Kusto Farming солтүстікте астыққа жүгері өсіруде

Қазақстанның оңтүстігінде ғана емес, солтүстік өңірлерінде де астыққа жүгері өсіруге болады. Оны биылғы маусымда Ақмоланың және Солтүстік Қазақстанның ірі алқаптарына осы дақылдарды қолға алған Kusto Farming дәлелдеп берді. Қазіргі кезде өнімдері пісіп, терімге дайын тұр.

Көктемгі мерзім

Қазақстандағы Kusto Agro агродивизиясының құрамына KazBeef  (мәрмәр сиыр етін дайындау үшін мал өсіру және бордақылау) және Kusto Farming (жоғары сапалы мал азығын дайындау) кіреді. Ірі қара малдың рационында жүгерінің алатын орны ерекше, сондықтан да корнаж үшін (немесе earlage) 3 134 гектарға және сүрлем үшін 3 303 гектарға егілді.

Тақырып бойынша оқыңыз:  KazBeef экономиканың «негізгі саласын» құруға көмектеседі​

Құнарлы егістік алқап таңдалғанымен, алайда солтүстік өңірлердің климаты күрт құбылмалы әрі қатал келеді. Өкінішке орай, түйткілдер күтпеген жерден пайда болды – карантиндік шектеулер минералды тыңайтқыштардың жеткізілуін кешеуілдетті. Сондықтан дән себуді 7 мамырға дейін шегеруге тура келді.

— Жүгері +12 градус температура кезінде себіледі, сондықтан ерте бастау керек болды, деді Kusto Farming бас директоры Қанат Әлмұхамедов — Оның үстіне көктем де жылы болды.

Суретте: Қанат Әлмұхамедов

Жүгері алқаптарының негізгі алаңы 11-25 мамыр аралығында себілді. Агрономдардың пікірінше Қазақстанның солтүстік өңірлерінде дән себуді 15 мамырға дейін аяқтаған оңтайлы. Дән кеш себілген жағдайда піспей қалу қаупі бар. Дәнді жүгерінің өсу кезеңі жағдайға байланысты 95-тен 115- күнге дейін созылады.

Әрине, тұқым таңдау да маңызды. Жылы күндердің саны, жауын-шашын және басқа да параметрлерді ескеретін ФАО жіктемесі бойынша жүгерінің әр буданына индекс тағайындалады. Индексі неғұрлым аз болса, гибрид соғұрлым ертерек піседі. Kusto Farming компаниясы Pioneer, Maisadour, украиналық Mais, ресейлік «Золотой початок», сондай-ақ KazSeeds – Kusto Agro тұқым шаруашылығы бөлімшесі тәрізді 150-ден бастап 220-ға дейін еуропалық компаниялардың тұқымдарын қолданады.

Жазғы ылғал

Ал жазда әбігерге түсірген түйткіл, күткендей-ақ құрғақшылық болды. Әрине, ол басқа дақылдар сияқты жүгеріге де кері әсер етеді. Мамыр-маусым айларында 55 күн қатарынан бір тамшы жаңбыр жаумады. Жүгерінің әлеуетті өнімі гектарына 9-10 тонна болатын болса, онда ол биыл әлдеқайда төмен болатын түрі бар. Агрономдардың болжамы бойынша гектарына 6 тоннаны құрайды. Бірақ түпкілікті нәтиже егін жинау аяқталғаннан кейін ғана айқын болады.

Десе де, бұл жыл – эксперименттің бір түрі. Маусым мысалында агротехнологияның жаңа қырларын пысықтауға тура келеді. Тұқымның әлеуетіне де баға берілетін болды. Әзірге олардың барлығы өздерінің жақсы жақтарын көрсетті, ал соңғы нәтижелерді агрономдар айтқандай «комбайн көрсетеді».

