Галицкийдің ғасырлық дәстүрлері. АгроКараван Сүт 2021, 10 күн

Галицкое ауылы Павлодардан 150 км қашықтықта, Ресеймен шекаралас жерде орналасқан. Шаруашылықтың егіс алқаптары орасан зор, 40 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Valley өндірісінің жаңбырлатқыш қондырғылары орнатылған суармалы жерлері де бар.

Суретте Александр Касицин

Қуатты жем-шөп базасының арқасында мұнда 1300 бас малға жуық сауынды сиыр табыны бар. Оның 900 сиыры сауылады. Біздің шаруашылық Симментал тұқымдарды таңдады, өйткені олардың сүт өнімділігі жоғары. Қазір орташа есеппен бір сиыр жылына 6500 литр сүт береді. «Галицкое» ЖШС 2020 жылы 6564 тонна сүт өндірген.

Тақырыпқа қатысты оқу: Қазақстандағы 2020 жылғы ТОП-50 сүт өндіруші компаниялар

Шаруашылықтың ежелгі тарихы бар, ол 1929 жылы Карл Маркс атындағы ұжымшар ретінде бір ғасыр бұрын пайда болды. Айта кетерлік бір жағдай  бұл тарихи тұлғаның ескерткіші ауылдың орталығындағы саябақта орналастырылған.

Тақырыпқы қатысты оқу: Сыр жейтіндер не себепті сиырдың монбельярд тұқымын жақсы көреді . АгроКараван Сүт  2021,9-шы күн

Александр Касицин 1993 жылы осы шаруашылықтың төрағасы болып сайланды және онымен бірге реформалаудың барлық кезеңдерінен өтті.

- «Галицкое» ЖШС ретінде біз 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, - деді ол.   - Бізде өсімдік шаруашылығы да, мал шаруашылығы да әрдайым қатар дамыды. Тек шаруашылыққа арналған жеріміз аздау болды. Яғни, егер Карл Маркс ұжымшарының егіс алқабы сол кезде 12 мың гектар болса, бүгінде ол 40 мың гектардан асады. Мал шаруашылығымен және әрдайым ет және сүт өнімдерімен айналысқан болатынбыз. Мал басы аз болды, бүгінде ол 3 мыңнан сәл артық 5 мыңға жетті. Бұл етті мал - қазақтың ақ бас сиырлары, сүтті малдан - симменталь тұқымын ұстаймыз.

2009 жылы шаруашылықта сүтті мал шаруашылығына деген көзқарасты түбегейлі өзгертуді ұйғарды, себебі алынатын сүт мөлшері өте төмен болды, бір сиырдан жылына 3000 - 3500 литр сүт алынатын. 2010 жылы екі сиырдың тұқымы жаңартылды. Әсері бірден байқалды - сауын мөлшері бір жарым есеге, 4500 литрге дейін өсті. Қазіргі заманғы сүт кешенін салу туралы шешім сонда қабылданды. Ет бағытын да ұмытпадық, аналық мал басы 800 ақбас сиырды құрайды.

Тақырыпқа қатысты оқу: Симменталдар vs Голштиндер. АгроКараван Сүт 2021, 5-ші күн 

- Қазір ет сүтке қарағанда сұранысқа ие, тіпті одан да көп болуы мүмкін, - деп атап өтті Александр Касицин. - Сондықтан бізде сүт беретін сиыр саны 2 мың басқа дейін, ал ет басын 1000-ге дейін жеткізу жоспарланған. 2022 жылы біз осы көрсеткіштерге қол жеткізуіміз керек.

Сондай-ақ, сиырдан жылына 7500 литрге дейін сүт сауу жоспарлануда. Яғни, тәулігіне 24 литрден астам сүт аламыз. Симменталдар үшін бұл өнімділіктің оңтайлы деңгейі деп есептеуге болады.

Тақырыпқа қатысты оқу: Арал маңындағы оазис, АгроКараван Сүт, 2-ші күн

Ол үшін жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Біріншіден, суармалы алқаптар кеңейіп, өндірілетін жемшөптің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, азықтандыру және мал ұстау мәселелеріне мамандар шықырылады, сондай-ақ цифрландыру енгізіледі.

