Қазақстанда 11,5 млн тонна астық жиналды

Қазақстан аграршылары 9868,9 мың гектар алқапта дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды жинау жұмыстарын аяқтады немесе жалпы егіс алқабының 62,5% орылды. Орташа өнімділігі 11,7 ц/га болатын 11 миллион 524 мың тонна астық бастырылды.

Мемлекеттік инспекция комитетінің агроөнеркәсіптік кешендегі мәліметтері бойынша, астықтың басым бөлігі - 2611,5 мың тоннасы - Солтүстік Қазақстан облысында бастырылған. Мұнда 1839,1 мың га (61,5%) жиналды, өнімділік 14,2 ц/га.

Келесі орында 2604,7 мың тонна жинаған Ақмола облысы келеді. Мұнда 2685,3 мың га егіс алқабы орылды (60,4%), өнімділігі - 9,7 ц га.

Қостанай облысында 2515,6 (62,1%) алқаптан 2414,9 мың тонна астық бастырылды. Аймақта өнімділік 9,6 ц / га құрайды.

Жамбыл облысында егін науқаны толықтай аяқталды. 22,7 ц/га өніммен 816,6 мың тонна астық бастырылды. Түркістан облысында өнім одан да жоғары - 23,8 ц/га, 294,3 мың гектардан (егіс алқабының 97,2%), облыста 700 мың тонна астық жиналды.

Алматы облысында 524,7 мың тонна бастырылды (318,8 мың га немесе 67,9% жиналды), Қарағанды ​​облысында - 497,9 мың тонна (495,3 мың га немесе 55,3% жиналды), Шығыс Қазақстан облысында - 445,9 мың тонна (жиналған 370,5 мың га немесе 61,4%).

Егін жинау қарқыны былтырғы жылмен салыстырғанда асып түскенін айта кеткен жөн. 2019 жылы 7 қыркүйекке дейін 1395,4 мың га немесе 53,8% жиналған еді. Ал биыл 1781,2 мың тонна жиналды, орташа өнімділігі 12,8 ц/га құрайды.

В Алматинской области намолочено 524,7 тыс. тонн (убрано 318,8 тыс. га или 67,9%), в Карагандинской области - 497,9 тыс. тонн (убрано 495,3 тыс. га или 55,3%), в Восточно-Казахстанской - 445,9 тыс. тонн (убрано 370,5 тыс. га или 61,4%).

Следует отметить, что темпы уборочных работ превышают прошлогодние. В 2019 году к 7 сентября было убрано 1395,4 тыс. га или 53,8%. Было намолочено 1781,2 тыс. тонн при средней урожайности 12,8 ц/га.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.