Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Өзбек елінің контрафактілік өнімдері қазақстандық диірмендерді нарықтан ығыстыруда
Өзбекстандық диірменшілер қазақстандық брендтердің атын жамылып жалған түрдегі атаумен ұн шығарумен айналысады. Сонымен бірге, ел билігі болып жатқан жағдайларға көз жұмуда, ал қазақстандық компанияларды нарықтарынан қуып шығаруға көмектесуде.
Сапа белгісі
- «Әлемдегі кез-келген жақсы нәрсені жалған түрде қайталап жасаушылар бар, мысалы, кроссовкадан бастап телефондарға дейін шығарылады», - дейді Қарағандыдағы «Мутлу» ұн тарту компаниясының директоры Дос-Мұқасан Таукебаев- Сонымен қатар, жалған кәсіпорындар сапалы жасауы да мүмкін, кейде түпнұсқадан айыра алмайсыз. Кейде олар сапасыз жасайды да, мұндай жағдайда түпнұсқа брендке нұқсан келтіріп, сатылымның төмендеуіне әкеледі.
Бір таңқаларлығы, «жалған» өзбек ұны қазақ астығынан істеледі. Бұл үшін Өзбекстанда жағдай жасалған- Қазақстаннан ұн импортына баж салығы бар, бірақ астық импорты үшін баж салығы жоқ. Бұл жерде өңделген өнімді жеткізуді тиімсіз етіп, шикізатты әкелуге жол ашқан. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өңдеушілердің мүдделерін қандай-да бір жолмен қорғамай отыр, олар бірнеше рет көрші елге қарсы шара қолдануды сұраған еді.
Фотода: Дос-Мұқасан Таукебаев
Сонымен, өзбектер ұнды қазақ бидайынан жасайды. Бірақ оларда бидай өсіреді, бұл өндірісте айтарлықтай үлесті құрайды. Демек, қазақстандық бидай жергілікті нашар шикізаттың сапасын жақсартуға ықпал етеді. Бидайдың екі түрінің қоспасынан ұн алады, алайда оның сапасы қазақ ұнынан төмен.
Тақырыпты оқу: Атамекен үкіметтен Өзбекстанға ұн және сусын экспорттаушылардың мүддесін қорғауды сұрайды
Бұл жағдайды нарықта бейтараптандыру үшін өзбек өндірушілері тұтынушыларға жақсы таныс қазақстандық ұнның брендтерін сатуда.
«Қазақстанның 160 ұн тартатын компаниясы Өзбекстан нарығында ұн сатады», - деді Дос-Мұқасан Таукебаев. – Бұл аз мөлшерде болғанымен, өз ұнымызды жақсы сатудамыз. Жергілікті халық, әрине, қазақстандық өнімді сатып алғысы келеді.Олар біздің брендтерімізді қолдан жасап, тұтынушыларды алдап, өз тауарларын жоғары сапалы қазақстандық тауар ретінде ұсынуда.
Өзбекстанның ІІМ қамқорлығында отырғандар
Өткен аптада, 13 тамызда, қазақстандық диірмендердің бірінің өкілдері Ташкенттегі кәсіпорында контрафактілік өнім шығару фактісін анықтады. Бұл бейнені Facebook-тегі парақшасында Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган жариялады. Оның сөзіне қарағанда, бейнебаянды жазу кезінде Өзбекстанның тәртіп сақшылары қатысқанына қарамастан, Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі бұл факт бойынша арызды қабылдаған жоқ.
Бейнежазбада: Ташкенттегі диірменде ұн қазақстандық компаниялардың атаулары жазылған қапшықтарға салынған.
«Өзбекстанның құқық қорғау органдарының мұндай әрекетсіздігі, өкінішті. Қазақстандық ұн тартатын кәсіпорындардың логотиптері бар контейнерлерді жаппай қолданып жатқандығын көріп отырмыз. Бұл брендтер танымал болу үшін компания жылдар бойы жұмыс істеді. Компания өз брендтерін ресми түрде тіркеді. Өзбекстан аумағында контрафактілі ұнды өнімдердің жаппай өндірілуі елдің беделіне нұқсан келтіреді, сонымен бірге қазақстандық өндірушілерге үлкен материалдық шығын келтіреді», - деп жазды Евгений Ган.
Әрине, бұл видео диірменшілердің өздері үшін жаңалық болмады. Өзбекстандағы қазақ ұнының контрафактісі индустриялық негізде жұмыс істеуде, бұл жағдай бір жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Қазақстан Республикасының ұн компаниялары бұған қарсы күресуге бірнеше рет тырысты, бірақ нәтиже болмады.
Фотода: Евгений Ган
Мысалы, DANI HAH компаниясы 2015 және 2018 жылдары Өзбекстанның салық органдарына және прокуратурасына Самарқандта өз брендімен ұн өндіруге қатысты жүгінген болатын. Тергеу үшін қажетті барлық мәліметтер құқық қорғау органдарына берілді. Бірақ ешқандай реакция болған жоқ. Бұл DANI HAH сауда маркасының Өзбекстанда ресми тіркелгеніне қарамастан және жергілікті заңнамаға сәйкес қорғалуы керек еді.
Сонымен қатар, Қазақстан өндірушілері контрафактілік өнім сертификаттаудан өтпейді, яғни оның сапасы нашар болуы мүмкін, құрамында қауіпті қоспалар немесе түрлі зеңдер болуы да мүмкін.
