Қарғабаев Нұржан Қуанышбекұлы

Қарғабаев Нұржан Қуанышбекұлы

«Меркі қант зауыты» компаниясының экс-директоры
340
Жасы: 54 жаста

Facebook-тегі профилі

Нұржан Қарғабаевтың карьерасы

Нұржан Қарғабаев «Көксу қант зауыты» директорының орынбасары және «Меркі қант зауытының» бастығы болып жұмыс істеді.

Цитаталары

«Мерке қант зауытының қуаттылығы соншалықты, бүкіл оңтүстік өңірді жоғары сапалы қантпен қамтамасыз ететін жағдайы бар. Ол үшін жеткілікті шикізатпен қамтамасыз етіліп, зауыт толық іске қосылуы керек.» (2018 ж. мамыр)

«Бұрын бәрі қолмен жасалатын болса, бүгін бәрі операторлардың қолында. Процес компьютер экранынан толық бақылауға алынады және реттеледі. Осындай автоматтандырудың арқасында қанттың сапасы артып қана қоймай, жұмыс жағдайлары жеңілдеді.  Штат та қысқарған жоқ, кадрларды да жоғалтқан жоқпыз. Жұмыскерлеріміздің барлығын жұмыспен қамтамасыз еттік. Осындай жаңғыртуларден кейін ресейдің қант қызылшасын өңдейтін зауыттарымен бәсекелеске қабілеттіміз. Олардың қара топырағына қызылша өсірген оңай, суару қажет емес, ал бізде оны өсіру үшін біраз еңбек етуге тура келеді және шығын да көп кетеді.» (2017 ж. желтоқсан)

«Зауыттық 8 мың теңге және мемлекеттік 10 мың теңге субсидия толық сатып алу бағасын құрайды. Биылғы жылы субсидияны тікелей мемлекет төледі. Өткен жылдары сатып алу бағасының мемлекеттік бөлігі қызылша беретін зауыттарға төленіп, артынан бұл бөлікті мемлекет өтеп берген болатын.» (2017 ж. желтоқсан)

«Қант қызылшасын қабылдау, сынамаларды іріктеу, ластануын және қант деңгейін анықтау осы дақылды өнеркәсіптік өңдеуге арналған ГОСТ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы талаптардың барлығы сақталатын шаруашылық қожалықтарымен келісім жасадық.» (2017 ж. желтоқсан)

«Қызылшадан қант шикізаты аз өндіріледі, шамамен 10-12,5%, ал қамыс қанттан алыынатын өнім жоғары – 98,4%. Бұл құрамында мелассаның мөлшері жоғары қант болып табылады. Биылғы жылы тапсырылған 110 мың тонна қант қызылшасынан шамамен 14-15 тонна қант алуға болады.» (2017 ж. желтоқсан)

 

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021