Өңірлердегі егін ору науқаны қалай жүріп жатыр?

Республиканың төрт аймағының басшылары үкіметке егін жинау барысы туралы есеп берді. Биылғы ауа райы егін жинау үшін соншалықты қолайлы болып тұрған жоқ, кейде  жаңбыр күндер болуда, сондықтан Премьер-Министр Аскар Мамин  жиналған егінді дер кезінде дұрыс сақтауды тапсырды.

Ақмола облысы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, биыл облыста бұршақ және дәнді дақылдарының алқабы 4,4 млн га, майлы дақылдар - 210 мың гектардан астам, картоп - 16 мың га, көкөністер - 3,5 мың га., жемшөп дақылдары - 181 мың га. Егін жинауға 8 мыңнан астам комбайн қатысты, оның 3,5 мыңы – сапалы жаңа комбайндар, сонымен қатар 2,5 мың оратын техника қолданылды.

«654 мың гектар жерден дәнді және бұршақты дақылдар орылды, әр гектардан 9,4 центнерден өнім алынды. Жалпы астықты сақтау сыйымдылығы 4,2 млн тонналық 65 астық қабылдау зауыты өнімді қабылдауға дайын. Ауыл шаруашылық құрылымдардағы астық сақтау базаларын ескерсек, 6,6 млн. тоннадан астам астықты сақтауға мүмкіндік бар», - деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, жазғы егін ору жұмысы үшін 73 мың тонна дизель отыны бөлінген. 28,5 мың тоннаға төлем жасалды, оның 22 мың тоннасы жеткізілді. Жалпы, биыл аймақтағы өсімдік өсірушілерді мемлекеттік қолдау 72,6 миллиард теңгеге жетті.

«Қолайлы ауа-райы жағдайында біз жұмысты уақытынды аяқтаймыз», - деп қорытындылады сөзін Е.Маржықпаев.

Қостанай облысы

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақта астық 4 млн 51 мың га, майлы дақылдар 640,5 мың гектардан жиналады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 130,4 мың га артық. Соңғы төрт жылда әртараптандыру аясында майлы дақылдар алқабы 280 мың гектарға ұлғайтылды.

Ағымдағы жылы егін егу және жинау жұмыстарын жасау үшін ауыл шаруашылығын қаржыландыру айтарлықтай өсті. Аграрлық несие корпорациясы арқылы 29,3 млрд.теңге және Азық-түлік келісім шарт корпорациясы арқылы форвардты сатып алу аясында 6,8 млрд.теңге алынды.

Аталған облыс диқандары егін жинауды 10 тамызда бастады.

«Егін ору науқаны қиын ауа-райы жағдайында жүргізілуде, атмосфералық жауын-шашын жиі болады. Барлық 279 астық кептіру қондырғысы тәулігіне 230 мың тонна сулы астықпен жұмыс істеуге дайындалған. Барлық жұмыс штаттық режимде жүргізілуде», - деп есеп берді әкім.

Оның айтуынша, егін жинауға барлық қолда бар 9,1 мың дана комбайн пайдаланылған.  Техникалық жабдық жақсы ауа-райында 230 мың гектар алқаптан егін жинауға мүмкіндігі бар. Егістік жұмыстарға қажетті жанар-жағар май мөлшері жеткілікті.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов хабарлағандай, аймақта астықтың 14,7% жиналды, өнімділік әр гектардан 14 центнерден алынды. Майлы дақылдар 22,5 мың гектардан астам алқаптан орылды. Өнімділік гектарына 9 центнерден болды. Жалпы, егін жинау жұмыстары 4,2 миллион гектар алқапта жүргізілетін болады. Импортты алмастыру бағдарламасы аясында қарақұмық дақылдары 2,5 есе, бұршақ үштен бір есеге көбейтілді.

Жақсы мөлшерде егін ору үшін облыстың аграршыларыі 100 мың тонна минералды тыңайтқыштарды қолданды, жыл соңына дейін тағы 30 мың тонна қосу жоспарлануда.

Әкімнің айтуынша, егін жинау науқаны басталғалы 35 млрд теңгеге 1480 техника сатып алынды: бұл өткен жылмен салыстырғанда сандық жағынан 20% және ақшалай жағынан 1,5 есе көп. 75 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлінді, жанар-жағармайдан ешқандай қиындықтары жоқ.

Егінді сақтау үшін облыста 6,6 млн тоннаға арналған қойма бар.

«Биыл бидай бағасы өсуі мүмкін, сондықтан да нан бағасын  қол жетімді етіп ұстап тұру үшін ұнмен қамтамасыз етіледі», - деді Құмар Ақсақалов.

Қарағанды ​​облысы

 Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақта астық жинайтын алқап 896 мың га, оның ішінде бидай - 682 мың га. Қазірдің өзінде 72,6 мың тонна астық бастырылды деді.

«Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 67% шығуы жақсы, 27,5% қанағаттанарлық. Даму фазасына сәйкес 1,1% пісу фазасында, 34,2% -ы сүтті-балауыз фазасында, 54,5% -ы балауыз фазасында, 10,2% -ы толық пісіп-жетілуде. Мамыр-маусым айларында жауын-шашынның болмауы астықтың пісуіне әсер етті, - деді аймақ басшысы.

Сонымен бірге ол егіннің сапасына фермерлердің жоғары өнімді тұқымдарды қолдануы және былтырғы жылмен салыстырғанда минералды тыңайтқыштарды қолданудың екі есе өсуі әсер еткенін атап өтті. Орташа өнімділік гектарына 9,9 центнерден болса, диқандар 900 мың тонна астық жинайды деп күтеді. Картоп жинау 409 мың тоннаға, көкөніс 103 мың тоннаға жоспарланған.

«Егін жинауға барлығы 2345 астық оратын комбайн, 60 картоп жинайтын комбайн және 72 картоп қазғыш техника қолданылды. Астық жинау үшін 25 жұмыс күні қажет. Күзгі дала жұмыстарына бөлінген жеңілдетілген дизель отынын кестеге сәйкес аламыз. Астық кептіргіш құралдар дайын. Егін жинау науқанын үнемі бақылаудамыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.