Бидай тоннасының бағасы 100 мың теңгеден асады

«Майлы дақылдардың тәжірибелік учаскесі» ЖШС  егістіктерінде күзгі жиын-терін жұмыстары қарқын алды. Шығыс Қазақстан аумағындағы ең ірі және жабдықталған таңдаулы шаруашылықтардың бірі бола отырып, ол «Астана-Бизнес» ауылшаруашылық холдингінің құрамына кіреді. Мұнда тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым көлемі өндіріледі және өңделеді.

Шаруашылықтың негізгі маманданған саласына озық ғылыми әзірлемелерді апробациялау және аяқталған ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу жатады. МДТУ-де майлы және астық дақылдарын сұрыптау және тұқым өсіру жұмыстары жүргізіліп, ең жоғары репродукциялық тұқымдар сатылымға шығарылады. Одан басқа да жұмыстармен, оның ішінде мүйізді ірі қара малдың тұқымдық түрлерін жақсарту бойынша асыл тұқымды жұмыстармен айналысады.

Науқан үш кезеңге бөлінді

МДТУ директоры Фарид Әбітаевтан биылғы жылғы егіннің ерекшеліктері туралы айтып беруін өтіндік. Маман өскіндердің біркелкі пісіп-жетілмеуін басты түйткілге жатқызды.

- Биылғы егін жинаудың қиыншылығы – өскіндердің кеш пісіп-жетілуіне байланысты үш кезеңге бөлінуі, - деп атап өтті Фарид Әбітаев. – Ағымдағы маусымда өскіндер біркелкі шықпады, оның басты себебі – тым тығыз топырақ пен көктемнің аяғы, жаздың басындағы құрғақшылық. Кеш себілген дән тұқымдары маусым айының екінші жартысында жаңбырдан кейін өніп шықты. Нәтижесінде  ерте піскен егінді жинап алғаннан кейін ғана аралық егістік пісіп жетілді, оны қазір жинап жатырмыз. Ал соңғы егін қыркүйектің соңында дейін келуі керек. Ауа-райы мұрсат беріп жатса, шығып келе жатқан егінді ысырапсыз жинап алармыз. Тағы бір келеңсіздік жазда өтуі керек жаңбырдың бізге дәл қазір жетуінде байланысты туындап тұр. Өзіңіз түсінгендей, егін жинау кезіндегі жаңбыр үнемі кедергі келтіреді.

Тақырып бойынша оқыңыз: Осы маусымда Шығыс Қазақстан облысының диқандары нәпақаларын неден айырады

Өнімнің аздығы көңілге кірбің түсірмегені дұрыс

Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен болып, диқандарды жоғары көрсеткіштермен қуантпады. Мұның бәрі жазғы қуаңшылық салдарынан болып отыр.

- Екі ай қатарынан жаңбыр болған жоқ, - деп түсіндірді Фарид Әбітаев. – Сондықтан да биыл әр гектардан алынатын өнім 25-30 центнер аралығында, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз. Биылғы жыл көп жағдайда өте айрықша болды. Сәуірдің 20-нан бастап маусымның 20-на дейінгі аралықта түскен жауын-шашын мөлшері небары 20 мм ғана. Бұл орташа жылдық көрсеткіштен бес есе аз. Дегенмен Алланың бергеніне разылық танытып, өнімнің аз болғанына қарамастан қуана білгеніміз дұрыс. Биылғы баға да қызық болады-ау. Біздің негізгі айналысатын кәсібіміз тұқымға деген сұраныс та бірнеше мәрте өсті, өйткені шаруалардың көбі тұқым мәселесінде көпшілік қиындықтарға тап болды. Бұл тұқымның сәтті сатылым арқасында өнім жоспары бойынша алынбағанның бәрін қайтарып аламыз деп үміттенуге мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша оқыңыз: Қарабалық АШТС тұқымы аптап ыстықтан аман шықты​

Салаға тыйым салу қажет емес

Әңгіме барысында біздің елімізде соңғы кезде қолданылып жүрген ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға тыйым салулар тақырыбы да қозғалды. Бұл тыйымдар МДТУ үшін қандай да бір қауіп тудырады ма, жалпы мұндай шаралар тиімді ме?

