Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанның аграрлық державаға айналуына қандай кедергілер бар
Соңғы 10 жылда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені елдің ЖІӨ-дегі үлесі 5% -дан аспайды, ал 2019 жылдың аяғында ол 4,4% -ды құрады. Бұл көрсеткіш алып табиғи ресурсы бар, яғни жайылымдық жерлер мен егістігі бар кеңбайтақ ел үшін өте аз мөлшерді құрайды. Аталған саланың дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемаларды талқылау үшін Қазақстан пресс-клубы 21 мамырда өтетін онлайн-кездесуге үш сарапшыны - Сергей Терещенко, Алмасбек Садырбаев және Ербол Есенеевті шақырды.
Жерсіз және ақшасыз
Қазақстан Үкіметі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың үш бағдарламасын әзірледі. Алайда олардың ешқайсысы қойылған мақсатқа жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан 2017-2021 жж.бағдарламасы жүзеге асқан жоқ. Оның қорытындысын жақын уақытта шығару керек, алайда еңбек өнімділігі мен өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру міндеті әлі орындалған жоқ.
-Бұл салаға үлкен қаражат құйылуда, бірақ нәтиже айтарлықтай емес, - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының агроөнеркәсіп кешені бойынша кеңесшісі Ербол Есенеев. - Бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі бойынша біз көршілерімізден де артта қалып отырмыз. Бізде 400 доллар, орыстарда - 1000 доллар, өзбектерде - 1500 доллар тұрады. Қазір агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға серпін беру үшін мемлекет тарапынан кімге қолдау көрсетілуі керектігі талас тудыруда, үлкен немесе ұсақ шаруа қожалықтарына қандай жәрдем керек деген пікірталастар туындауда. Сонымен, ішкі және сыртқы нарықта
сұранысқа ие жоғары рентабельді өнім шығаруға күш жұмылдыратын өндіріс құнын төмендету үшін жұмыс істейтін тиімді қолдау қажет деп санаймын.
Жалпы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын тежейтін факторларға келетін болсақ, олар белгілі. Біріншіден, бұл көптеген фермерлер үшін жер ресурстарының қол жетімді болмауы, өйткені осы уақытқа дейін жер учаскелерін бөлу ашық түрде жүргізілмейді, көбінесе тек жергілікті әкімдердің қалауы бойынша өткізіліп жатады. Ауылшаруашылық жерлерін көрсететін мәліметтер базасы жасалмаған, жерді жалға алу туралы мәліметтер жоқ, алдағы алып-сатулар туралы ақпараттар жариялануы керек.
Тақырыпты оқу: Сергей Ерин: Фермерлер ҚазАгроның кепілдік саясатынан зардап шегуде
Саланың дамуына кедергі келтіріп отырған факторлар- фермерлер үшін несиенің қол жетімсіз болуы.
«Мысалы айтар болсақ, екінші деңгейлі банктердің соңғы бес жылда ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі екі есеге азайған», - деді Ербол Есенеев. - «ҚазАгро» квазимемлекеттік холдингі несиелендіруді ұлғайтып отыр, бірақ бұл жеткіліксіз. Мұнда нарықтық инвестициялауды пайдалану қажет.
Деградация жүйесі
Өкінішке орай, Қазақстан ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасын іске асыра алмады, аталған салаға бірнеше миллиардтық қаржы жұмсалса да, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыра алмады. Бұл салада шамалы ілгері жылжу байқалды, бірақ сыртқы нарықтарға шығу көлемі аз, жеткіліксіз, өйткені сатып тұрақты сатып алушылар қажет.
Алмасбек Садырбаев «Sholpan-ata» қой өсірушілердің ұлттық қауымдастығының төрағасы мал шаруашылығының дамуына кедергі келтіретін мәселелерге тоқталып, ойын айтты:
- Мал шаруашылығында дайын өнімді алу үшін үш факторды біріктіру қажет: инфрақұрылым, асыл тұқымды мал және жемшөп», - деді ол. - Алайда, қазіргі уақытта біздің елімізде асыл тұқымды мал мүлдем жоқ деуге болады, жем тапшылығы бар, инфрақұрылымда да проблемалар бар, мемлекет бұл жағдайларға назар аударуы тиіс. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бізге ауылдық жерлердегі жолдар мен электр энергиясы қандай қажет болса, өнімді көтерме тарату орталықтарының желісі де сондай қажет деп дұрыс айтты. Саланы дамыту үшін жүйелі жұмыс жасап, құрылымдық тұрғыдан қарау керек. Біз «Шетелден асыл тұқымды малды әкелейік, бірақ мұнымен іс бітпейді». Бұл мәселені шешпейді, өйткені бізде жем, техника, жабдық және басқа да мәселелер бар.
