Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Павлодар облысында ірі қара малдан құтыру ауруы шықты
Павлодар облысында Ақсу қаласының маңындағы Пограничник ауылында «Ислам» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малда қауіпті инфекцияның анықталуына байланысты шектеу шаралары қабылданды. Аталған қаулыға 11 тамызда Достық ауылдық округінің әкімі қол қойды.
«Ірі қара малда құтыру ауруының анықталуына байланысты Достық ауылдық округі, Пограничник ауылында «Ислам» шаруа қожалығының аумағында шектеу шаралары белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын» деп жазылды қаулыда.
Сиыр малының құтыруы - бұл жүйке жүйесіне әсер ететін жедел инфекциялық ауру. Үйде ұстайтын малдар, жабайы және ауыл шаруашылық жануарлар, сонымен қатар адамдар бұл індетпен ауруға бейім келеді. Көбінесе арты өлімге әкеліп соғады.
Бұрын хабарланғандай, 2020 жылы ветеринарлық зертханалар жануарларды аса қауіпті 19 ауруға қарсы вакциналау үшін 150 миллионнан астам манипуляциялар өткізуді жоспарлап отыр.