Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Астықтың қымбаттауы барлық азық-түліктің бағасына әсер етеді
ҚР Үкіметі астық пен үн экспортына шектеуді дер кезінде дұрыс салды. Бұл туралы «Северное зерно» компаниялар тобының құрылтайшысы, Қазақстан астық одағының ресми өкіл Евгений Карабанов ElDala.kz журналистеріне берген сұхбатында айтты.
— Қазіргі кезде әлеуметтік қорғалмаған азаматтар үшін нан бағасының өсуіне атаулы өтемақы енгізе отырып, экспортты шектеу арқылы астық пен ұн бағасын ұстап тұрудан бас тарту керектігі туралы ұсыныстар айтылуда. Мен мұндай шешімге мүлдем қарсымын. Себебі: дағдарыс кезеңінде әр түрлі алыпсатарлық әрекеттер көбейеді. Бұл жағдай теңге бағамының төмендеуіне байланысты болды, ішкі баға мен экспорттық баға арасындағы үлкен айырмашылықтан туындады, қазір тоннасына шамамен 35 доллар. Елдегі ішкі бағалар өте тез өсе бастады. Мысалы бұл — ұн, нан, жарма, макарон, жұмыртқа, құс еті және ет, сүт өнімдерінің барлық түрлерінің бағасының көтерілуіне әсер етеді. Егер баға реттелмесе, Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық 19 түрінің бағасының өсуін өтеуіне тура келеді. Бұған ешқандай бюджет шақ келмейді. Атап айтсақ, тек қана нан бағасының өсуін өтеу үшін бір адамға 2000 теңге қаражат қажет, — деп атап өтті Астық одағының сарапшысы.
Сонымен қатар, егер барлық тауар сыртқа шығарылып, елдің өз қажеттілігіне жетпесе, азық-түлік қауіпсіздігі қиын болады. Ал азық-түлік қауіпсіздігі халықтың барлық топтары үшін өте маңызды, аталған қауіпсіздік негізгі азық-түлік өнімдерінің қол жетімді болуынан (физикалық және монетарлық) қалыптасады.
Евгений Қарабановтың айтуынша, елде экспортқа шектеу енгізу туралы шешім шығару бизнес-қауымдастықпен кеңескеннен кейін қабылданды. Аталған тараптар ай сайын елдегі астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің сұранысы мен ұсынысындағы айырмашылығын талқылап, сол мәліметтердің негізінде экспортқа квота беру туралы келісімге келді.
2020 жылдың сәуір айында жалпы бидай экспортына 200 мың тонна, ал ұн экспортына берілетін квота-70 мың тонна болды. Мамыр айында — 230 мың тонна азық-түлік бидайы, 20 мың тонна жемге арналған бидай, 150 мың тонна ұн болды. Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров маусым айында экспорттық шектеулер алынып тасталатындығы туралы хабарлады.
Азық-түлік бағытындағы бидайы мен ұн экспортына квота ішкі нарықта өнімді белгіленген баға бойынша сатуға кепілдеме қабылдаған компанияларға ғана үлестіріледі. Бұл жағдайда бидай мен ұнның экспорттық квоталар көлемі — 30% құрайды. Осы мәселе туралы Евгений Карабановпен болған сұхбатты осы сілтемеден оқуға болады.