Қазақстанда бидай мен ұнды экспорттаушылар анықталды

Қазақстан АШМ мамыр айында 3 және 4 сыныпты жұмсақ бидай мен ұн  экспортына  квота алған компаниялардың тізімін жариялады.

2020 жылдың мамыр айына бидайды сыртқа шығаруға квота алу үшін өтініш берушілердің тізімінде 13 компания кірді. Экспорттың жалпы көлемі 60 285,607 тоннаны құрайды, оның ішінде 43 678,100 тонна — 3 сыныпты бидайға және 16 607,507 тонна — 4 сыныпты бидайға беріледі.

Мамыр айында  ұн экспорттауға квота алған өтініш берушілердің жаңа тізіміне 122 компания енді. Экспорт көлемі-140 138,5 тонна, ішкі нарықта  кепілді жеткізу көлемі-42041,6 тоннаны құрайды.

Бидай мен ұн экспортына квота алған компаниялардың тізімімен АШМ сайтында танысуға болады.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.