Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстан ғалымдары асыл тұқымды бұқалардың өсімталдығын арттыруға арналған биоқоспаға патент алды
«Асыл түлік» республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығы орталығының ғалымдары бұқа дернәсілінің гомогенаты негізінде жасалған табиғи биоқоспаны қолдану арқылы асыл тұқымды бұқалардың биоматериалының сапасы мен көбею қабілетін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеуді сәтті аяқтады. Әзірлемеге патент алынды, деп ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ғылыми жұмыс барысында мамандар биоқоспаның асыл тұқымды бұқалардың репродуктивтік көрсеткіштеріне әсерін зерттеді. Нәтижесінде әзірлеменің жоғары тиімділігі дәлелденді, атап айтқанда, биоматериал сапасы мен оны пайдалану тиімділігі 30%-ға, ал жануарлардың көбею қабілеті 10%-ға артқаны анықталды.
Алынған «түйіршіктелген гомогенат» биоқоспасы толықтай табиғи және экологиялық таза өнім. Бұл оның заманауи мал шаруашылығы үшін болашағы зор шешімдердің бірі екенін дәлелдейді
Әзірлеменің ғылыми маңызымен қатар, сала үшін тәжәрибелік құндылығы да жоғары. Оны қолдану асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін жақсартуға, сонымен бірге елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, биоқоспаның коммерциялық әлеуеті де жоғары және оны технологияны енгізу жөніндегі келісімдер аясында отандық тауар өндірушілермен бірлесіп өндіруге болады.
Зерттеу нәтижелерінің Q1–Q3 деңгейіндегі халықаралық журналдарда жариялануы қазақстандық ғылыми мектептің деңгейінің жоғары екенін және жобаның халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалғанын көрсетеді.