Аграршыларға 390 мың тонна дизель отыны төменгі бағамен беріледі — Энергетика министрліг

Аграршыларға көктемгі егін егу жұмыстарын өткізу үшін 390 мың тонна дизель отыны төменгі бағамен беріледі. Бұл ақпаратты –Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ҚР үкіметінің отырысында хабарлады

 «Президенттің тапсырмасы бойынша, ауыл шаруашылығын өндірушілерге көктемгі егін егу жұмыстарын өткізу үшін 390 мың тонна дизель отыны төменгі бағамен бір литрі 165 теңгеге беріледі »,-деді Нұрлан Ноғаев

Тақырыпты оқу:Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)

Оның айтуынша, жақын күндері өткізілген ОПЕК+  жиналысында ағымдағы жылдың мамырынан бастап әлемдік мұнай өндіруді тәулігіне  9,7 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешімге байланысты, қазіргі уақытта 2020 жылға арналған мұнай өндіру жоспарын 90 млн тоннадан 84,5 млн тоннаға дейін азайту қарастырылып жатыр.

Айта кетсек, егін егу жұмыстарын жүргізу үшін 2,5 млн.т. тұқым дайындалды, оның  1 млн тоннасының сапасы тексерілді.  95% тұқымның сапасы жоғары, ал 47 мың тонна немесе 5% -ы кондицияланбаған тұқым болып саналады. Егіс науқанын қаржыландыру есебі:

  • Тұқым шаруашылығын дамыту саласына- облыстардың жергілікті  бюджеттерінен субсидиялауға 11,3 млрд теңге бөлу жоспарланған;
  • Шамамен  29,4 мың тонна тұқым және 838,7 мың дана элиталық көшеттер сатып алу- республикалық бюджет қаражатынан 2,5 млрд теңге бөлінді;
  • 480 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алу облыстардың жергілікті  бюджеттерінен 23,3 млрд теңге қарастырылған;
  • пестицидтерді сатып алу (15 млн литр) — пестицидтерді субсидиялауға жергілікті бюджеттен 31,4 млрд теңге қарастырылған. 
 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.