Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қытайға мал экспорттау елдегі ет бағасына әсер ететін болады
Қытайға тірі малды экспорттау сиыр еті бағасының тез өсуіне әкеледі. Сарапшылардың ойынша, көтерме сауда бағасы кемінде 30%-ға көтеріледі. Тиісінше, еттің бағасы 3500 - 4000 теңгеге дейін қымбаттайды. Ел үкіметі мал экспортына тыйым салуды ұзарту арқылы бұл мәселені шеше алады.
Алып сатарлар ет өндірушілерге қарсы
Қазақстаннан тірі малды экспорттауға тыйым салу мерзімі қыркүйекте аяқталады, ал ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі оны ұзартпақ. Бұл даулы жағдайдың қалай шешілетіні қатысушыларға байланысты болмақ, олар: мал бордақылау орындарының иелері, яғни малды экспорттаушылар (іс жүзінде фермерлер мен шетелдік сатып алушылар арасындағы делдалдар) немесе ішкі нарықты қамтамасыз етуші ет өңдеушілер.
«Тірі малды экспорттауды тоқтату керек», - деді «Астана Агроөнім» ет өңдеу кәсіпорнының негізін қалаушы Серік Рахымбаев. - Өткен жылы Қазақстан аумағынан 156 мыңнан астам тірідей ірі қара экспортталды (ет бойынша бұл 35 мың тонна). Олардың көпшілігі - салмағы ауыр бұқалар болатын. Салыстыру үшін айтар болсақ, Ақмола облысы жылына 25 мың тонна сиыр етін өндіреді. Еліміздің бір жарым аймағының халқын қамтамасыз етуге қажетті ет сыртқа экспортталды!
Малды шетелге бақылаусыз шығарғандықтан ішкі нарықта сиыр етінің жетіспеушілігі туындады. Мұның салдары көп ұзамай нарыққа әсер ете бастады.
Біріншіден, өткен жылы сиыр етінің бағасы күрт өскені есімізде болатын, баға 20% -ға өсті. Бұл сатып алушыларға-тұтынушыларға ауыр тиді.
Екіншіден, Қазақстанға сапасыз Беларусь сиыр еті ағылып келе бастады, фермалардағы кәрі сүтті сиырлар сойыла бастады. Сонымен қатар, импортталған ет өнімдері артты: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылы шикізат тапшылығына байланысты, отандық ет өңдеу зауыттары шұжыққа деген ішкі сұраныстың тек 62% -ын қамтамасыз ете алды. Қазақстандық өндірушілер ішкі нарықтағы орындарынан айырылды: ет өңдеу зауыттарына келетін әдеттегі 50-60% ет азайып, тағы 20-25% -ға төмендеді.
Тақырыпты оқу: Қазақстаннан ет экспорттауға салынған тыйым мерзімін созу қажет
Бұл жағдайдың барлығы малды экспорттағаннан туындап отыр. Қазақстанда ет мәселесі әлі толықтай қалпына келтірілген жоқ, көктемде де, жазда да республикада ет өңдеу зауыттары толықтай жұмыс істемеді. Елде ет өңдейтін зауыттар онша көп емес, олардың әрқайсысы жылына 20-30 мың бас мал соятын. Ірі қара малды шетелге шығара бастағаннан кейін бұл көрсеткіш 15-25 мыңға дейін төмендеді.Соның нәтижесінде жұмыс орындары жабылды, салық түсімдері қысқарды және соның салдарынан баға өсті. Аталған сала күзде жаппай мал сою басталған кезде ғана қалпына келуі мүмкін. Тек тірі мүйізді малды сыртқа әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылатын болса, ғана жағдай оңалады.
Жылдам ақша табу көзі
Егер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көбірек пайда табу үшін мал бордақылау орындары иелерінің жетегінде кетіп, бұл тыйымды алып тастаса, онда ет өңдеу саласы тағы да құлдырайды. Ал бағалар қайта көтеріледі.
«Егер тыйым алынып тасталса, сиыр еті өткен жылдағыдай емес, 20 пайызға қымбаттайды», - дейді Серік Рахымбаев. - Өйткені, Өзбекстанға мал сатылған кезде осындай қиындықтар болған еді. Өйткені, тірі малдың килограмы 800 - 900 теңге тұрады. Енді қазақстандық ірі қара Қытайға 3,5 доллар бағамен жіберіледі. Бұл бір килограмм ет шамамен 7 доллар тұрады деген сөз. Яғни, шамамен 3000 теңге болады. Әрине, бөлшек саудада ет одан да қымбатқа түседі. Менің ойымша, көптеген қазақстандық сатып алушылар ет үшін осыншама көп ақша төлей алмайды. Пандемиядан кейін, шағын және орта бизнестегі жұмыс орнынан айрылғаннан кейін халықтың табысы төмендеді. Бұл жағдайда дүкендердегі сиыр етінің бағасын килограммына 3500 теңгеге дейін көтеруге рұқсат беру - бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің жоғарылауын білдіреді.
Тақырыпты оқу: «Фермер» еті жайлы қауесеттер
Атап айтсақ, былтыр шетелге тірі малды негізінен ірі компаниялар сатқан болатын. Ал қарапайым фермерлерге ешқандайда ісер етпеді. Олар тыйым салынғанға дейін ішкі нарықта етті арзанға сатқан болатын.Егер тыйым алынып тасталса, қарапайым фермерлер үшін ештеңе өзгермейді. Себебі ірі компаниялар ғана Қазақстаннан тыс жерлерге мал экспорттауға лицензиясы болады.
