«Б-Агро» күнбағыс бағасы көтеріледі деп болжауда. АгроКараван, 1-ші күн

Майлы дақылдардың құны өткен маусымда аграрлық нарықта шарықтап кетті. Күнбағыс, зығыр, мақсары өсіретін фермерлер бағаның бұлайша көтерілуінің арқасында жақсы пайдаға кенелді. Әрине, өнімде жақсы шыққан еді.

Жақсы нәтижеге жету құпиясын білу үшін АгроКараван Шығыс Қазақстан облысына, күнбағыстың отанына аттанды.

Сүт дәстүрлері

Мұнда Агро Караван шеруі тоқтаған алғашқы аялдама Багратионов ауылдық округінің Привольное ауылы болды. Мұнд отбасылық аграрлық кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде Воропай әулетінің үш ұрпағы еңбек етуде: Василий Григорьевич оның балалары Александр  және Наталья, сондай-ақ немересі Данил Воропай. Олар Украина дан көшіп келген азаматтың ұрпақтары, олар 1917 жылғы төңкеріске дейін осында келіп, Митрофановка ауылын құруға атсалысқандардың бірі, ол қазір Привольное ауылымен бірге Багратионовка ауылдық округіне кіреді.

Бүгінде ауыл шаруашылығы кәсіпорнының құрамында-егіншілікпен айналысатын «Багратион»ШҚ және 400 сауын сиыр ұстайтын  сүт фермасы және олардың шикізатын қайта өңдейтін, тәулігіне 30 тонна сүт сауатын сүт зауыты бар. Бұл зауыт революцияға дейін құрылған және орыс-қазақ үлгілі май зауыты деп аталды. Сол кезден бастап мұнда май жинау және ірімшік өндіру дәстүрлері қалыптасқан еді. Кеңес заманында бұл зауыт өте табысты түрде жұмыс істеді және бүгінде бұл зауытта йогурттан бастап, қатты ірімшіктерге дейін көптеген өнімдер шығарылады.

Данил Воропай (суретте) Агрокараванның серіктестерінің бірі болған «Б-Агро»компаниясын басқарады. Компанияның негізгі қызметі фермерлерге жоғары сапалы гибридтті дақыл тұқымдарын жеткізу арқылы жақсы өнім алуға көмектесу болып табылады.

 

Фермерлердің демеушілері

Жоғарыда атап өткеніміздей, өткен жыл майлы дақылдар бағасының шарықтап көтерілгендігінен фермерлер мол табысқа кенелді. Маусымның басында күнбағыс бағасының тоннасы 120 мың теңгеден басталып, баға қымбаттаған соң 180 мың теңгеге дейін жетті. Сол кезде көптеген фермерлер өз өнімдерін сата бастады, олар дақылдың нарықтағы ең жоғарғы бағасы деп ойлады. Алайда, бұл бастамасы ғана еді. Әлемдік бағалар көтеріліп, Үндістанда және бірқатар басқа елдерде жоғары сұраныс болды, ол Қазақстандағы бағаға да әсер етті. Сөйтіп өнім қымбаттай келе қазіргі уақытта оның тоннасы 330 мың теңгеге дейін жетті.

– Күнбағыс - менің сүйікті дақылым және бүгінде ол ең көп пайда түсіретін өнім болып саналады, - деді Данил Воропай. – Кейде, күнбағыс фермердің демеушісі деп қалжыңдаймыз.

Әрине, көптеген фермерлер аз пайда түсетін дақылдардың орнына табысты өнімді  егуге деген құлшыныстарын артты.

- Күнбағысты көбірек еге бастады, біз мұны тұқым сату динамикасынан көріп отырмыз, - деді Данил Воропай. – Біріншіден, бұл бұрын игерілмей жатқан жерлерді қолдана бастағаннан аңғаруға болады, екіншіден, басқа егістіктердің орнына осы дақылды себе  бастады. Біздің сатылымымыз 20 пайызға өсті деп ойлаймыз. Мәселен, егер өткен жылы Қазақстанда күнбағыс 940 мың га болса, биыл ол 1 млн-ға жетеді.

Жаңа маусымдағы баға туралы болжамды айтар болсақ, бастапқа баға өткен жылғы 120 мың теңгеге қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде болады. Алайда, жаңа маусымда 330 мың теңге дейін баруы мүмкін емес, себебі әлемдік нарық коронавирустан кейінгі дағдарастын кейін қалпына келіп, түсуі мүмкін.

