Ақмола облысында ет бизнесінің кірісі 40%-ға артты

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мамандары ауылшаруашылық кооперативін құру жөніндегі пилоттық жоба кезінде әр бұқадан түсетін таза кірісті 35-40% -ға арттыруға көмектесті. Алынған көрсеткіштер  жеке қосалқы шаруашылықтардағы  бордақылау нәтижелерімен салыстырылды.

 

Алғашқы жобалар

Ақмола облысы Степногорск қаласының жекелеген ауылдық округтері бойынша, «Жеке қосалқы жер учаскелерінің пайдалылығын арттыру» атты  жобасы 2019 жылдың қыркүйегінде басталды. Оны  Қазақстан Республикасының бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі (1998-1999), қазіргі уақытта ҚазАТУ-дың сарапшысы Төлеухан Нұркияновтың жетекшілігімен жүзеге асырылатын болады.

Тақырыпты оқу:  Қазақстандағы сұранысқа ие ЖОО аталымы бойынша ҚазАТУ ІІ орынды иеленді

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы ҚР Ауылшаруашылық министрлігі Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын ұсынған кезде жеке шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру қажеттілігі туралы айтқан болатын. Оның негізгі мақсаты ауылшаруашылық кооперациясын мемлекеттік тұрғыда қолдау болды. Мысалы, жеңілдетілген несие беру жоспарланған, ауылдарда өңдеушілерге  шикізатты  жинау үшін жылжымалы сүт жинау пункттерін сатып алу қарастырылады.

Алайда, көп ұзамай бағдарлама тоқтап қалды, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы өзгеріп, мемлекеттік қолдау басқа мақсаттарға бағытталды.

«Біздің университет ғалымдарының жүргізген талдауы көрсеткендей, әзірленген шаралардың негізгі кемшіліктері - бұл үстірт жасалған жұмыстар  және тұрғылықты жерден, жағдайдан оқшаулау болғандық, сондай-ақ бар проблемаларды шешуге кешенді көзқарастың болмауы себеп болып отыр», - деді Төлеухан Нұркиянов. - Нәтижесінде ынтымақтастық идеясы жақсы еді. Мысалы, мал шаруашылығымен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардың ынтымақтастығын алайық. Сүт кооперативтерін құрудың арқасында сүт өндірісін арттырып, оның сапасын жақсарту керек. Алайда қателік - сүттерді салқындату және сату мәселесін шешуге, кооперативтерді сүт жинаудың шағын пункттерімен қамтамасыз етуге көңіл бөлінген. Шын мәнінде, басты қиындық малды азықпен қамтамасыз етудің осалдығында жатыр: жеке шаруа қожалықтары жазда жайылымдардың жетіспеушілігінен және жем-шөп аздығынан зардап шегуде. Осыған байланысты мал иелері жемшөпті нарықтық бағамен қымбат сатып алуға мәжбүр, мұндай жағдайда олардың қызметі тиімсіз, пайдасыз болып табылады.

Соныман қатар сарапшының пікірінше, жеке қожалықтарда  заманауи технологиялар қол жетімсіз және өнімді өткізу қиын.

Екінші мүмкіндік

Соған қарамастан, билік ауылшаруашылық кооперациясын ұмытпады, өйткені шындығында - Қазақстандағы ет пен сүттің 70% -ы жеке шаруашылықтарда өндіріледі.

Сондықтан 2020 жылдың 11 мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында тағы да жеке шаруашылықтардың мүмкіндігіне назар аударды.

- Қазақстанда 1 миллион 700 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылықтар бар. Алайда, олардың өнімдері сауда нүктелері арқылы ресми сатылмайды және қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізілмейді. Мемлекет олардан салық алмайды, мұндай шаруашылықтарда жұмыс істейтіндер іс жүзінде әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған. Мен Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ауылда «алқаптан дүкен сөресіне дейін» бағытындағы ынтымақтастық тізбегін дамыту бойынша пилоттық жобаны іске қосуды тапсырамын. Содан кейін аталған жобаны кеңейтіп тарата аламыз. 2021 жылдың ортасына қарай аталған Бағдарламаны толыққанды жасай аламыз. Бұл ауылдың 2 миллионға жуық тұрғынының кірісін арттыруға, отандық ауылшаруашылық кәсіпорындарының жүктемесін 53-тен 70% -ға арттыруға және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің импортын азайтуға мүмкіндік береді, - деді Мемлекет басшысы.