«Біз бұл мәселе бойынша міндетті түрде Қазақстан Республикасының үкіметіне хат жазамыз», - деп айтты Евгений Ган ElDala.kz –ке берген сұхбатында.- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде, Қазақстанның Бас прокуратурасында. Қазақстандық диірменшілердің мүдделерін бұзу фактісі құжат түрінде тіркелген, жалған өнім шығарумен айналысатындардың барлық мәліметтері бар. Алайда, біз бұл хаттарға қатысты қандай да бір шаралар жасалатындығын білмей отырмыз.
Түпнұсқа және жалған өнім
Mutlu брендін бірнеше жылдан бері Өзбектер жасап сатуда. Оның үстіне олар айла жасап, «Мутлу» өнімдерінде, атауынан басқа, шеңбердің ішінде «kz» белгісі бар. Өзбектер оның орнына «uz» дкп жазған. Қалған барлық жазуы бірдей. Сатып алушы түпнұсқаны жалғаннан ажырата алмауы да мүмкін.
Суретте: сол жақта жалған, оң жақта түпнұсқа өнім
Компания сотқа жүгіне алмайды - бренд тек Қазақстанда патенттелген. Көптеген компаниялардың жағдайы осындай. Сондықтан, Қазақстан билігі Өзбекстан билігіне осы мәселеде жағдайды қалпына келтіруді сұрап (немесе талап етіп) жүгінеді деп үміттенеміз.
Біздің диірменшілер шындығында жағдайдың түзелетініне күмәнмен қарайды: біріншіден, біздің мемлекеттік құқық органдарының әдеттегідей тістері батпайды, екіншіден, Өзбекстан билігі өз өндірушілеріне қатысты қандай-да бір шаралар қолданбайтындығын жақсы біледі.
Тақырыпты оқу: Не себепті Қазақстандық ұн өндірушілер сыртқы нарықтағы орнынан айырылуда
Керісінше, қазақстандық ұн өңдеушілерге қатысты тағы да тосынсыйлар болуы мүмкін. Себебі өзбектер Ауғанстаннан қазақстандық компанияларды қуып шығуға дайын. Бұл үшін барлық жағдай жасалған, оларда мемлекеттік қолдау, жалған брендтер бар, ең бастысы - өздері қазақ бидайынан ұн шығаруда, ал Қазақстан шикізат сатумен айналысуда.
«Өзбекстан да өз астығын өсіреді, бірақ барлық олардың бидайы жемшөпке арналған», - деп түсіндірді Дос-Мұқасан Таукебаев. - Одан ұн жасауға болады, бірақ ол құнарлы емес, өйткені ол ащы, түсі қоңырлау, қамыр нашар көтеріледі, ал оның құрамында қоректік заттар аз. Әлемдегі ең жақсы бидай - бұл біздің Солтүстік және Орталық Қазақстанда өсірілетін астық.
Бұл жүйедегі кемшіліктер
Ұн сапасының арқасында Қазақстанның Ауған нарығына шығуы мүмкін. Бірақ Өзбекстан ішкі нарықтарында жасаған айла тәсілдерін істеуі мүмкін. Сонымен қатар - әкімшілік кедергілер мен контрафактілерді қолдана отырып, біздің диірменшілерді ол жерден де ығыстырып шығаруға тырысуда.
Атап айтқанда, егер Ташкенттен Ауғанстанға өзбекстандық ұнның тоннасы 22 долларға жеткізілетін болса, Қазақстаннан ұнның тоннасы 49 доллардан асады, бір вагон ұн - 3300 доллар болады. Әрине, қосымша 27 доллар қазақстандық ұнның бағасына қосылады және олар арзан өзбек өнімдерімен бәсекеге түсе алмайды. Көлік шығындарынан басқа, өзбектерді өз үкіметі қолдап, экспортқа баждар мен салықтардан босатуда.
Нарықтағы жағдайға келер болсақ, Ауғанстанда өзбек өндірушілері қазақстандық брендті пайдаланудан тартынбайды – ұнның қабында «бұл ұн жоғары сапалы қазақстандық бидайдан жасалған» немесе жай ғана жалған ұн болуы мүмкін. Әрине, өндірушілер сатып алушыларға өзбек астығын да араластырып қосқаны туралы айтпайды.
«Өкінішке орай, біздің үкімет өз өндірушілерін ешқандай жолмен қорғамайды, дегенмен біз мемлекеттік органдарға бірнеше рет хат жібердік», - деді Дос-Мұқасан Таукебаев. - Бірақ бізде тек өңдеуді қолдауға жауапты министрліктер ғана емес, сонымен бірге экспортты қолдауға жауапты арнайы квазимемлекеттік құрылымдар бар. Ал, олардың жұмысы қайда? Ешқандай шара қолданылмайды. Жаңа нарықтарға кірудің орнына, біз бұрын көшбасшы болған нарықтардан айырылудамыз. Біздің көршілеріміздің протекционистік әрекеттеріне ешқандай жауап бермейтіндігімізге байланысты осындай халге жетудеміз. Біздің шенеуніктер не себепті осылай әрекет етеді? Шамасы, олар «көршімен тату болу үшін шығар»соған байланысты қарым-қатынасты бұзғысы келмейді немесе ДСҰ-ның кейбір ережелерін бұзудан қорқады. Бірақ бізге келгенде барлық құқық бұзылады?
Бұған жауап ретінде Өзбекстандағы ұнға импорттық баж салығы сияқты Қазақстандағы астыққа экспорттық баж салығын (бұл 18%) белгілеуге болады емес пе? Сонда екі елдің жағдайы теңдей болып, бәсекелестік жасауға болады. Ал Қазақстандағы ұн тартатын өндірістің дамуына жақсы серпін болар еді.