Қазақстанда жаз мезгілі құрғақ болуы мүмкін

Қарағанды ​​облысындағы ең үлкен суармалы жер «Киров атындағы ПК» шаруашылығына тиесілі. Алайда мұндағы негізгі егістік алқаптар құрғақ жерлерде орналасқан, сондықтан фермерлер ылғалмен қамтамасыз ету мәселесіне өте мұқият қарайды. Шаруа қожалығының директоры Константин Скридоненко ElDala.kz порталының тілшісіне Орталық Қазақстан аймағындағы диқандардың алдағы маусым жайлы болжамдарын айтты.

Тақырыпқа байланысты оқуФермерлер маусым орташа болады деп болжауда

«Киров атындағы ПК» (Бұқар жырау ауданында орналасқан) алқаптарына алғашқы қар қараша айында жауды. Алайда, содан кейін ұзақ уақыт бойы жауын-шашын болмады, жауғанды жел құрғатып, ұшырып жіберді. Соның салдарынан кейбір егін алқаптары қыс бойы қарсыз жатты, бұл жағдай фермерлер арасында алаңдаушылық тудырды.

- Қыста топырақ 5 - 7 см деңгейіндегі ылғалмен қалды, - деді Константин Скридоненко. - Бұл өте аз мөлшер, жер құрғақ күйде қатып жатты. Ақпан-наурыз айларында қар жауғаны жақсы болды. Артынан жаңбыр жауды, сондықтан топырақ қатты және тығыз күйде болды. Алқаптардағы қар жамылғысы әртүрлі, бірақ барлық жерде 20 см-ге дейін қар бар. Көктемгі жауын –шашын мөлшері өте маңызды болмақ, сондықтан да барлығы алдағы уақыттағы күн райына байланысты.

Фотода: Константин Скридоненко

Наурыз салқын болды, бірақ сәуірде жағдай өзгере бастады.Алдағы уақытта күн тез жылынғатындықтан, қар жылдам еріп кетуі мүмкін. Еріген судың ағып кетуі ғажап емес. Жағдай бір аптадан кейін белгілі болады. Әзірге жердің тек жоғарғы қабаты ғана еріді және ол ылғалға қаныққан. Бірақ төменгі қабатында жер әлі де қатып қалған, сондықтан тұтастай алғанда топырақта қазір су бар.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қостанай фермерлері алқаптардағы қар деңгейіне  риза болуда

Фермерлер бұрын ауа –райын бақылап, салыстырып, әртүрлі болжамдар жасайтын. Алайда, қазір климат өзгеруде,сондықтан күн райын алдын –ала болжау мүмкін болмауда.

-Бұрын көзге көрінген белгілерге қарап, айтуға болатын. Мысалы 20 маусым мен 20 шілде аралығында қатты аптап ыстық болса, құрғақшылық келетінін ескертеді», - деді Константин Скридоненко. - Бұл мезгіл мол өнім алу үшін жаңбыр қажет болатын кезең. Халықтық белгілер бойынша алдағы маусым қолайсыз болады деп күтілуде. Бірақ дәл божам жасау мүмкін болмай тұр, сондықтан алдын –ала алаңдаудың қажеті жоқ, тек  күн райын бақылап, топырақтағы көктемгі ылғалды сақтап қалу үшін бар жағдайды жасаймыз.

«Киров атындағы ПК-да» осы маусымда өз малдарына жем беру үшін 3 мың гектарға арпа, 14 мың гектарға жұмсақ бидай егілді, сондай-ақ құрғақ жерлерге көпжылдық шөптер егуді жоспарлап отыр. Оның үстіне 650 гектар картоп пен 90 гектар сәбіз отырғызылатын болады.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазгидромет жаңа маусымдағы ауа –райының болжамын айтты

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазгидромет ауыл шаруашылық маусымына арналған ауа -райын болжап кеңес берген болатын. Синоптиктердің айтуынша, мамыр, маусым және шілде айларында жауын-шашын мен температура қалыпты деңгейде болады, ал тамыз жаңбырлы болады. Бұл болжамды қолайлы деп санауға болады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, ұзақ мерзімді болжамдардың дәлдігі өте күмәнді.

 

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.