- Бүгінде біз «Мустанг Азия», компаниясымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, оның мамандары сүт бағытында толықтай көмек көрсетуде, - деді «Галицкое» ЖШС мал шаруашылығы жөніндегі директорының орынбасары Максим Мисюль (суретте). - Бұл - малдың тұқымдарын азықтандыру рациондарын жасау, олар заманауи зертхананың арқасында азық құрамын жасайды. Оның артықшылығы - зерттеу жұмыстары жедел жүргізілуде -  жемшөп құрамынан қоспасын алсақ, екі минуттан кейін нәтижені білуге болады, оның құрамында  не бар, не жетіспейді, барлығын білуге болады, қанша протеин, қанша крахмал және басқа қоспалардың қандай мөлшері бар екендігін анықтауға болады және  оны реттей аласың. Сүрлем жиналатын қамбадан жемді іріктеп алып, мыңдаған шақырымдағы жерге апарып, нәтижелерді апталап күтудің қажеті жоқ. Жұмыс істеуге ыңғайлы. Сондай-ақ, біз «Мустанг Азиядан» өнімділігі жоғары сиырларды бөліп алуға көмектесетін премикс аламыз. Осының арқасында сиырдың денсаулығын сақтаймыз.

Болашақта «Галицкое» ЖШС сүт фермасында «Мустанг Азия» - жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалық өнімді енгізу мүмкіндігін қарастырады, ол сиыр табынының жай-күйін бақылап, зоотехниктер мен ветеринарларға әрбір нақты жануармен қандай іс-шара жасау керектігін және уақытын хабарлайды.

«Галицкое» ЖШС-де ұрықтандыру қос тұқыммен жүргізіледі. Симменталь - құрама, сүтті-етті тұқым болғандықтан бұқалары тез арада салмақ жинайды. Оларды бордақылауды шаруашылық дербес түрде өзінше жүргізеді.

Тақырыпқа қатысты оқу: КаМал азығын дайындау сүт фермаларының тиімділігін қалай арттырады

Малдың жемшөбіне арналған 1000 гектарға жүгері егілді, 1000 гектарға донник, 2000 гектарға бір жылдық шөптер себілген. Арпа мен сұлы өсіріледі, бұл өз құрама жем зауытында толыққанды жемшөп өндіруге мүмкіндік береді.

Тақырыпқа қатысты оқу: Барлық мәселе мал азығында. АгроКараван Сүт 2021, 4-ші күн

- 2015 жылдан бастап біз алқапты суарумен белсенді түрде айналыса бастадық, - деді Александр Касицин. - Бұл 350 гектарға арналған алғашқы учаске болды. Қазір суару алаңы 900 гектарға жетті. Қазір суаруды 1500 гектарға дейін кеңейту жобасы қолға алынды. Біздің аймақта суарудың ерекшелігі - бізде ашық су көздері, көлдер де, өзендер де жоқ. Сондықтан біз суды тереңдігі 850 метр, секундына 22 литр су шығатын ұңғымадан аламыз. Барлық жұмсалатын шығындарға қарамастан, суару арқылы өсірілетін жемшөптің өзіндік құны біз бұрын алатын жемшөптен әлдеқайда  төмен.

«Галицкое» ЖШС сүтті сиырлары рационының негізін жүгері сүрлемі құрайды. Қазіргі мал басы кезінде шаруашылыққа жылына шамамен 20 мың тонна қажет. Бұл көлемнің барлығы дербес дайындалады.

 - Біз, ірі қазақстандық сүт өндірушілермен тығыз қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасамыз, - деп атап өтті Александр Касицин. - Сондай-ақ бізді Сүтті және ірі қара мал аралас тұқымдарының республикалық палатасы біріктіреді. Өндірістің технологиялық деңгейі өсіп келеді, бұл біздің дұрыс бағытта жұмыс істеп келе жатқанымызды көрсетеді.

Сергей Буянов

 

ЖОБАНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

СҮТТІ ЖӘНЕ ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ АРАЛАС ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ПАЛАТАСЫ

МУСТАНГ АЗИЯ

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.