Қазақстандық компания Катарға сиыр етін және қой етін экспорттады

Қазақстандық «Первомайские деликатесы» компаниясы мамыр айының соңында Катар мемлекетіне өнімдерді экспорттау кезінде кедергілерге тап болды. Аталған мәселені шешуге Сауда және интеграция министрлігі мен ҚР СІМ мамандары кірісіп,  өткен демалыс күндері жағдай реттелді, деп хабарлады сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Мекемеде атап өткендей, ет өңдеуде көп жылдық тәжірибесі бар компанияның өнімдері «Халал» стандарты бойынша сертификатталған және бұрын Біріккен Араб Әмірліктері мен Оман Сұлтанатына импортталған болатын.

«Ағымдағы жылдың көктемінде «Первомайские деликатесы»  компаниясы алғаш рет Катар Мемлекетіне өз өнімдерін сатуға келісім шарт жасады (сиыр еті мен қой еті, шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар: қуыруға арналған шұжықтар, сиыр етінен жасалған стейктер, котлеттер). Бірінші партия сәтті экспортталды және Катар Мемлекетіндегі дүкен сөрелеріне сатылды. Алайда мамыр айының соңында екінші партия белгісіз себептермен импортқа жіберілмеді», - деп хабарлады ведомстводан.

Тақырыпқа байланысты  оқу: Қазақстандық компания Жапонияға сиыр етін экспорттай бастады

Катар мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Сауда және интеграция министрлігі қызметкерлерінің бірлескен жедел іс-әрекеттері кәсіпкерлерге келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауға және материалдық шығынның алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта қазақстандық «Первомайские деликатесы» компаниясының өнімдері Катарда сатуға жіберілді.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.