Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақтандық агроөнеркәсіптік кешеннің пайдаланбаған мүмкіндіктері
Уақыт өте келе Қазақстан билігі ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу деңгейін арттыруды қолға алуда. Алайда тапсырмалар орындалмай жатыр. Елде етті шикізат күйінде сату жалғасуда, бұл қосымша құн жоғалтуға, бұл саладағы еңбек өнімділігінің төмендеуіне және агробизнес саласының пайда әкелмеуіне соғуда.
Уақытша өсу
QazTrade есебінде шикізат экспортын шектеудің ет өнімдері экспортына қаншалықты әсер ететіндігі көрсетіледі. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында (2019 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда) жаңа сойылған және салқындатылған сиыр етінің экспорты 79,2% -ға ($8 миллионнан $14,4 миллионға дейін), ал мұздатылған сиыр етінің экспорты - 440 % -ға ($0,8 миллионнан $4,6 миллионға дейін) артты. Бірінші позицияда өсім бұдан да жоғары болуы мүмкін еді, бірақ тек төрт қазақстандық ет өңдеу зауытының Қытайға экспорттауға рұқсаты бар еді. Ал ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа кәсіпорындар мен жаңа өнімдерге перспективалы нарықтарды дер кезінде ашуы тиіс.
Соған қарамастан, айтарлықтай өсім бар және ол 2020 жылдың қаңтарында енгізілген тірі малдың экспортына мораториймен байланысты.
Тақырыпқа байланысты оқу: Алмасбек Садырбаев: Мал шаруашылығында қиындықтар туындайды
Алайда, егер қайтадан тірі малды шетелге экспорттауға рұқсат алса, жағдай қиындауы мүмкін. Мұның себебі «Атамекен» ҰКП АӨК комитеті бұқаларды шетелге шығаруға келісіп, дауыс берді.
Соңғы қорытынды сөзді Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдайды, бірақ мораторийдің мерзімін ұзарту туралы шешім кейінге қалдырылып жатыр. Сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігі малды сатуға шекараны ашады деп қорқуда. Қазір аталған бөлім өңдеушілер алдында ешқандай жауапкершілігі жоқ. Демек, кез-келген шешімді қорықпай еркін қабылдай алады.
Аяқталмаған тапсырмалар
ЭЫДҰ мәліметтері бойынша, 2017 жылы Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі $5 564 құрады бұл Бразилия ($12 414), Ресей ($13 672), Оңтүстік Африка Республикасы ($11 544) және Түркия ($15 707) секілді басқа дамушы елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған 1 адамға шаққандағы еңбек өнімділігін 2015 жылы 1,2 миллион теңгеден 2021 жылға қарай 3,7 миллион теңгеге дейін арттыру арқылы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін қойды.
Елбасы бұл тапсырманы 2018 жылғы Жолдауында атап айтты.
Тақырыпқа байланысты оқу: Фермерлер мен ет өңдеушілер президенттен мал экспортының мораториін ұзартуды сұрауда
2019 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, өнімділік $5 доллар деңгейінде сол қалпында қалып отыр. 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жаңа жолдауда ауыл шаруашылығында шикізат сатудан бас тарту арқылы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру айтылған. Өнеркәсіп шикізат саудасын тоқтатпайынша, өңделген ауылшаруашылық өнімдерін сатуға көшпейінше бұған қол жеткізе алмайды.
Экспорттық мақсаттың орындалмауы да өнімділіктің өсуінен кем емес маңызды іс болып табылады.
Айтылған Мемлекеттік бағдарламада өңделген ауылшаруашылық өнімдерін шетелге сатуды 2,5 есеге арттыру жоспарланған, яғни 2015 жылғы 945,1 миллион доллардан 2021 жылы 2400 миллион долларға дейін арттыру міндеті қойылды. Алайда, QazTrade баяндамасында хабарланғандай: 2020 жылдың 7 айында Қазақстаннан өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 693,6 миллион долларды құрады, яғни жыл соңына дейін ол максимум 1,2 миллиард долларға жетеді (2,4 миллиард доллардың орнына). Өсу бар, бірақ 250% емес, тек 50%.
Жауапсыздық
Кім кінәлі? Жалпы жауап белгілі, ол-үкімет. Себебі мемлекет Басшысының тапсырмаларын үкімет орындауға міндетті.
Жасалып жатқан сәтсіздіктерге нақты кінәлі адамдарды табу қиын. Яғни, ҚР АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына дұрыс міндеттер енгізді. Алайда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді арттыру және өңделген өнім экспортын ұлғайту міндетін кім орындауы тиіс екені белгісіз.
Бағдарлама ауыл шаруашылығы министрлігіне арналып жазылған сияқты. Бірақ аграрлық бөлім тек ауыл шаруашылық шикізатын өндіру үшін ғана жауап беретін тәрізді. Ол басқа салалармен байланысы жоқ болып көрінеді, атап айтқанда қайта өңдеу, экспорттау немесе дайындау жүйесі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан Қытайға қандай ет сатуы тиіс
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу немесе тамақ өнеркәсібі бойынша жеке бөлім жоқ. Бұл функциялардың бір бөлігі өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бөлімдеріне жүктелген. Азық-түлік және жеңіл өнеркәсіптің жекелеген түрлерін өндірудің тағы бір бөлігі ҚР ИИДМ бақылайды. Міндеттердің тағы бір бөлігі «Атамекен» ҰКП-ға берілген.
Шенеуніктер жауапты адамды таппас үшін сақтықпен әдейі жасағандай болып көрінеді, сондықтан кінәліні табу мүмкін емес.
