Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында шошқа саны 20,2 мыңға дейін көбейді
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасында шошқа саны 842,4 мыңға жеткен, бұл көрсеткіш 1 қаңтардағы 822,2 мыңмен салыстырғанда 20,2 мыңға артық болып есептеледі.
Сонымен қатар былтырғы 2019 жылдың 1 наурызында 827,3 мың шошқа болған, сөйтіп бұл сан 15 мыңға артқан.
Шошқа саны республиканың тоғыз облысында өскендігі байқалады.
Әр өңірдегі шошқа санының өсуі төмендегідей:
- Ақмола: 101,6 мығнан 111,9 мың басқа дейін;
- Ақтөбе: 58,4 мыңнан 61,7 мыңға дейін;
- Алматы: 53,6 мыңнан 56,8 мыңға дейін;
- Жамбыл: 20,9 мыңнан 22,7 мыңға дейін;
- Қарағанды: 72,2 мыңнан 78,5 мыңға дейін;
- Павлодар: 73,8 мыңнан 75,3 мыңға дейін;
- Солтүстік Қазақстан: 174,0 мыңнан 183,8 мыңға дейін;
- Түркістан: 6,6 мыңнан 7,7 мыңға дейін;
- Шығыс Қазақстан: 65,3 мыңнан 70,5 мың басқа дейін.
Сонымен қатар шошқа саны келесі облыстарда қысқарған:
- Атырау: 0,4 мыңнан 0,2 мыңға дейін;
- Батыс Қазақстанда: 17,3 мыңнан 16,7мыңға дейін;
- Костанай: 165,8 мыңнан 150,2 мыңға дейін;
- Шымкент: 9,6 мыңнан 3,8 мыңға дейін.
2020 жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда сол қалпында қалған облыстар: Қызылорда облысы (2,5 мың ) және Алматы қаласы (0,3 мың).
Шошқа өсіруден көшбасшы Солтүстік Қазақстан облысы (183,8 мың).
Статистикалық мәліметтер бойынша Маңғыстау және Нұр-Сұлтан қалаларында шошқа өсіру шаруашылығы тіркелмеген.
Ескерте кетейік, 2019 ж. Қазақстанда шошқа саны 23,5 мың басқа артты: 2019 ж. 1 қаңтарында 798,7 мыңнан 2020 ж. 1 қаңтарында 822,2 мыңға дейін артқан.