Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
АгроДайджест -№ 7 шығарылым
Нұр-Сұлтан қаласындағы жасыл дәлізден қалай өтуге болады? Қазақстан халқы елде азық –түлік мәселесі туындаған жағдайда оған дайын ба? Фермаларда зиянкестердің таралуын азайтуға байланысты қандай жоспарлар жасалуда? Павлодарлық фермерлерге коронавирус жағдайы қалай әсер етті? Бұл туралы жаңалықтарды Агродайджестің жаңа шығарылымынан оқыңыз.
Қазақстанда: Нұр –Сұлтан қаласында ауыр жүк көліктері жасыл дәлізден қалай өтеді?
Төтенше жағдай кезінде астана халқын азық-түлікпен және қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жасыл дәліз құрылады. Нұр-Сұлтан қаласына кіретін және шығатын жүк тасымалдаушы жүргізушілер енді блок постардан кедергісіз өтуіне өтінім бере алады.
Бұл іс-шараны Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ашты, ал еліміздегі майлы дақылдарды өндіру саласына серпін беру үшін және мемлекет оның дамуына қолдау көрсету үшін дайын екендігін атап айтты.
«Біз майлы дақылдарды өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастырудамыз. Оларға жеңілдетілген бағамен минералды тыңайтқыштар, жнар-жағар май, тұқым, гербицидтер, инвестициялық субсидиялар, жеңілдетілген неси беруге қатысуға мүмкіндіктер жасаудамыз», деді Сапархан Омаров.
Пандемия әсерінен аштық болуы мүмкін бе?: біздің дайындығымыз қандай?
Вирус және онымен күресу шаралары экономикалық байланыстарды қиындатуы мүмкін. Өндіріс саласында кедергілер пайда болып, сәуір-мамыр айларында азық-түлік дүкендеріне тауарларды жеткізу қиындауы мүмкін дейді сарапшылар. Әзірше көптеген елдерде азық-түлік қоры бар болғандықтан, қиыншылықтар туындамай үкімет бақылап отыр.
Күтпеген мәселелер туындаған жағдайда жасалатын жоспар: қандай істерден басталуы керек?
Қазіргі жағдай бойынша, сіздің жеке шаруашылығыңызда, фермаңызда егер елде күтпеген жағдай орын алар болса, жасайтын іс-қимылдарыңыздың жоспары болуы тиіс. Аталған жоспарға дайындалу керек, яғни оны алдын ала жасау керек. Мұндағы басты мәселе «күтпеген жағдай», аталған мәселе болуы да мүмкін туындамауы да мүмкін.
Төтенше жағдайлардағы іс-қимыл жоспары сіздің фермаңыз үшін пайдалы болуы мүмкін, себебі дағдарыс болған кезде алдын –ала жазылған жазбаша құжат өзіңізде болып, сіз туындаған проблемаларға дайын болып, оны шеше аласыз.
Фермада зиянкестердің таралуын болдырмау шаралары
Аграршылар өндіруші ретінде жергілікті және экзотикалық ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерін жақсы біледі. Олар ауыл шаруашылығы дақылдарының немесе жемшөптің шығымдылығын төмендетуге, егін жинауға әсер етеді және өнімнің сапасына нашарлатады. Сондай-ақ зиянкестермен күресу үшін жұмсалған қаражат нәтижесінде айтарлықтай экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін.
Бидайдың әлемдік нарығы бірқалыпты жағдайдатұр-сарапшылар пікірі
«Нарықтағы наурыз айындағы тұрақсыздықтан кейін орнықты жақдай қалыптасты. Өткен айда бидайдың бәсекеге қабілеттілігі өсті, бұл коронавирусқа байланысты қосымша сұраныстан туындап отыр. Бірақ өткен аптадағы сатып алудағы дүрбелең бәсеңдеген кезде төмендеді», - деп мәлімдеді Елена Тюрина. Оның айтуынша, наурыз айында рубльдің құнсыздануы әлемдік нарықта ресейлік астықтың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырды. «Наурыз айының ортасында бидай бағасы (протеин 12,5%, FOB Новороссийск) 2019 жылдың желтоқсанынан бастап ең төменгі деңгейге түсіп, бір тонна үшін $205 бағаны құрады,-деді ол. - Бұл ресейлік экспорттаушыларға осы маусымдағы негізгі бәсекелес Француз бидайымен салыстырғанда артықшылық алуға мүмкіндік берді».
Өзгерістерден кейін істі бастау қиындау
Павлодарлық фермерлерге коронавирус жағдайы қалай әсер етуде? Әр кәсіпорынға әртүрлі әсер етуде. Облыстың әр аудандарынан келген шағын және орта шаруа қожалықтарының басшылары бізге елдегі жағдай қалай әсер еткенін айтты. Доллар бағамының өзгеруі мен елдегі төтенше жағдай режимінің енгізілуі әсер етіп жатыр. Оларға осы қиын кезеңде мемлекеттің қолдауы қаншалықты қажет екендігін айтып берді.