Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда күздік бидай шығымы жоғары болады деп күтілуде
Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының алқаптарында күздік бидайды жинау науқаны басталды. Биылғы құрғақ ауа райына қарамастан бұл дақыл жақсы өнім береді деп күтілуде.
«Осы маусымда күздік дақылдарды әдеттегіден екі апта бұрын жинай бастағанымызды атап өткім келеді», - деді шаруашылық директоры Дамир Қалдыбаев. –Әдетте біз егінді 1 тамызда жинайтынбыз, бірақ биыл ыстықтың әсерінен өнім тез пісіп, оны екі апта бұрын 16 шілдеде жинауға кірістік.
Видеода: Дамир Қалдыбаев егін жинау барысы туралы айтуда.
Қостанай облысында аптап ыстық болуда. Мұның бәрі қаңтар айында басталған. Дамир Қалдыбаевтың айтуынша, орташа айлық температура жылдық көрсеткіштен 8 градусқа жоғары болған.Одан кейінгі айларда әдеттегіден едәуір жылы болды. Мамыр мен маусымда температура өте жоғары болды, ал шілде екі апта бойы үздіксіз + 35 + 40 градус ыстық болды. Сонымен қатар, жердің температурасы +60 градусқа дейін көтерілді.
Тақырыпты оқу: Климаттық әсерге қарамастан күздік бидай жақсы шығады
ҚАШТС ғалымдары өздері жасап шығарған күздік бидай сұрыптарының жақсы шыққанына риза болды. Себебі егін табиғаттағы әртүрлі ауа райына қарамастан, аман қалды және қазір егін жинау кезінде 27 кг га өнім алынатын болады.
«Әдетте біздің күздік және жаздық бидайдың шығымы бірдей деңгейде болады», - деді Дамир Қалдыбаев. «Алайда, биыл біз күздік дақылдардың шамамен 1,5 есе көп өнім беретіндігін түсіндік. Яғни, жаздық бидайдан біз 15 ц/га жоғары нәтиже аламыз деп ойламаймыз. Егер бір апта ішінде жауын-шашын болмаса, егін түсімі қиындайды.
Фотода: Дамир Қалдыбаев маусым айындағы күздік бидай алқабында
Қарабалық ауыл шаруашылық зауытында күздік бидай өсіру зертханасы 1978 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ғылыми жұмыстар жүргізілуде, жаңа сұрыптар пайда болуда. Бірақ сонымен бірге ұзақ уақыт бойы күздік дақылдарды жаппай егу жұмыстары болған емес. Бес жыл бұрын олар бір «алқапқа», 200 гектар жерге тұқым сеуіп, зерттей бастады.
Өткен күзде 187 гектар жерге Қарабалық күздік дақылдары егілді. Сонымен бірге, олар ауыл шаруашылық технологиясындағы жаңашылдықтарды қолданды, яғни дәнді дақылдарды дұрыс егу, ара қашықтығы 4 метрге отырғызу сияқты жаңа технологияны қолданды. Осындай жұмыстардың және қыстың жылы болуының әсерінен күздік дақылдардың 15%-ы әдеттегідей қатып қалмады.
Тақырыпты оқу: Қостанай облысында егін шығымын арттыруды ойластыруда
Сонымен қатар, көктемде еріген су егінді суғарды, сондай-ақ алқаптардың әр гектарына 60 кг аммиак селитрасы қолданылды. Мамырдағы жаңбыр (олар нормаға сәйкес түсті) тыңайтқыштардың сіңуіне әсер еті.
Осы факторлардың барлығы күздік дақылдар үшін жақсы болды. Сонымен қатар, мамырда жауған жаңбыр бидайдың сабақтары мен түтікшелерінің шығуын сақтап қалды. Дәл осы кезең егіннің өніміне әсер етеді.
Маусым айында құрғақшылық басталды, жауын-шашынның мөлшері орташа жылдық көрсеткіштің 46%-ы ғана жауды. Шілде айында жауын-шашын болған жоқ. Сонымен, күздік бидайға ылғал жеткіліксіз болды. Бірақ, соған қарамастан, мамырда дақылдар жақсы шығып, егін жақсы болды. Астық сапасы да жақсы, 3 –ші сұрыпты егіннің құрамында клейковина 27% -дан төмен емес.
Тақырыпты оқу: Қазақстанда егін орта деігейден артық болады деп күтілуде
Қазіргі уақытта шілде айы жаңбырсыз болуда, жаздық бидай өте нашар шығуда, зардап шегуі мүмкін. Дамир Қалдыбаевтың пікірінше, осы аптадағы жаңбыр өте маңызды. Жауын болмаса, Қостанай облысындағы егістіктердің біраз бөлігі құрғақшылық пен аптап ыстықтан күйіп, өткен жылдың жағдайы қайталануы мүмкін. Сол кезде өнімділік 4 ц/га аспаған еді.
Сонымен бірге, облыстағы жағдай бұрынғыға қарағанда жақсы. Біріншіден, көктем ылғалды болды. Екіншіден, барлық аудандарда жаңбыр бірдей жауған жоқ, облыс картасы шахмат тақтасы тәрізді болып, жазда біркелкі ылғал түспеді. Жауын жауған аймақтарда егін жақсы болады деп күтілуде.
Кейбір шаруашылықтар ҚАШТС сияқты, жаһандық климаттың өзгеруі әсер етуде. Сондықтан да егіншілер жаздық дақылдарға көбірек көшу қажеттілігі туралы ойлаулары тиіс. Себебі жаз айларының құрғақ маусымына тап болмай, көктемгі ылғал мен мамыр айының жаңбырларын барынша тиімді пайдалану керек.
«Біз жаздық бидайды көбірек себуіміз керек», - деп түсіндірді Дамир Қалдыбаев. «Біз егін жинауды әлі аяқтаған жоқпыз, бірақ астыққа деген сұраныс 5-6 есе артып кетті. Бұл мөлшерден де артық егіс екпегенімізге өкіндік. Біз биылғы күзде 500 га дақыл егіп, жаздық алқаптарымызды кеңейтеміз, кейіннен 1000 га жерге егеміз деп жоспарлаудамыз. Содан соң, климатқа қарай себетін боламыз. Егер өзгерістер тұрақты болса, онда осындай жаңа жағдайда жұмыс істеу арқылы біз күздік дақылдар себетін алқаптарды одан әрі арттыратын боламыз.
Жалпы алғанда, ҚАШТС -та 10 мың гектарға әр түрлі дақылдар егіліп, егістік алқаптың үштен бір бөлігі көктемгі егіске қалады.