- Жағдай астық нарығына ұқсас – өндіруші фермерлер әрең күн көруде, ал пайданы ортадағы ірі саудагерлер табады, - деп түсіндірді Серік Рахымбаев. - Ет нарығында да солай болып тұр: елдің ет өңдеу саласы тұралайды, ал біреулер тез ақша табатын болады.
Ет сатудағы теңсіздік
Мал экспортына тыйым салу - бұл елдің ішкі нарығын сиыр етімен қамтамасыз етудің бірден-бір құралы, дейді Қазақстан фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Ербол Есенеев. Бұл бағыттағы жұмыс соңғы 10 жыл ішінде жүргізілген еді. 2011 жылдан бастап ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасы енгізілген. Естеріңізге сала кетейік, жобаның мақсаты 2020 жылы елдің ішкі нарығында сиыр етіне деген қажеттілікті толығымен қамтамасыз ету, сонымен бірге экспортты жылына 180 мың тоннаға жеткізу болды. Жобаны қаржыландыруға мемлекет жүздеген миллиард теңге жұмсады. Шындығында, бұл бюджет қаражаты ысырап болды - еліміз сиыр етімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне де жете алмады, ал ет бағасы үнемі өсіп келеді.
- 2019 жылғы статистика көрсеткендей, Қазақстан барлық еттің түрінен 204 мың тонна ет импорттады, - деді Ербол Есенеев. - Әрине, импорттың көп бөлігі құс еті, ал салқындатылған және мұздатылған сиыр еті 26 мың тоннаны құрады. Егер біз бұл көлемді орташа салмаққа аударсақ, онда біз 100 мыңға жуық ірі қара малды сырттан алып отырмыз.Қазақстан 2019 жылы тірі 156 мың бас малды экспорттаған болатын. Елдегі жақсы жағдайға қарамастан (орасан зор жайылымдар бар), Қазақстан оларды өз пайдасына қолдана алмай отыр, нәтижесінде салада осындай мәселелер туындауда. Әрине, тыйым салу шаралары тиімді іс емес. Алайда үкіметтің жағдайды тұрақтандыру үшін басқа амалы жоқ.
Тақырыпты оқу: Қазақстандық сиыр етін экспорттаушы 15-ТОП
Сарапшылар әлемде ешбір жерде тірі малды жаппай сыртқа әкету практикада жоқ деп санайды. Асыл тұқымды ірі қара малды көбінесе экспортқа шығарады, олар қымбатқа түседі және валюталық кіріс әкеледі. Бұл бағытты шынымен қолдау және ынталандыру қажет. Бірақ әркім өзінің ет өңдеу саласын қолдау үшін шикізат емес (тірі малды емес), құны жоғары болатын өңделген өнімдерді (ет, жартылай фабрикаттар, ет өнімдері) шетелге сату арқылы пайда түсіруге тырысады.
Ет экспортталатын аймақтар
Көптеген қазақстандық ет комбинаттарына қатысты талаптар бар. Өйткені, олардың барлығында өліктерді жақсы өңдейтін мүмкіндік жоқ. Мұны жасай алатын кәсіпорындар бар, бірақ олардың саны аз, ол әлдеқайда көп болуы керек. Енді мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасын жасаған ҚР АШМ бұрынғы басшылығына сұрақ қоятын кез келді: егер ел мал басын айтарлықтай көбейтуді жоспарлап отырса, неге ет өңдеу және оны сату туралы ойламады екен?
- Фермерлерден бастап қазіргі заманғы ет өңдеу зауыттарына дейінгі барлық тізбекті жүйені жасау керек, - деді Ербол Есенеев. - Әрине, шикізатты-тірі малды сату емес, дайын өнімді сатудың жаңа нарықтарын ашу керек. Тек бұл біздің мал шаруашылығымызға қосылған құнға байланысты бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылық министрлігі дер кезінде ет комбинаттарын қолдап, олардың жағдайын мал бордақылау орындарымен теңестіріп, тамыз айында тірі малдың килограммына 200 теңге мөлшерінде субсидия енгізді. Ет өңдеу зауыттарының өздері де фермерлерді қолдау үшін олардан сатып алатын еттің бағасын көтерді. Сондықтан, қазір тірі малды экспорттауға тыйым салуды ұзарту қажеттілігі туралы айтып отырмыз. Бұл тірідей малды шетелге сатып тез пайда табуға бағытталған экспорттаушылар тобының мүдделерін емес, мемлекет пен елдің мақсаттарын қорғауға мүмкіндік береді.
Тақырыпты оқу: Тірі малды сыртқа шығаруға тыйым салуды 5 жылға ұзартуды ұсынды
Өкінішке орай, қазіргі заманғы ет өңдеу зауыттары жетіспеуде, тыйым салу туралы мәселені мал бордақылаушылар көтеруде. Бірақ бұл жағдай уақытша және алдамшы, егер олардың айт қанын орындайтын болсақ, ет өңдеу саласы ешқашан дамымайды. Қазақстан мал шаруашылығы бойынша әлемде ет өнімдерін экспорттаушылардың бірі болудың орнына Қытай мен Өзбекстанға шикізат жіберетін елге айналуы мүмкін.
Сонымен бірге, тағы бір маңызды ескерерлік жағдай: егер тірі малды шектеулі елдерге экспорттайтын болсақ (көрші елдер), онда өңделген етті бүкіл әлемге экспорттауға мүмкіндігіміз бар.