Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Ет өндірісімен айналысатын кәсіпкерлер ет өңдеудің әр түрін жасау үшін субсидия бөлінуін сұрауда
Ет өндірісімен айналысатын кәсіпкерлер ет өңдеудің әр түрін жасаумен айналысуға дайын, бірақ мемлекеттің қолдауын қажет етеді. Бұл туралы Шымкент қаласының Қаратау ауданы фермерлер одағының төрағасы Тахирбек Нышанбаев хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Шымкентте құс фабрикалары мен ет комбинаттары өкілдерінің кездесуі кезінде етті кеңінен өңдеу тақырыбы көтерілді, онда АӨК-ті субсидиялаудың жаңа тәсілдері талқыланды.
Тахирбек Нышанбаевтың айтуынша, кәсіпкерлер субсидияларды тек асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлгендігіне наразы, себебі мұндай асыл тұқымды ірі қара мал өсіруге оңтүстік өңірдің климаты қолайсыз. Жаздың ыстық күндері асыл тұқымды мал ауа-райына шыдамайды ал бұл малдардың әрқайсысы аз ақша тұрмайды, кем дегенде бір мал -2 300 еуроға сатып алынады, бұл ақшаға жергілікті жердің төрт малын сатып алуға болады.
«Біздің аймақтағы малдың 90% - ға жуығы асыл тұқымды емес, ал бұл малды қайда жібереміз. Асыл тұқымды малды біз 20-30 бастан сатып аламыз. Біздің қаладағы басты мәселе мал бағатын жайылым жер жоқ. Сондықтан Шымкентте барлық шаруашылықтар қорада мал ұстау шаруашылығымен, яғни тек мал бордақылаумен айналысады. Асыл тұқымды мал шаруашылығына бөлінген қаражат игерілмейді», ― деді фермерлер одағының төрағасы.
Сондай-ақ, ет өндірушілер мемлекет тарапынан ынталандыру шаралары болса, етті одан да кең түрде өңдеумен (шұжық өндірісі) айналысуға қарсы емес екенін атап өтті.
«Біз шұжық өндірушілерге субсидия бөлінгенін қалаймыз. Бізде мүмкіндіктер бар, бірақ бізге мемлекеттің қолдауы қажет. Егер шұжық өнімдерін шығаратын болсақ, біз оларды сата алмаймыз, себебі біздің елге Бішкек, Белоруссия және Ресейден импорт келіп түседі. Біздің баға олармен бәсекелес бола алмайды. Сонымен қатар, біз шеттен келген шұжықтардың неден дайындалатынын білмейміз және олар не себепті арзан екендігін де түсінбейміз. Отандық өндірушілерді қолдау керек», - дейді кәсіпкерлер.
Бұл кездесу барысында кәсіпкерлер ірі қара мал еті мен жұмыртқаға субсидия алынып тасталтындығымен келіспейтіндіктерін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, ҚРАуыл шаруашылығы министрлігі құс шаруашылығындағы жұмыртқаға тауарлық субсидияларды алып тастайтындығын мәлімдеген, себебі аталған сала өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жеткен.