Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысушылар егіс алқаптарын 30%-ға дейін кеңейтуге дайы
Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға тыйым салғандығы дұрыс шешім болмады. Себебі бұл жағдай еңбеккерлерді егіс алқаптарын азайтуға мәжбүрлеу болып табылады. Мемлекет керісінше осы оңтайлы сәтті пайдаланып, көп өнім жинап, азық –түлік өндірісі бойынша алдыңғы қатарлы жетекші орындарға шығуға мүмкіндігі бар, деп санайды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңесшісі Ербол Есенеев.
Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда
Астықтың алтын қоры
Еске сала кетейік, Қазақстан үкіметі соңғы он жылдан бері экспортқа бағытталған АӨК –ті құру қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан еді. Бұл мәселе ҚР Елбасы мен Президентінің жолдауларында, сондай-ақ саланы дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаларда бекітілген еді, атап айтсақ -2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін елден ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 2,5 есеге өсуі тиіс болған.
Аталған міндетті орындау мақсатында арнайы мемлекеттік құрылымдар ұйымдастырылды. Олар қазақстандық өнімдерді сыртқы нарыққа шығару үшін сауда жолындағы бөгеттерді алып, үкіметаралық келісімдер жасаған.
Бірақ билік қазіргі жағдайда өз позициясын 180 градусқа өзгерткендіктен, бұл салада мәселе туындауда. Бизнеспен айналысушылар не істерлерін білмей дал болуда, себебі бұрын жасалған келісім шарттар бұзылып жатыр. Олар өз тауарларын сыртқа шығара алмай, ішкі нарықта бекітілген бағамен сатуға міндетті болып отыр (белгіленген баға шетелге сатылатын бағадан әлдеқайда төмен).
ҚР Аул шаруашылық министрі Сапархан Омаров елден 1 қыркүйекке дейін кейбір азық-түлік түрлерін, оның ішінде күнбағыс тұқымы да бар сыртқа шығаруға тыйым салу туралы бұйрыққа 2 сәуірде қол қойды. Сонымен қатар тағы 4 тауарға квота берілетін болды.
-Осы тыйым салу шарасынан күнбағыс өсірушілер зардап шегуде,- деді Ербол Есенеев. Себебі осы саланың еңбеккерлері өнімдерін әдейі көктемге дейін сақтайды.Сондықтан да олар несие алмай, көктем мезгілінде өнімдерін сатып пайда түсіруді жоспарлайды және түскен ақшаның бір бөлігіне тұқым сатып алады. Бұл олардың бизнестерін сақтайтын. ұстап тұратын «алтын қорлары». Бірақ елдегі тыйым бұл тәсілді жоқ қылуда.
Табысты жыл
Осындай жағдай ауыл шаруашылығының басқа да (мүмкін жеңілдеу шығар) салаларында кездесуде. Банктер Қазақстанның агро бизнесіне несие бермейді. Холдинг «ҚазАгро» холдингінің 70 млрд-тай қаржысы фермерлердің егістікке байланысты қажеттілігінің 10% - ын ғана қамтамасыз етеді. Осылайша еңбеккерлердің 80-90% - ы көктемгі егін егу жұмыстарына өз қорларын жұмсайды. Алайда өнімдерін экспортқа шығара алмайтын болса, олар қолда бар мүмкіндіктерінен де айырылып отыр.Сонымен қатар қазіргі теңге бағамының түсуі олардың шығындарын 20% - ға дейін арттырып отыр.
Мұндай қиын жағдайда, тұрақсыз кезеңде не істу керек? Алдағы жинайтын өнімді бекітілген бағамен, нарықтағы құннан төмендетіп сатуға міндетті ме? Бұл шешімнен кейін фермерлер ең алдымен егіс алқабын азайтуды ойластырады. Ең аз дегенде шығынды жабатындай 20% - ға қысқартады. Қазақстандағы егіс алқабының көлемі 22,5 млн га десек, соның 4,5 млн га жерін алып тастауға тура келеді. Олай болса алдағы өнім мөлшері қанша есе азаяды! Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін көп мөлшер болып саналады. Үкімет тыйым салар кезде дұрыс шешім қабылдағаны жөн ау.
- Ең өкініштісі біз жеті жылдан бері күткен ең қолайлы кезеңде тұрмыз. Атап айтсақ. 2020 және 2021 жылдары егін мөлшері мол болады деп күтілуде-деді Ербол Есенеев. Егер 1астық ексек, содан -70 астық алатын сәт туып тұр. Себебі Еуропада (Италия, Франция, Испания) коронавирустың салдарынан егін егу, тұқым себу жұмыстары ойдағыдай болмауда. Сондықтан да ЕО –ға көршілерден азық-түлік қажет болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан астығы Орталық Азия елдері үшін де керек. Бұл біз үін жақсы мүмкіндік. Еліміз астық саласында алдыңғы қатарға шыға алады. Егер бізде нан болса, барлық елдер бізден алу үшін келеді. Осындай кезде тыйым салудың рнына, аграршыларға жағдай жасап, қолдау көрсету қажет.
Сондай-ақ, халық күнтізбесі бойынша ауа райы да қолайлы болып тұр, деп атап өтті Ақтөбе фермерлік орталығы 4 сәуір күні аймақ билігіне жолдаған хатында. Ақтөбелік еңбеккерлер егіс алқаптарын кеңейтіп, бұрынғы көлемнен үш есе артық өнім жинауды жоспарлап отырғандығы айтылды. Аймақтағы егін көлемін 30 млн га дейін өсіруге мүмкіндік бар.
Бірақ бұл үшін олар үкіметтен қолдау сұрап отыр (ең алдымен, ЖЖМ бөлу). Әзірге қолдау мен көмектің орнына аграрлық бизнес өкілдері әртүрлә тыйымдарға тап болып отыр