 

Гибридті тұқымдарды таңдау

Жалпы алғанда «Багратион» ШҚ егістіктерінде 17 мың га алқапқа егін егілді, оның басым бөлігіне күнбағыс (7 мың га) және бидай (7 мың га) себілді. Жемшөп дақылдары да бар. Сондай – ақ жүгері 1 мың га, астық 200 га, сүрлем 800 га жерге егілді.

Агро Караван күнбағыс егу аяқталған кезде 10 мамырда Багратион шаруа қожалығының алқаптарында болды. Euralis компаниясының ЕО Янис және ЕО Генезис будандарының тұқымдары себілді. Өсіру кезінде Clearfield plus технологиясы қолданылады, ал топыраққа 1 га жерге 180 кг карбамид және шамамен 200 кг сульфоаммофос мөлшерінде тыңайтқыштар қосылды.

- Осы алқаптардағы өнімалу жоспар бойынша 35 ц/га , осы көрсеткішке жетеміз деген ойдамыз. Біз топыраққа агрохимиялық талдау жасадық, оның құнарлылығын бағаладық, ауа-райы жағдайларын сараптадық. Бұл жұмысты біз американдық зертханамен бірге жасап жатырмыз. Бізде жақсы өнім алу үшін барлық жағдай жасалған.

ШҚО бойынша күнбағыстың орташа өнімі 2020 жылы 12 ц/га құрады.

Әрине, жақсы өнім алу үшін дақыл тұқымын таңдау маңызды рөл атқарады. Багратион күнбағыс будандарын өсіруге толығымен ауысып, басқа сұрыптарды өсіруден бас тартты.

Тақырықа байланысты оқу: Данил Воропай: АгроКараван ауыл шаруашылық орталықтарын біріктіруде

Будандарды таңдаған кезде, көп өнім алуға ғана назар аударылып өана қоймай, сонымен қатар қолайсыз ауа-райы факторларына төзімділігі, түрлі ауруларға шалдықпайтын болуы керек. Мұндай тұқымдарды пайдалану өткен жылдағыдай және қазіргі кездегі құрғақ кезеңде жақсы өнім алуға мүмкіндік береді.

- Гибридтерді басқа сұрыптармен салыстырғанда өнімділігі жоғары болады, - деді Данил Воропай. - Иә, олардың бағасы қымбат боладыі, бірақ олардан алатын өнім шығындарды толығымен өтеуге мүмкіндік береді.

 

Көктемгі пессимизм

«Б-Агро» компаниясы Франция, Түркия және Ресей өндірушілерінің тұқымдарын Қазақстанға жеткізеді. Негізінен өнімдірін Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар және Ақмола облыстарына сатады. Сондай-ақ, «Б-Агроның» Алматы және Түркістан облыстарында серіктестері бар, оған жүгері будандарының тұқымдары жеткізіледі. Ал осы маусымда мақта тұқымдарымен жұмыс істей бастады.

Бұл жерде «Б-Агро» компаниясының бастапқы мақсаты Өскеменнен келген ғалымдардың қатысуымен жеке селекция жұмыстарын жасау, тұқым шаруашылығы және күнбағыс будандарын өндіру болды. Алайда, осы жұмысты жүргізген кезден бастап, компанияның серіктестері жасаған гибрид тұқымдарды Қазақстанда сатуды да талап етті. Осылайша, «Б-Агро» қызметінің жаңа бағыты пайда болды, ол - күнбағыс будандарының импорттық тұқымдарын сатумен айналысу. Кейінірек жүгері будандары мен оңтүстік аймақтар үшін мақтаның тұқымдарын сату жұмысы қосылды.

Қазіргі таңда селекциялық жұмыстар мен тұқым шаруашылығы мәселесі екінші орында қалды, өйткені өздері өндіре бастаған кездегі алғашқы жылдары жергілікті будандардың әлемдік тұқымдардан төмен болатындығы анықталды.

«Егер отандық өнімді жасайтын болсақ, оны орташа деңгейде емес, жақсы етіп жасау керек», - дейді Данил Воропай. – Сондықтан, әзірге біз өндіретін өнімдерімізді ешкімге сатпаймыз, тек өзіміздің «Багратион» Шаруа қожалығында егеміз. Жылына біз 12-15 буданды сынқтан өткіземіз, әзірге жеткен жетістіктеріміз  жаман емес. Алайда, егер бұрын біз 20 ц/га өнім жинасақ жақсы деп есептейтінбіз, ал қазір нарықта мұндай көрсеткіш аз болып саналады. Сонымен қоса ылғал тапшылығына, түрлі ауруларға төзімді болуы маңызды болып саналады.

