Қызылорда облысында күріш ұнынан нан пісіріле бастады

Қызылорда облысында күріш ұнынан нан пісіріп шығара бастады. Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарлады.

Биылғы жылы Қазалы ауданының «РЗА-Нан» ЖШС-нда Қазақ өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары нан-тоқаш өнімдерінде күріш ұнын қолдану бойынша жұмыс бастады. Күріш ұнтағы қосылған нанға зертханалық зерттеу жүргізілді.

Күріш нанының дәмін татқан сала мамандары мен аудан тұрғындары жақсы пікір білдіруде.

Облыс әкімдігінің хабарлауы бойынша, Қызылорда өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласында бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.

Еске сала кетейік, ғалымдар күріштен жасалған ұнды қолдану мүмкіндігін зерттеді. Құрамында құнды тағамдық функционалды ингредиенттері бар және негізінен азықтандыру үшін қолданылады. Сонымен қатар, күріш ұны нан мен нан өнімдерін жасауға, олардың тағамдық құндылығын арттыруға, тамақ өнімдерінің түрлерін кеңейтуге және күрішті қалдықсыз өңдеу технологиясын қамтамасыз етуге арналған стратегиялық ауылшаруашылық ресурсына айнала алады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.