Біз жабай құстарды үркітеміз: құс фабрикалары құстарды қалай қорғауда

Iteca компаниясы  FoodExpo Qazaqstan/AgroWorld Qazaqstan көрмесі аясында өткізетін AgriFood Qazaqstan 2020 форумының қатысушылары құс тұмауының алдын алу шараларын талқылады. Атап айтқанда, «Жас Қанат 2006» ЖШС директоры Қайрат Маишевтің  айтуынша, қоныс аударатын жабайы құстардың көшуінен сақтану арқылы кәсіпорынға бүкіл әлем бойынша таралатын инфекцияның өршуінен шығындарды болдырмауға мүмкіндік берді.

«Біз күзде және көктемде осы ауруға дайындалып, қорғанысты күшейтеміз. Яғни, ауру 12 ай бойы таралуы мүмкін, алайда дәл осы кезеңдерде өте қауіпті болады» - деді құс өсіруші.

Оның айтуынша, 1,3 миллион құсы бар зауытта қызметкерлердің қозғалысына қатаң бақылау жүргізілуде. Кіре берісте барлық қызметкерлер дезинфекциялық тазартудан өтеді, киімдерін ауыстырады. Құс фабрикасының аумағына бөгде техника мен адамдардың кіруіне тыйым салынады. Бөлімшелер арасындағы байланыстар да тоқтатылды.

«Бізде тіпті әр бөлімнің киімдері де әртүрлі, бұл алыстан ажыратуға көмектеседі. Мысалы құс өсірушілердің киімі немесе дайын өнім цехы қызметкерлірінің киімі бір-бірінен ерекшеленеді. Осылайша, адамдардың қозғалысын бақылау және адам факторына жол бермеу оңай», - деді Қайрат Маишев.

Құс фабрикасында тағы бір мәселе-автокөлікті дезинфекциялау қатаң түрде қадағаланады. Кәсіпорын ішінде жұмыс істейтін машиналар да, сырттан кіретін машиналар да, дайын өнімді тиеуге арналған сатып алушылардың техникасы да барлығы дезинфекциядан өткізіледі. Машиналардың тек дөңгелектері ғана емес, сонымен қатар басқа да бөліктері де дезинфекциялық құралдар арқылы  тазаланады.

Тақырыпқа байланысты оқу: «Фермерлік» өнімдер қауіпсіз бе?

Қызметкерлердің жеке қосалқы шаруашылықтары фабриканың ветеринарларының жіті бақылауында болады, әсіресе көктем мен күз мезгілінде. Қауіпсіздік қызметі мен ветеринарлық қызмет кәсіпорын жұмысшыларының да, жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарының да аулаларын аралап, ветеринарлық жағдайды бағалайды.

«Бізде жұмыс істейтін кейбір қызметкерлер көп құс ұстамаймыз деп бас тартып келісімге қол қояды. Яғни, олар аз ғана үй құстарын асырулары мүмкін», - деді  «Жас Қанат 2006» Бас директоры.

 

Егер торғайлар жақын маңда ұшса

Құс фабрикасындағы барлық азық сақтау қоймалары түгелдей жабық, себебі олар  жабайы құстардың ұшып келуіне жол бермеу үшін қадаңалануда.

«Кәсіпорында құстарды үркітуге арналған зеңбіректер де бар. Олар әр периметрге орналастырылған. Сондай - ақ біз құстарды атуға мүмкіндігіміз бар, бірақ олай істемейміз, тек үркітеміз», - деді Қайрат Маишев.

Басқа елдердегі әріптестермен кездесулер мен кеңестерден кейін фабрикада тек жас балапандарды вакцинациялау туралы шешім қабылданды. Тауықтар вакцинаны екі рет алады: күнделікті және 90 күннен кейін. Бірақ келесі жылы барлық құстарды егу жоспарлануда.

Биылғы жылы құс тұмауының өршуіне келетін болсақ, аурудың алдын-алу шараларынан басқа, кәсіпорынға бірқатар сыртқы жағдайларда себеп болып, көмектесті. Біріншіден, ветеринарлық қызметтер фабрикадан 20 шақырым қашықтықта орналасқан жеке аулаларда вакцинация жүргізді. Сондай-ақ, жақын жерде тоғандар жоқ болғандықтан жабайы құстар көп жақындамайды.

 

Қырағылықты жоғалту

Жұмыртқа өндіру ісіне маманданған Солтүстік Қазақстан облысының «Фирма Алекри»ЖШС Бас директоры Александр Прядко соңғы жылдары кәсіпорын да, ветеринарлық шенеуніктер де өздерін жайбарақат сезініп, қырағылық танытпағандығын айтты. Нәтижесінде, осы күзде фабрика барлық құс басынан айырылды.

«Біз іс жүзінде ұсынылған вакциналарды, препараттарды алмадық және бұған назар аудармадық. Ең бастысы біз құс тұмауына қарсы вакцина салмаған едік», - деді Александр Прядко.