Тақырып бойынша оқыңыз: Қарабалық АШТС тұқымы аптап ыстықтан аман шықты​

Қалай болғанда да, ФАО-ның тәуекелдерді әртараптандыру үшін ерте жетілу коэффициенті алты сұрыптан кем емес тұқым қоры құрылады – әр маусымда Қазақстанда ауа-райы жағдайлары әртүрлі, сондықтан да егін өнімсіздігі қаупін азайту үшін тұқымның көп түрін қолдану қажет.

— Негізгі өндірістік алқаптарымыздан басқа, шағын тәжірибелік учаскелерімізде сынақ пен іріктеу үшін 26 түрлі будандарды септік. Ең жақсысын таңдап аламыз ғой, - деп атап өтті Қанат Әлмұхамедов.

Тыңайтқыштар егістікке дейін және егін себу барысында да қолданылды. Биыл карбамид пен сульфоаммофос қолданылды. Келесі маусымда дән себілгеннен кейін КАС сұйық тыңайтқыштарын қолдану жоспарланып отыр. Оларды 100 гектар шағын алқапта сынап көріп едік, бірақ құрғақшылық салдарынан өз әлеуеттерін көрсете алмады.

Күзгі болжам

Егістік үшін амеркандық – John Deere және Kinze техникалары қолданылды. Бұл тұқым себу кешендері жүгеріні ғана емес, күнбағысты да себе алады. Ал егін жинау барысында жоғары өнімді CaseClaas, New Hollander, John Deer комбайндары қолданылатын болады. Техника паркінің қуаты барлық алқапты 15-20 күнде жинауға мүмкіндік береді.

Біз дәннің ылғалдылығы 14% дейін төмендеген кездегі толық пісетін уақытты күтпейміз. Біздің өңірімізде ондай көрсеткішке жете алмауымыз мүмкін. Қыркүйектің соңына қарай ылғалдылық деңгейі 30% кезінде жинап аламыз, - деді Қанат Әлмұхамедов

Ал сүрлемге жүгері жинау Claas Jaguar комбайнын қолданып, 11 қыркүйекте басталып та кетті.

Жүгері дәнін бастапқыда корнажға – тегістелген астықты консервілеуге жіберу жоспарланған болатын. Ауа-райы салқын өңірлерге осындай технология оңтайлы болып табылады, өтйкені ол астықты толық пісіп жетілмейін жинап алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шырындылықтың жоғарылауына байланысты корнаж жемді құнарлы етеді.

Астық кептірілмейтіндіктен және оны элеваторда сақтау қажет болмауына байланысты едәуір үнемдеуге қол жеткізіледі. Технологиясына көз жүгіртетін болсақ: дән арнайы ашық алаңға төгіледі, үстінен бурт бойынша трактор жіберіледі, ал сосын ұсақталған, «тегістелген» масса оттегі жібермейтін пленкамен жабылады. Азықтық жемді осындай күйде екі жылға дейін сақтауға болады.

Тақырып бойынша оқыңыз: «Жасыл» астық елімізде егін орағына тежеу болып тұр​

Алайда күн күрт бұзылған жағдайда, түзетулер енгізіліп, жүгері earlage-ге алынады. Біздің өңіріміз үшін бұл жаңа технология бойынша собық түгелдей комбайнмен үгітіледі. Одан әрі ұнтақталған күйде алаңға түсіріліп, содан кейін корнажға ұқсас консерілеу процедурасы орындалады.

Келесі маусымға арналған жүгері алқаптарына келетін болсақ, келешек жоспарларымыз биылғы жылдың өніміне байланысты. Астық көлемі ұлғайту үшін егісті кеңейту қажет болатын болса, «Kusto Farming» компаниясы бұған дайын.

Егу мерзімдер бойынша болжамымыз келесідей: 1 мамырдан кешіктірмей бастап, 10 мамырдан кешіктірмей аяқтау керек. Қыста дайындық басталады, форс-мажор жағдайларына жол бермес үшін, ең алдымен көктемде қоймадан табылуыы тиіс тыңайтқыштар сатып алынады. Топырақ пен ауа температурасы егістікке шығуға мүмкіндік бере салысымен жұмыс басталады.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.