Малды жеңілдетілген сақтандыру фермерлерге қол жетімді

Қазақстанда мал шаруашылығы саласын сақтандыру жыл бойы жүзеге асырылады. Фермерлер сақтандыру полисі құнының 20%-ын ғана төлейді, ал 80%-ын мемлекет субсидиялайды. Ұсақ малды сақтандыру өнімдері әдеттегі қамту және кеңейтілген қамту болып екіге бөлінеді.

Саладағы сақтандыру өнімдері көптеген тәуекелдерді қамтиды. Атап айтқанда, инфекциялық және аса қауіпті аурулардан, өрттен, үшінші тұлғалардың қасақана әрекеттерінен, қауіпті табиғи құбылыстардан, сондай-ақ жазатайым оқиғаладанр, жарылыстан, найзағай түскенде, тұншығып өлгенде, жыртқыш аңдардың шабуылынан зардап шеккенде, жылан немесе жәндіктердің шағуынан, түрлі жарақаттардан және басқа да тәуекелдерден сақтандыруға болады.

Фермерлер малды өз шаруашылығының аумағында (әдеттегі қамту), сондай-ақ 5 км радиустағы (кеңейтілген қамту) көрші шаруашылықтардың аумағындағы тәуекелдерден сақтандыра алады. Сақтандыратын мал саны 30 бастан кем болмауы тиіс. Сақтандыру тарифінің мөлшері сақтандырылған мал санына және қамту аймағына байланысты болады.

Сақтандыру төлемдеріне қайта сақтандыру компаниясы ретінде тартылған Swiss Re халықаралық компаниясы кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының барлық облысындағы фермерлер өз тәуекелдерін сақтандыра алады.

Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер Kezekte.kz платформасындағы agroinsurance ақпараттық сервисінде онлайн жүргізіледі. Агросақтандыруға қатысушыда электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.