Шығыс Қазақстанда егін егу жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстан облысы аграршылары көктемгі егіс жұмыстарын бастады. Бұл туралы ақпаратты Қазақстан АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде  Шығыс Қазақстан облысында тұқым себу алдындағы топырақты өңдеу және ылғал беру жұмыстары жүргізілуде. Үржар, Зайсан және Тарбағатай аудандарында қазірдің өзінде дәнді дақылдар егілді.

Ағымдағы жылы ШҚО 1,3 млн гектар алқапқа егін егуді жоспарлаған:бұл былтырғы жылмен салыстырғанда  6,8 мың гектарға артық болып есептеледі. Жаздық бидай көлемі  1 млн 98 мың гектарды құрайды.

АШМ мәліметі бойынша, дәнді және бұршақты дақылдар 559,3 мың гектарға (жалпы егіс алқабының 41%), майлы дақылдар 481 мың гектарға (35,1%) егіледі. Майлы дақылдардан күнбағыс көбірек отырғызылады-445 мың гектардан астам.

Бұдан басқа, егіс алқабының 292 мың гектарға жуығы мал азығына арналған дақылдар отырғызылатын болады.

Сонымен қатар,  19 мың гектарға картоп, 16 мың гектарға көкөніс пен бақша дақылдары егіледі. Бұл ШҚО-дағы барлық егіс алқабының 2,5%-ын  құрайды.

«Биылғы жылы көктемгі егіс жұмыстарын 2,5 мыңнан астам ірі және орта шаруашылықтар жүргізуде. Егіс жұмыстарын өткізу үшін  Павлодар МХЗ — дан 30 мың тонна дизель отыны бөлінді. Наурыз айына 8 мың тонна, сәуір айына 9 мың тонна, мамыр айына 8 мың

тонна, маусым айына 5 мың тонна берілетін болады. Қалалар мен аудан әкімдіктері отынды беретін операторларды  анықтайтын болады»,- деп хабарлады АШМ.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен субсидия түрінде аграршыларға 5,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде тұқым шаруашылығын қолдауға – 2,7 млрд теңге, минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға — 1,7 млрд теңге және пестицидтерді арзандатуға тағы 1,4 млрд теңге бөлінді. Аграрлық несие корпорациясы арқылы егіс науқанын қосымша қаржыландыру үшін фермерлерге 2,4 млрд теңгеден астам жеңілдік пайызбен берілетін болады.

Өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарына 16,6 мың трактор, 5 мыңнан астам жүк көлігі, 93 егіс кешені, 11 мыңнан астам тұқым сепкіш, соқалар мен культиваторлар қолданылады. Керекті техникалар — 100%, ал тракторлар 98% дайындалған.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.