаланыы қажет.
Сондай-ақ, қарағандылық ұн өндірушілер өнім мөлшерін анықтау үшін, әділ болу үшін, елдегі бар бидай мөлшерін тексеруді ұсынады.