Билік кооперативтерге ауыл тұрғындары арасында өтімді кепілзаттың жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін «Даму» қорының кепілдік құралдарын қолдана отырып, «ҚазАгро» арқылы жылдық 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беруге уәде береді.

Дайын жұмыс

ҚазАТУ бұл жұмысты үлкен үмітпен бастады, өйткені өткен жылы университет сиыр өсіруге мамандандырылған ауылшаруашылық кооперативін құру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Оның бірінші кезеңі аяқталды, ал нәтижелері көңіл қуантады.

Тақырыпты оқу: ҚазАТУ-да жылқы етінен жасалатын жаңа тағам түрі ойлап табылды

«Пилоттық» жобаның мақсаты елде бар проблемаларды шешуге көмектесу болды (жердің жетіспеуі, біліктіліктің жеткіліксіздігі, техника мен жабдықтардың жетіспеушілігі). Табылған шешім бойынша, «шоғырлану» моделін қолданылатын болды. Яғни барлық қажетті инфрақұрылым, оның ішінде жайылымдар мен шабындықтар бар ферма төңірегінде жеке шаруашылықтарды біріктіру болды.

-«Басқаша айтқанда, бұл модель бойынша жаңадан құрылған кооперативте алғашқы күннен бастап барлық қажетті материалдық-техникалық базасы болады», - деді Төлеухан Нұркиянов. - Бұл ынтымақтастық моделімен салыстырғанда жобаның артықшылығы болып табылады.

«Шоғырлану» шаруашылығының міндеті - кооператив мүшелерін жеммен қамтамасыз ету, малды жаюда жайылымдық жер беруге көмектесу, сондай-ақ малды асыл тұқымды малмен алмастыру. Сонымен қатар, қызмет көрсетудің құны нарықтық бағадан әлдеқайда төмен және кооператив мүшелерімен келісілген болады.

«Пилоттық жобаның» артықшылығы

Жоба 2019 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қаржылық қолдауымен басталды. Қысқа мерзім ішінде серіктестік ферманың қолда бар қора-жайларын аз шығындармен 1000 бас ІҚМ бордақылау алаңы ретінде қайта құрды. Серіктестік фермамен бірге кооперативке қызмет көрсету үшін жеткілікті қуаттылығы бар бірыңғай технопаркті құру мақсатында жемшөп техникасы мен жабдықтарының бір бөлігі сатып алынды.

Сонымен қатар, жоба бойынша Ақмола облысының 13 ауылының тұрғындары арасында үлкен насихат жұмыстары жүргізілді. Әрине, күзде акцияның көп бөлігі сатылып кетті. Бірақ қыста кооператив мүшелері бордақылауға 150-ден астам бұзауларын тапсырды. Биыл жайылымда 200-ден астам сиыр мен бұзау бар.

«Қысқы кезеңде кооператив мүшелеріне нарықтық бағадан жарты бағамен 50 тонна жем және 150 тонна шөп сатылды», - деді Төлеухан Нұрқиянов. - Бұл бізге ауыл тұрғындарының шығындарын едәуір азайтуға және бордақылау сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Алғашқы нәтижелер жеке үй қожалықтарындағы мал басымен салыстырғанда кірістің 35-40% артқандығын көрсетті. Кооперативке қатысуға деген сенім артты.

Тікелей міндет - жобаның екінші кезеңін іске қосу. Оның мақсаты - сиырларды жыл бойы қорада ұстайтын кооперативті сүт фермасын құру. Сонымен қатар мал шаруашылығы кооперативтің әр мүшесінің меншігі болып қала береді. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме мен бизнес-жоспар жасалуда.

«Ынтымақтастықты дамыту мемлекеттік қолдауды қажет ететіні айқын», - деді Төлеухан Нұрқиянов. - Осы уақытқа дейін бізде бұл үшін заңнамалық база жоқ. Бүкіл әлемде кооперативтер көптеген артықшылықтарға ие. Жеке меншік қаруашылық қызметін реттейтін заңнамалық база жоқ. Сондықтан, біз ел Президенті айтқан мамандандырылған бағдарламаның пайда болатынына үмітпен қараймыз.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.