Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстандағы ет тапшылығы 200 мың тоннадан асады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметті бұрмалап, Қазақстанның ішкі нарығы толығымен дерлік сиыр етімен қамтамасыз етілген деп есеп беруде.
Ақпарат көздерінен алынған деректер бойынша 2019 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 21 кг сиыр етін тұтынған. Ал канадалықтар бұл етті 89 кг, аргентиналықтар 91 кг жеген. Яғни біз сиыр етін жеткілікті мөлшерде жей алмаудамыз,оның орнына арзан импортталған тауық еті сияқты күмәнді өнімдерді тұтынудамыз.
Елге ет және ет өнімдерінің экспорты-импорты туралы статистикалық мәліметтер дәлел бола алады. Атап айтқанда - 2020 жылдың 11 айында Қазақстан 234 мың тонна ет және ет өнімдерін импорттап алған ($329 млн), ал одан 10 есе аз - 24 мың тонна ет экспортталған. Бүгінде еліміздегі ет тапшылығы 210 мың тоннадан асатындығын көріп отырмыз!
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда сиыр еті 50% қымбаттауы мүмкін
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл фактіні ішінара мойындайды. Алайда түрлі сандарды айтып, манипуляция жасап, елде тауық еті мен шұжық жетіспейтінін мәлімдеуде. Біздің нарық азық-түліктің осы түрінің жартысына жуығын импорттауға мәжбүр болып отыр.
Жасалған тұжырымдар сыртқы елден жеткізілетін статистикаға сүйеніп жасалды, шындығында тауық еті (155 мың тонна) және шұжық (34 мың тонна) импортталады. Алайда, ойлап көрсек: қазақстандықтар америкадан әкелінетін тауықтың аяқтарын немесе беларуссиялық шұжықтарды жеуге құлшынып отырған жоқ, егер елдегі сиыр еті немесе қой, жылқы еті қол жетімді болса, соны тұтынар еді ғой. Ет тапшылығы болғандықтан осылай болуда, алайда елде табиғи отандық өнімге баға үнемі өсіп отырады және әлемдік бағадан әлдеқашан асып түсті. Қазақстандықтардың табысы артта қалып, Африка елдерінің деңгейінде болып отыр.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы Фермерлер одағы мал экспортына рұқсат беруге қарсы шықты
Өздеріңіз есептеп көрсеңіздер: Канададағы кәсіпорындарының ірі қара бордақылау орындарынан мал сатып алудың орташа бағасы 1,6 CAN долларды құрайды. Яғни тірілей салмақтың килограмы үшін 500 теңге. Қазақстанда сатып алу бағасы 750-ден 900 теңгеге дейін. Оның үстіне фермер тірідей салмақтың әр келісі үшін мемлекеттен 200 теңге көлемінде субсидия ала алады.
Немесе тағы бір мысал – Аргентинаны алып қарасақ. Онда сиыр еті арзандады, қазіргі уақытта супермаркеттен бір келі етті 1500 теңгеден (песо бойынша) сатып алуға болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Аргентинада сиыр еті арзандады
Алайда, елдің мал бордақылау орындары не сеьептен екені белгісіз әйтеуір Қытайдағы ет бағасын басшылыққа алғанды дұрыс деп санайды, оларда ет құны қазір 3,5 долларды (1500 теңге) құрайды. Неліктен? AЧС эпидемиясы аясында қытайлықтар шошқа етінен бас тартып, толықтай құтылуға мәжбүр болды. Бұл еттің басқа түрлері, оның ішінде сиыр еті бағасының күрт өсуіне себеп болды. Қазақстанның фермерлерінде елдің ішкі нарығында осындай бағаны қоюға экономикалық негіз жоқ.
Егер сиыр етіне баға біздің елдің экономикалық жағдайына қарай қалыптасқан болса (Қытайдағы бағамен салыстыру арқылы емес, ол елде халықтың өмір сүру деңгейі Қазақстанға қарағанда әлде қайда жоғары), онда өсім ішкі нарықтағы сатылым өндіріс көлемін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені ет бағасының төмендеуі кезінде халық импортталған тауықты жергілікті сиыр етімен алмастырып қана қоймай, ақуыз тұтынып, «пайдасыз» көмірсулардан бас тартар еді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Үкімет 2021 жылға арналған мал шаруашылығының субсидия көлемін бекітті
Біз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны түсінбейді деп ойлаудан аулақпыз. Бірақ қандай да бір себептермен ішкі нарықты форс-мажорлық жағдайдағы көршілердің әсерінен қорғаудың орнына, қабылданып жатқан шешімдері халықтың жағдайын жақсартпайды. Бұл жердегі әңгіме үкімет мал экспортына бір жыл мораторий жариялағаннан кейін қабылдаған (квота аясында) бұқа және қойды экспорттауға рұқсат туралы айтылып отыр.
200 мың тонна ет жетіспей отырса да, еліміз шетелге мал экспорттап, ішкі нарықты аш қалдыруда! Бұл азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп, нұқсан келтіру болып табылады.
Аргентина мен Канададағы сиыр етін тұтынудың бұрын айтылған деңгейіне сүйене отырып, біз Қазақстандағы сиыр еті нарығының нақты (Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін қолайлы емес) санын есептей аламыз - бұл қазіргі кездегі 500 мың тонна ет емес, халық 2 млн тонна ет жейді. Әрине, ет бағалары және халықтың табысы жақсы деңгейде болса.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ақбас vs Ангус: тұқымның жақсы және жаман жағы
Мәселе елдің табыс деңгейі туралы болып отыр. Мұнда тағы бір ескерер жағдай: қазақстандықтардың жалақысы, сатып алу қабілеті ұлттық валютаға байланысты себебі оны үкімет шикізат экспортерларының кінәсінен жылдан жылға төмендеуде, (дәлірек айтқанда, үнемі төмендеп отыратын), экспорт шетелдік валютамен жұмыс істейді және ал шығындар теңгемен жасалады. Бұл жағдайда біз фермерлер туралы емес, мал экспортының ашылуынан пайда табатын құрылымдар туралы айтып отырмыз. Кімнің дұрыс екендігін біз экспорт квоталарын бөлгеннен кейін анықтаймыз.
Ия, әрине, нарық сауда үшін еркін болғаны дұрыс. Бірақ сонымен бірге бұл сауда экономикалық даму үшін минус емес, плюс болуы керек. Яғни, Қазақстан тірі ірі қара малды емес, етті экспорттау керек еді (онда бізді ешкім шектемейді). Бұл отандық өңдеу өнеркәсібіне қолдау болар еді. Алайда, тағы да шикізат сатудамыз. Нәтижесінде 2020 жылдың соңғы екі айында (мораторий өз жұмысын тоқтатқан кезде) 20 мың бас ірі қара мен ұсақ мал елден сыртқа кетті. Дүкендердегі ет бағалары қымбаттады. Ал егер мал экспорты тоқтатылмаса, бұл процесс одан әрі де жалғасатын болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Алматы облысының шаруашылықтарына 15,9 млрд теңге субсидия бөлінеді
Мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларына 10 жыл ішінде жүздеген миллиард теңге жұмсалды, алайда Қазақстан тіпті өзін сиыр етімен қамтамасыз ете алмады. Шетелге мал экспорттау арқылы шаруашылықты дамытуға кедергі келтірілуде. Осындайда мемлекеттік қамқорлық болады ма деген ой келеді?