Rodeo USA Beef trade Mission
Rodeo USA Beef Trade Mission ет туры 4-15 наурыз аралығында АҚШ-тың екі штатында - Техас пен Монтанада өтеді. Оған Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан 30 фермер мен етті мал шаруашылығы палаталарының басшылары қатысады. Миссияның ұйымдастырушысы Астанада жұмыс істейтін АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орталық Азия бойынша кеңсесі болды.
АҚШ-қа сапар барысында Орталық Азия фермерлері малды жазғы ұстау (Техас мысалында) және қысқы ұстау (Монтанада) технологияларын зерттейді.
Сондай-ақ асыл тұқымды шаруашылықтарға сапалы генетиканы (эмбриондар мен ұрықтар) жеткізетін зертханаларға бару жоспарланған. Тірі асыл тұқымды малды жеткізуге мүдделі миссия қатысушылары американдық жеткізушілермен тікелей фермаларда кездесулер өткізуге мүмкіндік алады.
Сапар аясында жыл сайын 2,5 млн-нан астам адам келетін әлемдегі ең ірі мал және родео көрмесі - Houston Livestock Show and Rodeo-ға бару жоспарланған.







