Голштин тұқымының «Отаны». АгроКараван Сүт 2021, 3 күн

ElDala.kz  порталының  сүт  АгроКараваны  атты іс-шарасы Ақмола облысында жұмыс істейтін  «Родина» Агрофирмасында болды. Аталған компанияның барлық өнімі елорда тұрғындарын сүтпен қамтамасыз етуге бағытталған. Сұраныс өте жоғары, ал шаруашылықтың міндеті – сүт сауу өнімділігін арттыру арқылы өндірісті ұлғайту, өйткені қолда бар инфрақұрылым сиыр табынын кеңейтуге мүмкіндік бермейді.

«Родина» агрофирмасының сауын малы 2070 басты құрайды. Бұл голштин тұқымды, сүтті ірі қара мал. Бір сиыр орташа есеппен тәулігіне-32 литр сүт береді. «Родина» Агрофирмасы 65 тонна сүт өндіреді, ол өздерінің сүт өңдеу зауытына келіп түседі.

Ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының деректеріне сәйкес, 2020 жылы «Родина» Агрофирмасы 21 678 тонна сүт өндірді.

Ағымдағы жылы «Родина» Агрофирмасында алғашқы суару алқаптары іске қосылды. Суару жүйесі 700 га жерге орнатылды, күзде суару жүйесін кеңейтіп, оны 2000 га дейін жеткізу жоспарлануда, негізінен сүрлем үшін жүгері, сонымен қатар ауыспалы егісте басқа да дақылдар, соның ішінде жоңышқа өсіріледі.

- Айналмалы түрде жұмыс істейтін жаңбырлатқыш Valley қондырғыларын таңдадық, аталған техниканы Қазақстанда шығару үшін американдық Valmont Industries компаниясымен  бірлескен кәсіпорын құру жоспарланды, - деді «Родина» агрофирмасының директоры Иван Сауэр (суретте). – Біз ұзақ уақыт бойы Есіл өзенінен су алу үшін рұқсат ала алмадық, алайда бұған ақыры қол жеткіздік. Енді біз өз өндірісімізге арналған жемді шығарып, өз қажеттілігіміздің көп бөлігін жаба аламыз. Біз әр гектардан кем дегенде 40 тонна өнім аламыз деп күтудеміз. Біздің әріптестеріміздің тәжірибесіне қарай отырып, өндірісті дұрыс ұйымдастыру керек екендігін түсінеміз. Сөйтіп әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Арал маңындағы оазис,  АгроКараван Сүт, 2 күн

«Родина» ауылшаруашылық фирмасындағы малға негізінен азық ретінде-сүрлем мен пішен беріледі. Сонымен қатар жем, шөп қосылады. Азықты барлық қажетті микро - макроэлементтермен байыту үшін әртүрлі қоспалар да беріледі. Малдарға «Родина» компаниясы көп жылдан бері «Мустанг Азия» компаниясының өнімдерін алуда. Осылайша жақсы қоспалармен байытылған азық мал денсаулығын сақтай отырып, сүт өнімділігін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бізге «Мустанг Азия» компаниясының аға кеңесші-сарапшысы Михаил Морозов (суретте) озық технологияларсыз жоғары өнімді алуға және сиырлардың денсаулығын жақсы қалыпта ұстау мүмкін еместігі туралы айтты. Аталған компания «Родина» агрофирмасымен 2017 жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді.

- Біз мал рационын есептеу және оларды толықтай құрастыру жұмыстарымен айналысамыз, - деді Михаил Морозов. - Біз негізінен органикалық, оңай сіңетін қоспаларды ұсынамыз. Жалпы, малға дұрыс азық беру-бұл істің аз ғана бір бөлігі. Бірақ оны орындау, жүзеге асыру-үлкен күш пен мүмкіндікті қажет етеді. Соңғы онжылдықта сиыр сүтінің өнімділігі екі - үш есе артты. Ал мал генетикасы ерекше-егер қажетті элементтер азықта жеткіліксіз болса да, ол барлық микро және макроэлементтерді, дәрумендерді сүті арқылы береді. Сондықтан сиырдың азықтық балансын дұрыс жасап, жетіспейтін азықпен толтыру маңызды. Атап айтқанда, селен, мырыш, мыс және А, D, Е дәрумендері керек және соңғы уақытта биотин де мал тұяқтары үшін қажет, бұл бағытта ғылым саласы бір орында тұрған жоқ, «Мустанг Азия» компаниясы  заман сұранысына қарай, уақытпен қатар жүріп, үнемі жаңалықтар енгізуде.

 

Тақырыпқа байланысты оқу: 2020 жылғы Қазақстандағы сүт өндіруші ТОП-50 компания

«Родина» шаруашылығына алғаш рет мал 2007 жылы Канададан әкелінді. Әрі қарай малдарды Австрия мен Германиядан әкеле бастады. Қазір табын сол малдардың өз төлдерінің есебінен толықтырылуда. Мал көбейту цехында 12,5 айдан 14 айға дейінгі бұзаулар ұсталады. Мұнда жасанды ұрықтандыру жұмыстары да жүргізіледі, аталған шаралардың арқасында алынатын ұрпақтардың 96-97% ұрғашы мал.

Сиырларда қолдан шағылыстырғанда екі ұрық болуы мүмкін, сондықтан «Родина» Агрофирмасында сиырлардың өнімділігі 77-78% құрайды.

- Егер сүт өндірісі жайлы айтар болсақ, біздің шаруашылықта тәулігіне 60 литр сүт беретін сиырлар да бар, - деді «Родина» агрофирмасының бас зоотехнигі Виктор Дмитраш (суретте). - Ал рекордтық көрсеткіш 62 литр болып табылады.

Тақырыпқа байланысты оқу:  Сүт саласындағы миллиардтар: субсидия бөлу сүт көлемін үш есе арттыруда

Родина Агрофирмасы ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарының Ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасымен белсенді түрде ынтымақтасады, бұл салада ғылыми жұмыстар жүргізіледі,  малды бағу-ұстау мен азықтандырудың озық технологияларын енгізуге және малдың сапалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ палата Қазақстанның сүт шаруашылықтарына қызметкерлердің біліктілігін арттыруда оларға саланың жетекші халықаралық сарапшыларын шақыра отырып, семинарлар өткізуде жақсы көмек көрсетеді.

Сергей Буянов, фото және видео автордікі

ЖОБАНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ СҮТ ЖӘНЕ АРАЛАС ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ПАЛАТАСЫ

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.