Тақырыпты оқу: Қазақстан асыл тұқымды ІҚМ басын үш есеге дейін арттыру керек
Алмасбек Садырбаев инфрақұрылымды дамытуда мемлекет шешуші рөл атқаруы керек деп санайды. Қазақстанның 70% жеке шаруа қожалықтары қамтамасыз етуде, алайда олардың жолдарды жөндеуге қаражаттары жетпейді, жайылымдарды суғаруға арналған құдықтар салу сияқты негізгі мәселелерді шеше алмайды. Бұл жерде мемлекеттік қолдау қажет. Сондай-ақ, күштер біріктіретін кооперацияларды дамыту керек, кейбір мәселелерді шешуге кірісу үшін ынтымақтастықты дамыту қажет.
«Инфрақұрылым мәселесін мемлекет шеше алады», - деп атап өтті Алмасбек Садырбаев.
Азық-түлік тепе-теңдігінің болмауы
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі (1991-1994 ж.) Сергей Терещенко, қазір ҚР Ұлттық омарташылар одағының басшысы ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және оны өткізу мәселесіне назар аудару қажеттігін айтқан болатын. Өсірілген өнімді сату жеке шаруашылықтар мен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін өте маңызды шарт болып табылады.Осындай жағдайға мысал ретінде ол Түркістан облысының алқаптарында қажетсіз болған 300 мың тонна қырыққабат мәселесін айтты.
«Үкімет осы істі жабу үшін 2 миллиард теңге бөлуге мәжбүр болды», - деді Сергей Терещенко. – Осы қырыққабатты қалаларға әкеліп, тегін тарату ешкімнің ойына келмеді. Жеке шаруашылықтар туралы не айтуға болады? Бүгін мен ауылды аралап шықтым, әр отбасында шағын бау- бақшалар бар, кейбір адамдарда гектар-гектар жері бар. Бірақ онда ешкім ештеңе өсірмейді. Өйткені олар өсірген өнімдерін сата алмайтындарын біледі.
Таңқаларлық жағдай, өйткені Қазақстанның өз азық-түлік қауіпсіздік мәселесі шешілмеген. Мұны түбегейлі өзгерту қажет, өйткені Қазақстанның әлеуеті-мүмкіндігі оған өз халқын азық-түліктің барлық түрлерімен толық қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азияны азық-түлікпен қамтамасыз етуге, Қытай мен Еуропаны тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.
«Біз жыл сайын 3,6 миллиард долларлық азық-түлік импорттаймыз, дегенмен импортталатын барлық тауарлардың 1,5-2 миллиард долларын өзіміз өндіре аламыз», - деді Ербол Есенеев. - Әрине, статистика көрсеткендей, 10 жыл ішінде біз негізінен өсімдік шаруашылығы есебінен экспортты 1,5 миллиардтан 3 миллиард долларға дейін арттырдық. Тағы да, біз шикізатты экспорттаймыз және жоғары құны бар дайын өнімді импорттаймыз. Яғни, егер біз импорт пен экспорт бағаларын салыстырсақ, шикізатты тоннасына 200 доллардан, ал дайын өнімді 1000 доллардан импорттаймыз. Мұндай баға алшақтығының болуы дұрыс емес.
Мұнайдың орнына
Қазақстан халқының 43% -ы (7 млн. астам адам) ауылдық жерлерде тұратындығына қарамастан, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге тек 1,2 млн. адам қатысады. Тағы 100 мың адам тамақ өнеркәсібімен айналысады.
Табиғи ресурстар ғана емес, сонымен бірге адам күші де жеткілікті екендігін білеміз. Жақын елдерге сатуға болады: 1,5 миллиард адамы бар Қытай мен Үндістан, 1 миллиард халқы бар Арабияның Шығысы, Еуропаның 200 миллион адам бар, сондықтан бізде ішкі сатып алу жүйесін де, экспортқа сату жүйесін де құру керек, өйткені оның жоқтығы - Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын тежейтін тағы бір фактор болып табылады.
- Бізде халықаралық стандарттарға сай тамаша тағамдар бар. Мұның бәрін сату керек, - деді Сергей Терещенко. - Қазір мұнай бағасы құлдырап бара жатқан кезде, біз шикізат экспортын қалай алмастыра алатынымызды ойластыруымыз керек. Біз оны ауылшаруашылық өнімдерімен алмастыра аламыз. Ол үшін бізге алдағы екі-үш жылда маркетингтің, тауарды өңдеудің және сақтаудың, сатудың жүйесін құру қажет.
Тақырыпты оқу: Қазақстанның тағы бес елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар-Есенеев
Үлгі ретінде ол Асқар Мырзахметов ауылшаруашылық министрі (2016-2018 жж.) кезінде қайта жандандыруға, қалпына келтіруге тырысқан біртұтас «Қазпотребсоюз» жүйесін алуды ұсынды. Ол үшін көкөністерді, жемістер мен жидектерді өңдейтін қоймалар мен цехтарды пайдалану қажет деп санайды.
-«Қазақстанның қазіргі жаңа жағдайда өмір сүру стратегиясы өзін және көршілерін тамақтандыратын агроөнеркәсіптік державаға айналуға септігін тигізуі керек», - деп қорытындылады ойын Сергей Терещенко.