2020 жылы «Багратион» шаруа қожалығында күнбағыс үшін орташа өнімділік 21 кг/га деңгейінде болды.Осы көрсеткішке де риза болдық, себебі ауа-райы құрғақ болған еді.

Осы маусымда «Багратион» ШҚ алқаптарындағы жағдай да керемет емес деп бағаланады. Себебі, қыста жауын-шашынның аздығына байланысты ылғал аз болуда.

«Бізде тек наурыз айында ғана қар жауды», - деді Данил Воропай. – Ал ол кезде жер қатып жатқан еді. Ал сәуір айында күн күрт жылынып, қар тез еріп, еріген су топыраққа сіңудің орнына Ертіске ағып кетті. Сондықтан топырақтың бір метр қабатында ылғал өткен жылдарға қарағанда аз.

Осындай жағдайларға байланысты фермерлер алаңдауда және топырақта әлі де бар ылғалды барынша пайдалану үшін егін егу сәл ертерек басталды. Біз егінді егуді 26 сәуірде күнбағыстан бастадық. 12 - 13 мамыр кезінде оны толығымен егіп бітірдік.

 

Фин технологиясы

Жүгері егуді 20 мамырда аяқтау жоспарланған. «Б-Агро» компаниясы Қазақстанға осы дақылдың гибридтерінің тұқымын жеткізеді. «Багратион» ШҚ-да «Агро плазма» компаниясының «Скап 201» және Euralis - тің ЕО «Бомбастик» тұқымы егіледі.

Егер біз нарықтағы жүгеріге сұраныс мөлшері туралы айтатын болсақ, онда бұл ең құнарлы, сүтті тағам. Сүтті мал шаруашылығымен айналысатын барлық фермалар оны жемге қосуға тырысады, өйткені малдың рационында жүгерінің болуы  сүт сапасын арттырудың бір жолы болып табылады.

Алайда, егер Қазақстанның оңтүстігінде бұл дақыл өсіруде ешқандай да қиындық болмаса, солтүстікте бұл климаттықерекшелікке байланысты күрделі, себебі жаз мезгілі тым қысқа және суық. Басқаша айтқанда мұндай температурада жылудың аз болуынан жүгері пісіп үлгермейді. Тазалау кезінде ылғалдылық 35% -ға жетеді немесе одан да көп мөлшерде болады. Мұндай астықты кептіру керек, бұл үлкен шығынға әкеледі және жемнің айтарлықтай қымбаттауына әсер етеді. Бұл жағдайдан шығудың жолы-сүтті және сүтті-балауызды пісуі кезінде астықты тазартуға мүмкіндік беретін фин  Murska астық технологиясын қолдану болып табылады.

«Егер жүгері тұқымдары туралы айтатын болсақ, онда бізде будандарды ертерек егу керек деген қате теория бар, сонда ғана олар біздің климаттық жағдайымызда пісіп үлгереді», - деді Данил Воропай. – Шын мәнінде, тәжірибе көрсеткендей, ауа температурасын тиімді пайдалану жеткіліксіз, өнімді жинау кезінде олар кейін егілген гибридтермен ылғалдылығы бірдей болады. Сонымен бірге өнімділігі 20% - ға аз. Сондықтан біз ФАО 200 – 230 деген тұқымды егуге көштік.Біз оларды қыркүйектің ортасында, астықтың ылғалдылығы жоғары кезде жинаймыз. Себебі Қазақстанға Финляндиядан әкелген Murska астық жаншу технологиясын пайдаланамыз.

Қазір «Б-Агро» компаниясы Murska-ны Қазақстанда сататын өкілі болып табылады. Технологияның мәні- қарапайым комбайнмен бастырылған астыққа арнайы Шырмауық қондырғысы пайдаланылады. Қазірдің өзінде тегістелген астық траншеяларда немесе басқа қондырғыларда сақталады. Консерванттарды (пропион және формикалық қышқыл) қолдану арқылы өнімді екі жыл сақтауға болады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда 22,8 млн гектар алқапқа егін егіледі

Бұл технологияны ШҚО, Павлодар, Ақтөбе облыстарындағы сүт фермалары пайдаланып отыр. Енді оңтүстік аймақтардан сұраныс келдуде, мүмкін, көптеген Murska-ны сол облыстарға жіберерміз. Себебі онда олар өнімділігі жоғары кейінгі будандарды өсіргісі келеді. Ал бұл фин технологиясы өнімді артық шығынсыз кептіруге мүмкіндік береді.

