Агробизнес өкілдері ресейлік компаниялармен B2B келіссөздерін ұйымдастырады

Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі Бүкілресейлік «Деловая Россия» ұйымымен бірлесіп, қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлер арасында В2В форматында онлайн кездесулер ұйымдастыруда. Аталған іс-шараға тамақ өнеркәсібі, агробизнес, ІТ-компаниялар және мұнай-газ жабдықтарында жұмыс істейтін кәсіпорындар қатысуға  шақырылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде хабарлады.

B2B сессиясында саланың өзекті мәселелері мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыратын онлайн-конференция жүргізіледі. Екі елдің сарапшылары мен іскер топтары өкілдері сөз сөйлейді деп жоспарланған.

B2B кездесулерін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қазақстандық компаниялардың тізімін жасайды, олар үшін Ресей тарапынан әлеуетті серіктестер ақысыз  түрде таңдалады.

Өкілдік компаниялардың сұрақтары мен тілектерін алдын-ала қарастырып, екі тараптың спикерлерін ұсыныстарын қабылдайды.

Тіркелу үшін келесі сілтемені басу керек.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.