Солтүстік аймақтарда көктемгі жаппай қар еру байқалады

Қазақстан аумағындағы қар жамылғысы бар аудандарда 9-16 сәуір аралығында NASA жерсерігінің түсірген суреттеріне сәйкес, қар 22% -дан 3% -ға дейін еріген. 15 сәуірдегі жағдай бойынша көп өзендердің бетіндегі мұз толығымен кеткен. Ақмола облысындағы Селеті және Қалқұтан, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзендерінің бассейндерінде қардың деңгейі 5 баллдан төмен, тек төбелерде ғана сақталған. Бұл туралы «Қазгидрометтің» апта сайынғы гидрологиялық болжамында айтылады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында қар жаппай еріді. Ақмола және Қостанай облыстарының өзендерінде көктемгі су тасқыны кезеңінен өтті. Ал солтүстік Қазақстан облысында еріген судың көбеюі сәуірдің екінші жартысында басталып мамырдың бірінші жартысына дейін жалғасады  деп күтілуде.

Сондай-ақ, Қазгидромет мәліметі бойынша, 19 сәуірден бастап Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық антициклонның келуімен, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс облыстарда, ал  Қазақстанның оңтүстік облыстарында 20-21 сәуірде күн суытып, арты қарға ауысатын жауын-шашын болады деп күтілуде. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, жел күшейеді. Солтүстік облыстарда бұрқасын тұрып, түнде ауа температурасы 5-12 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 0-5 градусқа дейін түсіп, кей жерлерде 3-5 градус аяз болуы мүмкін.

Еске салып айтар болсақ, Қазақстанның оңтүстік облыстарында сәуірдің алғашқы онкүндігінде күздік дақылдар өне бастаған болатын.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.