Қызу науқанға жаңбыр кедергі

Осы жылдағы жылы қыс пен ерте көктем, сондай-ақ аптап ыстық астықты дақылдардың пісіп-жетілуін жеделдетіп, тамыздың  алғашқы күндерінен бастап егін жинауға мүмкіндік берді. Алайда қырдағы қыза түскен егін орағына ауа-райының күрт өзгерісі кедергі келтірді. Астықты аудандардың үлкен бөлігіне келген жаңбырлы күндер егіннің толық жиналуына мүмкіндік бермей қойды.

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 4 млн 28,2 мың гектарды құрап отыр. Оның ішінде бидай 3 млн 433,9 мың гектар, арпа 453,8 мың гектар, сұлы 66,5 мың гектар, қара бидай 0,8 мың гектарды құрайды.

Бидай егілген алқаптың 6%-ы (196,8 мың га) Қазақстандағы ең ірі ауылшаруашылық холдингтерінің бірі Olzha Agrоға тиесілі. Мұнан бөлек, 22,9 мың гектарға арпа егілген. Бүгінгі таңда бидай 7 409 гектар алқапта бастырылды (3,8%), гектарына шаққанда орташа өнімділік 14,8 центнерді құрап, 10 998 тонна астық алынды.

Алдын ала есептеу бойынша 16 088 га алқаптан (немесе жалпы алқаптың 70%) жиналған арпаның гектарына шаққанда орташа өнімділігі 14,8 центнерді құрауда.

Жексенбі, яғни 23 тамыздан бастап Қостанай облысының көп бөлігінде жылы ауа-райы орнап, қырдағы еңбекшіл қауымның егістік алқаптарына толық шығуына мүмкіндік берді.

Қостанай облысының «Олжа Садчиковское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тамыздың алғашқы күндерінен бастап астық жинау тоқтатылған. 23 тамыздағы жағдай бойынша арпаның барлық егіс алқабының 329 га немесе 2% -ы (1693 га) бастырылып, гектарына шаққандағы өнімділігі 18 кг құрады.

Тақырып бойынша оқыңыз: Ақбас сиыр бордақылайтын Olzha Agrо холдингі

Шаруашылықта бидай жинау енді басталғалы жатыр, мұнда 1700 гектарға «Ликамеро» сорты себілді.

 

Биылғы жылы ферма бірінші рет арнайы сатып алынған кең алымды жатканы іске қосу арқылы аршу әдісін қолданып көрді. Бұл әдіс өрісте биік сабан қалдыруға мүмкіндік береді, бұл қардың сақталуына ықпал етеді, сонымен бірге астық жинау кезінде астықты жақсы сақтап, жинау уақытын қысқартады.

Федоров ауданының «Банновка» ӨК егін жинау науқалы басталмай жатып қиындықтарды басынан кешіруде.

Егін жинау науқанына 23 тамызда ғана толық кірісе бастады. Бұған дейін ай басынан бері тек 380 гектар бұршақ, сондай-ақ 2300 гектар арпаның 800-і жиналды. Фураждың гектарға шаққандағы орташа өнімділігі 10 центнерді құрады.

Тақырып бойынша оқыңыз: Olzha Agro голштино-фриз тұқымды мал басын көбейтеді

Ауа-райы басқа дақылдарды (рапс, зығыр, бидай және соя) жинауға да кедергі келтірді.

Шаруашылық 7000 га жерге бидай септі, оның 3500 га – «Ликамеро», 2000 га – «Шортанды» және 1500 га – «Тризо» сұрыптары. Егін себу жұппен жүргізілгендіктен қуаңшылыққа қарамастан, диқандар орташа есеппен гектарына 20 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.

23 тамызда түстен кейін ауа-райы дұрысталып, «Банновка» ӨК қызметкерлері ақыр соңында біркелкі пісіп жетілген бидай мен арпаны тікелей комбайнмен шауып бастыра бастады. Жексенбі күні таңертеңнен бастап арпа бөлек әдіспен жиналды.

Игорь Евсюков,  «Банновка» ӨК бас агрономы (суретте оң жақта):

Ауа-райының қолайсыздығы ұзақ уақыт егін алқабына шығуға мүмкіндік бермеді. Жаңбыр толастаған кездің өзінде егістіктердегі рұқсат етілген ылғалдылық 18% -дан асып түскендіктен егін жинауды бастауға тәуекел еткен жоқпыз. Қазір егін жинауды бөлек әдіспен де, тікелей комбайнмен де жүргізіп жатырмыз. Биыл біз аршу технологиясын қолданып жатырмыз, алайда 18% ылғалдылық кезінде шығындар жоқ емес. Қазір ауа-райы тұрақталып, науқанды белгіленген мерзімде аяқтаймыз деп үміттенеміз.

Алтынсарин ауданындағы «Новоалексеевка» шаруа қожалығында науқанды бірнеше рет бастауға оқталғанымен, бірақ ауа райының қолайсыздығы жинауға кедергі келтіруде. Егіс даласына комбайндар шығысымен жаңбыр жауып берекесін кетірген.

Тақырып бойынша оқыңыз: Olzha Agro күздік бидай алқаптарын 14 есе ұлғайтпақшы

Жалпы, биыл шаруашылықтағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 18 382 гектарды құраған болатын. Оның 10247 гектарына «Тобыл» сұрыпты жұмсақ бидай, 874 гектарға – «Алейская» және «Солнечная» сұрыптары, 1518 гектарға «Шортанды» сұрыпты бидай себілді. «Старт» (элиталық) – 383 га және «Астана» – 774 га бидай сұрыптары да бар.

Одан басқа шаруашылықта 1 990 га зығыр, 326 га күнбағыс және 654 га бұршақ бар.

Сергей Муратов,  «Новоалексеевка» ӨК бас агрономы:

Астық жинауды жаппай бастаудың сәті түсті-ау! Егістік алқабына 22 тамызда шығып кеткіміз-ақ келіп еді, алайда егін ылғалдылығының 19-22% деңгейінде болып, шекті 18% ылғалдылықтан асып түсуі кедергі келтірген болатын. Жаңбырлы күндерге дейін 930 гектар алқаптан гертарға шаққанда 16,3 центнер өнімділікпен «Калькюль» сұрыпты арпамызды жинап үлгердік. Бұршақты да қалдырмай жинап алдық. Бидай жинауды бірнеше рет бастағанымызбен, бірақ ауа-райы ырық бермеді. Қазіргі уақытта тек 1200 гектарды бастырып үлгердік. Бидай өнімділігі әзірше гектарға орташа есеппен 11 центнерді құрап отыр.

OlzhaAgro басшылығының есебі бойынша, ауа-райы бұзылмаған жағдайда егін жинау науқанын аяқтауға 25 күнтізбелік күн қажет. Орын алып отырған ауа-райының қолайсыздығынан қандай да болмасын қауіп келіп тұрған жоқ, өйткені әдетте олар аймақта егін жинауды шамамен тамыздың жиырмаларында бастайтын. Екі апталық үзіліс осындай мерзімге ерте басталған науқанның орнын басып тұр.

Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан фермерлері егін шығымын бағалады

Барлық жұмыстардың аяқталуның болжанған мерзімі – 15 қыркүйек.

Сергей Алексеенок, суреттер мен бейне түсірілім автордікі.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.