- Біз негізінен тұқым сатмен айналысып, өндіріс қалдықтарынан құрама жем дайындаймыз. Оны қорадағы малымыз үшін қолданамыз, сондай-ақ басқаларға сатамыз, - деп әңігімесін жалғастырды Фарид Әбітаев. – Осындай кәсібімізге байланысты экспортқа қатты тәуелді емеспіз, соған қарамастан, сыра қайнататын арпаны экспортқа шығарамыз. Одан өзге тыйым салынбаған тұқымдарды шетелге жібереміз. Бірақ біз тәуелді болып отырған негізгі бап – бұл Қазақстаннан мал экспортына тыйым салу. Осы себепті ет бағасы төмен, ал өнім шығымының төмендігіне байланысты жем бағасы жоғары. Өсімдік өнімдерін қайта өңдеу өнімі болып табылатын ет бағасының төмендігінен біз шынымен зардап шегіп келеміз. Менің ойымша, бұл шектеу алынып тасталуы керек. Жалпы бұл шектеулер мен тыйымдардың салаға жағымсыз әсері көп. Акциздермен реттеуді қолға алу қажет. Бұл тәсіл неғұрлым дұрыс және биліктің осыны қолға алғаны дұрыс болар еді.

Бұрағыштар қалтамызды екі жақтан қағуда

Біз фермерлер үшін ең өзекті мәселелердің бірі – ауыл шаруашылық техникасына кәдеге жарату алымын енгізу мәселесінен айналып өтіп кете алмадық. Қосымша шығындар техникалық паркті жаңартуда күрделі  түйткілдер туғызып, көптеген шаруашылықтарға қатты әсер етіп отырғаны белгілі.

- Кәдеге жарату алымының ауыл шаруашылық саласына кесірін тигізіп отырғаны туралы талмай айтып келе жатырмын, - деді Фарид Әбітаев. – Ол 37 мың автомобидьді бұрамалы құрастыруды қолдау үшін ғана енгізгенімен, енді ауыл шаруашылық техникасына да қолданылуда. Алайда бүгінгі күні нағыз қазақстандық өндірісті құрумен айналысып отырған ешкім жоқ. Қазақстанда кім жылына 370 комбайн мен трактор шығара қоймақ? Ал 20 жылдан бері келе жатқан бұрамалы өндіріс барлық артықшылықтарға ие. Олар екі жақтан қалтамызды қағуда. Бір жағынан кәдеге жарату алымы арқылы, ал екінші жағынан – олар қолданып келе жатқан алуан түрлі салық преференциялары арқылы. Бұлар қалтамызды екі жақтан қағуда, ал нақты отандық ауыл шаруашылық техникасымен айналысып жатқан тірі жан жоқ. Менің ойымша, машина жасау мен автомобиль өнеркәсібі бәрін нарықтық жолға салған кезде дамиды. Бұл салада мемлекет тарапынан да Өзбекстандағыдай қолдау қажет. Оларда отандық құрастыруға қандай да болмасын акциздер мен баж салығы салынбайды, тек әкелінетін өнімге ғана салынады. Мұның бәрін біздердікілер ұнататындай біреу қуып келе жатқандай асығыс-үсігіс емес, ойлап барып, кезеңмен енгізген дұрыс. Шын мәнінде, бұл бұрағыштардың дөңгелек бұраудан өзге бітіріп жатқан шаруасы жоқ. Олар біздің қалтамызды қағатын жалған өндірістер.

Тақырып бойынша оқыңыз: Еркін Тәтішев: Кәдеге жарату алымының енгізілуі заңсыз

Жаңа жылдан бастап астық бағасы қымбаттайды

МДТУ бас директоры астық бағасының динамикасы тұрғысынан не күтуге болатындығы туралы болжамымен бөлісті. Ол көршіміз Ресей Федерациясының жинап алатыны өнімі анықтаушы фактор болады деп санайды.

- Алдын ала болжамдар бойынша 130 миллион тоннадан алатын рекордтық жылдарға қарағанда, Ресейдің егін өнімі 30%-ға аз болады. Биыл шамамен 90 миллион тонна күтілуде, - деп хабарлады Фарид Әбітаев. – Жылына 30-35 миллион астықты экспортқа шығаратын Ресейдің экспорт нарығында беделді екендігі белгілі. РФ осындай көрсеткіштен кейін экспорттық міндеттемелері бойынша негізгі бөлігін жіберген кезде, Еуразиялық одақтың ішкі нарығында шиеленіс орын алмақ. Жаңа жылдан кейін астық тапшылығы туындауы, шамамен ақпан-наурыз айларында бағасы өсуі керек. Қазірдің өзінде тоннасы 90 мың теңге болса, ол девальвацияға байланысты 100 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Андрей Гончаров

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.