СҚО-да сүт кластерін ұйымдастыру жоспарлануда

Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында үш жаңа сүт фермасы салынады. Жаңа жобалар жайында  облыс әкімі Дархан Амрин Facebook –те жариялады.

«Екі айдан кейін  цифрландыру циклы бар 400 бас малға арналған заманауи сүт фермасы салынады. Бүгін Арықбалық ауылының жанында орналасқан «Арна» шаруа қожалығында ферманың қабырғасы қаланып, едені төселіп жатыр. Керекті жабдықтар орнатылуда. Құдықты энергиямен қамтамасыз ету үшін күн панельдері орнатылады», - деп жазды әкім.

Облыс басшысының хабарлауы бойынша, биыл Айыртау ауданындағы Арықбалық және Антоновка ауылдарында екі сүт фермасын пайдалануға беру жоспарланған. Аталған жобаның серіктесі - Садовое ауылында орналасқан «Milk Project» зауытының директоры Валерий Маначинский. Бұл фермаларды  қаржыландыру мемлекеттік қолдау аясында жасалуда.

«Бөлінетін ақшаның жартысы СҚО-дағы ӘКК арқылы 10 жыл мерзімге жылдық 2% мөлшерлемемен  беріледі (бұл жол СҚО-да ғана қолданылады). Ал екінші жартысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 6% деңгейінде қаржыландырылады», - деді Дархан Амрин.

Сонымен қатар, басқа да фермалардың құрылысын қаржыландыру мәселесі шешілуде. «Біз Қаратал ауылының маңында 300 бас малға арналған үшінші МТФ құрылысын бастаймыз. Жақын күндері 6% -бен берілетін несиені мақұлдау процесі аяқталады. Бұл Айыртау ауданында сүт кластерін құрудың алғашқы қадамдары», - деп сөзін түйіндеді аудан әкімі.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.