KazBeef медициналық мекемелерге 80 тонна сапалы сиыр етін үлестіреді

#KustoHelp Қайырымдылық Қоры COVID-19 індетіне байланысты дәрігерлер мен науқастарға көмек көрсетудің жаңа түрін жариялады. Аталған мекеме бүкіл Қазақстан бойынша медициналық мекемелерге 80 тонна жоғары сапалы сиыр еті үлестіреді.

20 тонна еттің алғашқы партиясы қазірдің өзінде Алматыға жеткізілді, өнім қаланың 19 медициналық мекемелері арасында таратылуда, ал болашақта облыстың мамандандырылған мекемелеріне жеткізіледі.Алғашқы аптада 2500-ден астам емделуші мен 2700 медициналық қызметкерлерді қамту жоспарланған.

Компанияда атап өтілгендей, KazBeef  еті негізінен Бурабай төңірегіндегі экологиялық таза аудандарда өсірілетін ангус және герефорд сиырлардың асыл тұқымды. Аталған ірі қара мал етінде антибиотиктер, өсу гормондары жоқ және азық-түлік қауіпсіздігінің қатаң стандарттарына сәйкес келеді.

Мамандардың пікірінше сиыр етін тұтыну адамның иммунитетін тез қалпына келтіруге ықпал етеді. Ет В дәрумендеріне, Е, К және РР дәрумендеріне, сонымен қатар маңызды минералдарға - магний, марганец, калий, мыс, темір, мырыш, натрий, селен және кальциге бай.

KazBeef - Қазақстандағы сиыр етінің №1 өндірушісі. Аталған компанияның өнімдері  генетикалық тұрғыдан жақсы, жоғары сапалы жемдермен азықтандырылған малдар, сиырлар шөбі шүйгін жайылымда өсіріледі. Өнімнің негізгі артықшылығы - FSSC 22000 халықаралық қауіпсіздігіне сай және сапа бақылауына сәйкес келеді.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.