Ақтөбеде компания 200 тоннадай мұздатылған сиыр етін Қытайға экспорттады

KTZ Express (ҚТЖ ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны) Ақтөбеден Қытайға тоңазытылған контейнерлерде 200 тонна сиыр етін жөнелтуді ұйымдастырды. Бұл туралы railnews.kz ведомстволық басылымы хабарлады.

«Ақтөбе ет кластері» ЖШС-нің мұздатылған ет өнімдері 4 маусымда сегіз тоңазытылған контейнерге салынып жөнелтілді. Төрт күннен кейін 197 тонна сиыр еті Қытайға жеткізілді.

«Агроөнеркәсіптік саладағы қазақстандық өнімдерді Қытайға экспорттау көрші елмен  сыртқы сауда байланысының ең перспективалы бағыттарының бірі болып табылады және теміржол арқылы тасымалдау теңіз көлігімен салыстырғанда едәуір тез жетеді. Мұздатылған өнімдерді тоңазытылған контейнерлерде жеткізу қызметіне деген сұраныстың өсіп жатқанын байқаймыз. Болашақта біз Қазақстан-Қытай бағыты бойынша ай сайын жоспарланған тасымалдауды ай сайын 20 контейнерге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді «KTZ Express» АҚ басшысы Дмитрий Абдуллаев.

KTZ Express қазақстандық агроөнеркәсіптік сектордың тауарларын экспортқа жеткізуді қамтамасыз ететін мекеме. Олар салқындатылған контейнерлерде азық-түлікті тұрақты түрде тасымалдауды ұйымдастыру үшін көліктік-логистикалық жобаны жүзеге асыратын компания болып табылады.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.