Оның айтуынша, кәсіпорынның ветеринарлары биылғы жылы құстарды жаппай вакцинациялаудың қажеті жоқ деп санаған еді. Сондықтан тек сатып алынған жас балапандарға ғана дәрі егу туралы шешім қабылданды. Алайда, біздің құстар ауырғанға дейін құс тұмауы көрші қаз фермасында шыққан болатын, содан кейін  біздің «Алекри» фирмасына да жетті.

«Бұл шынымен соққы болды. Бас –аяғы  2 аптаның ішінде, 10 күнде бүкіл құс қырылып қалды. Тірі қалған құстарды да өртеуге тура келді. Бұл қиындық та өтер, біз қазір қол қусырып отырған жоқпыз», - деді ол.

Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ құс тұмауынан өлген шаруашылықтарға 113 млн теңге өтемақы төлей бастады

Осыдан кейін фабрикада инфекцияның алдын-алу тәсілдері түбегейлі өзгерді. Біріншіден, қызметкерлерге арналған санитарлық өткізгіш үлкейтіліп, 48-98 орынға көбейтілді. Антисептик бар  тоннельдер сатып алып, көліктерді тазалайтын дезбарьер орнаттық.

«Адамдардың барлығы құс фабрикасына кіре берісте дезинфекцияланады, сонвмен қатар жас балапандарды қарайтын жұмысшылар, слесарлар арнайы көлікпен жеткізіліп, кіре берісте тазаланады. Сондай - ақ, құстарға қосымша туннель қойдық», - деді ол.

Фабрикадағы барлық қораларды, ғимараттар мен құрылыстарда толық тазалау, жуу және өңдеу жұмыстары жүргізілді, ыстық және суық шашатын генераторлар сатып алынды.

«Өз тәжірибемнен түйгенім, әріптестеріме айтарым, барлық ветеринарлық, санитарлық шараларды қатаң түрде сақталуына көңіл бөлу керек дегім келеді. Бұл жерде барлық мамандардың, осы бизнестің барлық қатысушыларының корпоративтік ынтымақтастығы қажет. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 4 фабрика осындай қиындыққа тап болды, бұл тек жұмыртқа бағытындағылар, сонымен қатар қаз өсіретін шаруашылықтар да бар», - деді Прядко.

 

Ең бастысы- аурудың алдын алу шаралары

Зауыттарда құс тұмауының алдын алудың жалпы шаралары туралы  «АВИВАК» ҰКП жетекші маманы Алексей Фролов айтып берді. Атап айтқанда, ол екі талапқа назар аударды: көлікті дезинфекциялап, өткізу және жемді дұрыс сақтау.

Мамандар құс фабрикасының аумағына бөгде көліктің кіруіне үзілді-кесілді тыйым салуды ұсынады. Аумаққа кірер алдында жеке алаңда көлікті жуу қажет, ал қыста  дөңгелектегі мұзды сындырып, тазалау қажет.

Барлық көлік жабық күйде болуы тиіс және дезбарьер арқылы өтуі керек. Дезбарьердің ұзындығы кемінде 12 метр болуы қажет; дезинфектант ерітіндісі бойынша тереңдігі кемінде 30 сантиметр болуы тиіс; дезбарьер нақты ауа райы жағдайында әрекет ететін ерітіндімен толтырылуы қажет.

Құрама жемді сатып алу кезінде термиялық өңдеуден өткізген дұрыс, өйткені астықтың қандай жерде сақталғаны белгісіз. Термоөңдеу мүмкін болмаған жағдайда азыққа дезинфектанттар енгізу керек.

«Құс шаруашылығы объектілерінде жиі бұзылатын нәрсе, жабайы және синантропты құстардың компоненттерге және тікелей құрама жемге кіруі. Құс тұмауынан сақтану үшін арзан құрама жем сатып алмау керек», - деп атап өтті Фролов.

Тақырыпқа байланысты оқуАрқалық құс фабрикасы жұмысын тоқтатты

Оның айтуынша, ағымдағы жылы Еуропа елдерінде құс тұмауы бойынша өте күрделі жағдай қалыптасты. Атап айтқанда, Венгрияда 258 ошақ тіркелген, құстардың қырылуы Польшада 1,6 миллионнан астам - 36 ошақ және 0,5 миллионнан астам құс өлді. Болгарияда-8 ошақ және 178 мың құс. Бұл шығын аз территориясы бар осы елдер үшін өте маңызды.

Жалпы, құс тұмауының өршуі Еуропа, Азия, Африка және Америка елдеріне әсер етті.

Алексей Фроловтың айтуынша, Ресейде бүгінгі таңда карантин режимінде 25 ошақ бар: Қорған қаласында. Омбы, Түмен, Томск, Челябі облыстары, Қарашай-Черкес Республикасы, Татарстан, Кострома және Ростов облыстарында таралған.

2020 жылы Ресейде құс тұмауының 85 ошағы тіркелді, 10 миллионнан астам құс жойылды.

 

Светлана Калинкина

Светлана Шарипова

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.