Жамбыл облысының омарташылары сыртқы нарыққа шығу үшін бірігуде

Жамбыл облысындағы омарташылар қауымдастығы белсенді түрде бірігіп, кеңеюде. Жақында дәстүрлі түрде өтетін «Алқап күні» семинарында аталған саланы дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Жамбыл облысының ара өсірушілер қауымдастығы құрамында 200-ге жуық кәсіпорын бар. Бал өнімдері көлемінің артуы және жаңа нарыққа шығу қажеттілігі жамбылдық омарташыларды біріктіруде.

Атап айтсақ, бір кездері Қордай аумағында үш ірі ара шаруашылығы өндірушілерін біріктірген «Аратау» ара шаруашылығы кешені жұмыс істеген болатын. Ара өсірушілер шетелдік нарыққа шығу үшін үлкен көлем қажет екенін түсінеді. Алайда, ара өсірушілердің көпшілігі шағын көлемде ғана бал өндіруіне байланысты әлі күнге дейін нарыққа көп мөлшерде бал ұсына алмай отыр. Егер бірнеше бал өндірушілер бірігіп, лизингке жабдық сатып алу кезінде мемлекет тарапынан қолдау алса, онда өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Қазіргі уақытта облыста 216 омартада 78630 мың ара бар. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Амановтың айтуынша, тек 60- тай ғана омарта арнайы тіркелген және мәліметтер базасында көрсетілген. Осы себептен өндірілген балды өткізу және өсіру туралы ақпарат жоқ, ара өсіру үшін жем берілмейді, ара аурулары қарастырылмайды.

Аталған кездесу барысында шаруа қожалықтарын тіркеу мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылып, мал шаруашылығын дамыту аясында субсидия төленетіні айтылды. Оңтүстік-Батыс ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастық орнатылды, ара  тұқымдары сатып алынды.

Биыл 5 мың араның түрін асылдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, жабдықты лизинг арқылы сатып алуға болады. Микрокредиттік ұйымдар арқылы және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңілдікпен пайыздық мөлшерлемемен несие алуға болады. Алайда, ара өсірушілердің бәрі бірдей лизинг шарттарымен келісе бермейді.

«Егер жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетсе, Жамбыл облысындағы ара өсірушілер жылына 500 тоннадан астам бал өндіре алады. Бұл үшін бізге бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге лизингке жабдық алу қажет », - деді  «Альфа» шаруа қожалығының басшысы Бахром Нұралиев.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.