Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Азық-түлік корпорациясы 4-ші сұрыпты астықты 78 мың теңгеден сатып алады
Азық-түлік корпорациясы 4-ші сұрыптағы жаңа егіннің астығын сатып алуда астықтың тоннасын 78 мың теңгеден бағалауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы нарықтағы қазіргі жағдайды ескере отырып, 3-ші сұрыптағы бидайды сатып алуда бағаны сапасына байланысты 83-87 мың теңге, 4-ші сұрыптағы бидайға - 78 мың теңге, 2-ші сұрыптағы арпаны - 50 мың теңге мөлшерінде белгілеуді ұсынады», - деді министр.
Ол сондай-ақ күнбағыс пен қарақұмық жармаларын сатып алу бағалары осы дақылдарды жинау аяқталғанға дейін белгіленетіндігін атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы еске салғандай, биыл ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің көптеген өтініштері бойынша Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауыл шаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, оған республикалық бюджеттен 24,5 млрд.теңге бөлінді. Фермерлердің кепілмен қамтамасыз етудегі қиындықтарын ескере отырып, форвардтық сатып алу ӘКК кепілдемесімен жүзеге асырылды. Барлығы 516 мың тонна ауыл шаруашылық өнімін сатып алу туралы келісімшарт жасалды.