Қазақстан осындай тағы бес елді қамтамасыз етуге мүмкіншілігі бар — Есенеев

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы қорының көрсеткіштеріне қарасақ, еліміз басқа мемлекеттерді де азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екендігін көреміз. Мұндай пікірді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының агрөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңесшісі Ербол Есенеев ElDala.kz — ке берген сұхбатында айтты.

«Біздің астық пен ұн мөлшеріне қараңыздаршы, еліміз көлемі біздің жеріміздей болатын тағы бес елді азықпен қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Бізде дақылдар да, ет, жұмыртқа өімі де… жеткілікті. Тек қана осы салаларды дамытуымыз керек», деп санайды сарапшы.

Атап айтарлық жағдай, сарапшылардың ойынша біздің еліміз жылына 2 млн тонна ұн тұтынады. Биылғы жаңа егісті жинауға алты айдай уақыт қалғанын ескерсек, шамамен 1 млн тоннадай ұн керек.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 16 наурыздағы жағдай бойынша республикада 10,2 млн тонна астық, 8 млн тонна бидай қоры бар. Бұл мөлшер келесі жыл басталғанға дейін елді қамтамасыз етуге жетеді. 16 наурыздағы есеп бойынша экспортқа шығарылатын астық мөлшері 3,1 млн тонна, оның 2,7 млн тоннасы бидайды құрайды. Ал 1,3 млн тонна астық артылуы тиіс.

Тақырыпты оқу: қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда

«Қазіргі уақытта жағдай сағат сайын өзгеріп тұр, майданнан келетін мәліметтер тәрізді, деді сарапшы. Аграршыларды толғандыратын мәселе, үкіметтің тоғыз түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығаруға тыйым салуы болып тұр. Үкіметтегі жағдайды да түсінуге болады. Ең бастысы елді азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бірақ бұл мәселе бұрын да бірнеше рет  көтерілген еді, оған ешкім мән бермей келген», — деді Ербол Есенеев.

Айта кетсек, үкімет 22 наурызда аса қажет азық — түлік түрлерін, соның ішінде ұнды сыртқа шығаруға  тыйым салған. Бірақ елдегі ұн өндірушілер осы мәселеге байланысты пікірлерін айтқанда, олардың сөздері дәлелсіз деп,  сынға ұшыраған еді.
30 наурыздағы үкіметтің шешімімен  ұнды шығаруға қойылған тыйым өзгертіліп, астық пен ұнға квота бөлінетін болды.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.