Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда 1,7 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылық өнімдер егіледі
Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары Актөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс -Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарында жүргізілуде.
Дәнді дақылдар мен дәнді бұршақты дақылдар 906,9 мың га (жоспардан 6,2%), майлы дақылдар — 381,9 мың га (12,6%), көкөніс — бақша дақылдары және картоп — 198,8 мың га (44,5%), көпжылдық шөптер — 169,8 мың га (54,7%), мақта — 53,5 мың га (45,2%), қант қызылшасы-17,4 мың га (833%) жерге егілді.
Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 2020 жылы барлығы 18 498,8 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарынан жазды себу жоспарлануда. Оның 1674,8 мың га немесе 9,1% егілді.
Сонымен қатар, егін егу алдындағы дайындық жұмыстар республиканың 13 өңірінде өткізілуде, атай айтсақ, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік -Қазақстан және Түркістан облыстарында.
Қазіргі таңда 16313,7 мың га (108,1%) алқапқа ылғалдандыру жүргізіліп, 899,4 мың га (41,2%) - егіс алдындағы өңдеу-дайындау жұмыстары жасалуда.