Мұндай жағдай 2011 жылы іске қосылған ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасын орындау кезінде айқын көрінді. Ол жоспар бойынша 2020 жылы сиыр етінің экспортын 180 мың тонна деңгейіне дейін жеткізу болатын. Алайда, керемет басталған жоба ақырындап басылып барады- ет экспорты бүгінде бірнеше мың тоннаға әрең жетуде.
Кінәлі жауап беретін адамдар жоқ. Оның үстіне құжатты әзірлеген бұрынғы шенеуніктер оны жүзеге асыру үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңгені «алып», қазір мал экспортын ашуды қолдауда. Ал Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазіргі басшылығы оларды қолдауға дайын - өйткені, бұрынғыдай, шикізат өндіруден басқа ешнәрсе үшін жауап бергісі келмейді. «Міне, біз өсірген мал, ал қалғаны біздің шаруамыз емес - өңдеу, сату туралы ешнәрсені білмейміз»-дейтін тәрізді.
Мұндай тәсілмен шын мәнінде тірі малды Өзбекстанға немесе Қытайға шығару - бұл ең оңай жол.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өгей салалары
Шын мәнінде, дәл осы саладағы адамдар өткен бес жылдықта да ауыл шаруашылық саласын кері тартқан еді, дәл қазіргі уақытта да солай қайта өңдеу үшін шикізатқа тәуелді салаларға да кедергі келтіруде, атап айтқанда тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп, фармакология және басқа да салалар.
Тірі малды экспорттау, шын мәнінде - ең құнды ресурсты ысырап ету болып табылады және басқа елдердің қайта өңдеу саласына қолдау көрсету. Егер шенеуніктердің біреуі өнімдерді өңдеу саласына жауапты болса, осындай іске барар ма еді? Бұлай істемес еді деп ойлаймыз. Егер белгілі бір бөлім, мысалы, аяқ киім шығаруға арналған былғары өндірісіне жауапты болса, онда олар шетелге тірі малды шығармас еді, себебі шетелдік өндірушілер мал терісін пайдаланатыны белгілі емес пе? Аталған бөлім малдың экспортын ашудың орнына қайта өңдеу кәсіпорындары мен малдан алынатын шикізатты Қазақстан аумағында қалдырып, қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдайтын еді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстаннан мал экспорттауға салынған тыйымды ұзарту керек
Бір сөзбен айтқанда, бұл бос сөз, себебі Сауда министрлігі қайта өңделген өнімді сыртқы нарыққа ұсыну үшін үнемі ізденіс үстінде, ал Индустрия министрлігі өз кезегінде жаңа индустриялық саясатты жүзеге асыруға тырысып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі елде мал шаруашылығын дамытуға қыруар ақша жұмсайды, содан кейін малды тірідей экспорттауға көшіп, басқа елдің ет өндірісі мен технологиясын қолдайтын болады. Сонымен бірге, Үкімет жыл сайын әлеуметтік маңызы бар өнімдердің өсуіне тосқауыл қоюға тырысады, оның құрамында ет өнімдері де бар, себебі еттің бағасы 20% -ға өседі, тірі малды басқа елдерге сатқан кезде осындай еттің қымбаттағанын бәріміз де білеміз .
Мемлекеттік қолдаудың жоқтығы ауылшаруашылық өнімдеріндегі қайта өңдеу саласына жауапты бөлімнің болмауына әсер етуде. Мұндай жағдай мысалы, диірменшілерде бірнеше рет болды. Ауыл шаруашылық министрлігіне қарайтын бұл сала мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрмейді. Себебі министрлік мұны қажет емес деп санайды.
Тірек және жауапкершілік
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ойластырылмаған шешімдері тізбекті реакцияға әкеліп соғуда. Шикізатты экспортқа сату (мейлі ол астық болсын немесе мал болсын) -онымен байланысты салаларға, фабрикаларға және ет өңдеушілерге зиян келтіреді.
Біз қазірдің өзінде оның салдарын сезініп отырмыз- Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалмауы, алма, балық, құс еті, май, қант сияқты негізгі заттарға импортқа тәуелділіктің болуы азық-түлік қауіпсіздігінің төмендеуіне әсер етуде.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қытайға мал экспорттау ет бағасының қымбаттауына себеп болады
Аталған мәселені шешу үшін құрылымды өзгерту керек. Яғни, кінәлі мекемелер жасаған қателіктері үшін жауап беруі керек. Ал қазір біздегі жағдай басқаша. Шикізатсыз және экспортсыз қалған ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі осындай ойланбай қабылдаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысы үшін жауап беруде.
Бұл жағдайды өзгерту керек дейді мамандар. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту ұзақ мерзімді стратегияға негізделген мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Бұл мәселе ИИДМ ішіндегі бөлімдердің қолында. Бұл дұрыс емес. Сондықтан да тамақ өнеркәсібі де, жеңіл өнеркәсіп те дұрыс дамып жатқан жоқ.
Барлық кезде тамақ және жеңіл өнеркәсіп министрліктері болған, олар осы маңызды салаларды бақылап, басқарған. Ал қазір осы іргелі салалар жетім баланың күйін кешуде.
Елдегі өнімді өңдеу орындары дегеніміз жұмыс орындары, салық базасы, экспорттан пайда түсетін негізгі сала болып табылады. Мұның бәрі дұрыс ойластырылса, мемлекеттік саясат арқылы нарыққа пайда әкеліп, жұмыс істей бастайды.Осылайша толық жауапкершілікті, барлық бақылауды сол министрлікке беру керек. Атап айтқанда, мал экспортына мораторийді алып тастау сияқты ойластырылмаған шешімдерге тыйым салу құқығы.