Жергілікті жердің артықшылықтары

«Багратион» ШҚ-да жүгерінің өнімділігі өткен жылы орта есеппен 40 кг/га құрады. Бидай жайлы айтар болсақ, бұл астық 2020 жыл қиын болды, ал «Багратион» ШҚ-да орташа өнімділік әрең дегенде 15 кг/га жетті.

Жалпы, бидай шаруашылықта дәстүрлі түрде 7 мың гектарға себіледі, қазір негізінен - Омбы-18 тұқымы себіледі.  Сонымен қатар, аталған шаруашылық сұрыптың түрін ауыстыру туралы ойлары бар және жыл сайын жаңа нәрсені сынау үшін арнайы жер бөлінеді. Мұнда шетелдік сорттардыы да қазақстандық тұқымды да себеді. Сонымен, отандық тұқымдар  импортталған тұқымдармен салыстырғанда жақсы нәтиже беруде.

«Құрғақ жылдары аталған импорттық тұқымдардың ерекшеліктерін   көруге болады, оларға ылғал жетіспейді», - деп түсіндірді Данил Воропай. – Ал жаз жақсы болған кезде көрсеткіштер шамамен бірдей, импорттың  артықшылығы шамалы болады. Бірақ егер  бірнеше жыл бойы сынақтан өткізіп, іріктеу жасасақ, онда қазақстандық сұрыптар олардан жақсы.

Фермада негізінен ескі «Фрегаттар» қолданылатын суармалы жерлер бар. Бірақ бірнеше жаңа Reinke электр машиналары орнатылды. Суару үшін жоңышқа, сүрлемге жүгері және астық өсіріледі.

Жаз бойы суармалы судың қоры еріген судың есебінен толықтырылады, оны бұрын  жергілікті өзенге салынған ерекше бөгеттер жүйесі арқылы екі тоғанға жинауға болатын еді.

 

Егін жинау

Ағымдағы жылдан бастап «Багратион»  шаруа қожалығы топырақтың құрамын агрохимиялық талдаудың американдық бағдарламасын іске қосып, тыңайтқыштарды сараптай бастады.

Шаруашылықта қарашірік мөлшері аз қара қоңыр топырақ басым. Талдау көрсеткендей фосфордың айтарлықтай жетіспеушілігі бар, азот мөлшері де аз және калийдің көлемі аздап артық екені анықталды. Күнбағыс фосфордың құрамына байланысты болғандықтан, фермадағы егістік жерлерді құнарландыруға ерекше назар аударылады.

Сондықтан күнбағыс алқаптарында топырақ күзде дайындалады-күздік жер жырту жүзеге асырылады. Минералды тыңайтқыштардан сульфоаммофос және мочевина міндетті түрде қолданылады.

-Бізде күнбағыс үшін 400 кг тыңайтқыш қосатын алқаптар бар, - деді Данил Воропай.  Аталған тыңайтқыш мөлшері топырақтың құнарлылығына және осы алқаптың күтіміне  байланысты болады, кейбір жерлерге 110-120 кг саламыз..

Егістік жерлер жайлы жоспарымызды айтар болсақ, нақты егіншілікке көшуді  жалғастырамыз, сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың негізгі дозасын күзде енгізуді бастаймыз және сұйық тыңайтқыштарды кейіннен көктемде қосатын боламыз, олар көшеттердің тамыр жүйесін қалыптастыруда жақсы әсер етеді. Өткен жылы КАС-32 - мен тәжірибе жасап көрдік және фермерлерге оны қолдану ұнады, себебі сұйық тыңайтқыштарды пайдалану үшін ылғал қажет емес. Құрғақ климатта бұл өте маңызды.

Айта кетерлік жағдай, «Багратион» шаруа қожалығында тағы бір қызмет бағыты дамуда, ол экзотикалық – марал шаруашылығымен айналысу. Олар үшін арнайы саябақтар жасалып жер қоршалып,бидай егілген арнай жайылымдар бар.

2000-шы жылдары шаруашылық жетекшісі Василий Григорьевич Воропай Қатон қарағай таулы аудандарынан 120-ға жуық Марал әкелді. Содан бері олар осында ұсталып келеді.

Аталған маралдар жайылымда жүреді, ал жылына бір рет жазда олардың мүйіздері алынып «өнім» жиналады. Бұл мүйіздері арнайы дайындалып, Оңтүстік Корея мен Қытайға экспортталады, себебі олар оны тағам ретінде тұтынады. Маралдардың өздеріне ешқандай зиян келмейді, өйткені олар үшін мүйіздерін жылына бір рет тастау табиғи процесс.

Сергей Буянов, видео авторы

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.