АНК 2025 жылға арналған «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды ашады

Аграрлық несие корпорациясы 29 қарашада «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды ашады. 28 қарашадағы жағдай бойынша Корпорацияда 684 ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды.

Қазірдің өзінде 176 ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен өтінімдер қабылданды, 508 шаруа қожалығының 59,9 млрд теңгеге өтініші «құжаттарды жинау» сатысында. Өтінімдердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының фермерлерінен келіп түсті.

«Ағымдағы жылдан бастап алғаш рет қаржыландыру көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын (КЕжЕЖЖ) жүргізуден бұрын басталады. Бұл дегеніміз, фермерлер тұқымдар мен тыңайтқыштарды алдын-ала сатып алып, техниканы дайындай алады. Мұндай мүмкіндіктер бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау шаралары мен нарық көздерінен қаражат тартудың арқасында пайда болды», - деп атап өтті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы АНК көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 320 млрд теңге бөлді, ал алдыңғы жылдары 140 млрд теңге бөлінді.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде, Үкіметтің қолдауымен, 2025 жылғы КЕжЕЖЖ-на 700 млрд теңгеге дейін бағытталатын болады, оның 560 млрд теңгесіне дейін «Бәйтерек» ҰБХ және АНК нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады.

Осылайша, ауыл шаруашылығы өндірушілері мемлекеттік қолдау шараларының арқасында барынша қолайлы шарттарда жедел қаржылық қолдау ала алады.

Сонымен қатар, фермерлерге ыңғайлы болу үшін қарыздарды рәсімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны артып келеді. Осылайша, қаражат екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жетімді болады.

Бірінші: фермерлер үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша сыйақының жеңілдікті мөлшерлемесі жылдық 5% деңгейінде сақталды.

Екінші: көбінесе АӨК субъектілері несие қаражатын алған кезде кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесіне тап болады. Бұл мәселені ауыл шаруашылығы саласының барлық кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйымдары айтады.

Мемлекеттік қолдау тетігіне сәйкес, «Keң дала 2» бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-на «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.

Кеңес алу және «Keң дала 2» бағдарламасына өтінім беру үшін АНК-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет.

Қосымша ақпарат Agrocredit.kz сайтында және Call center нөмірлері бойынша қол жетімді: Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 және Tele 2, Altel үшін 8 701 006 19 91.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.