Абатов Алтынбек

Абатов Алтынбек

«Көксу қант зауыты» компаниясының директоры
423
Жасы: 60 жаста

Facebook-тегі профилі

Алтынбек Абатов 1964 жылы Ақтөбе облысының Ойыл кентінде дүниеге келген

Карьерасы

Алтынбек Абатов еңбек жолын комсомолдық жолдамамен құрылыс алаңында бастап, бетоншы, тас қалаушы, плитка салушы, монтаждаушы мамандықтарын меңгерген. Кейіннен кешенді бригаданың бригадирі, шебер, прораб қызметтерін атқарады.

Алтынбек Абатов Бұрындай кентіндегі қант зауыты («Алматы қанты») құрылыс алаңының бастығы, механикалық шеберхананың бастығы, бас механик қызметтерін атқарады. «Алматы қанты» АҚ-да және Ескелді қант зауытында бас инженер болып жұмыс істеген.

Алтынбек Абатов бүгінгі күні – «Көксу қант зауытының» директоры.

Наградалары мен атақтары

2016-2017 жылдары – Алтынбек Абатов облыс әкімінің грамоталарымен марапатталған.

2016 жылы. – «Құрмет» орденімен марапатталған.

Цитаталары

«Жалпы, қызылша қабылдау пунктіндегі және зауыттағы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде аяқталады. Бұл үшін қаржы да, еңбек ресурстары да жеткілікті.» (мамыр 2020 ж.)

«Кәсіпорынның жобалық қуаты тәулігіне 1500 тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы және осы межені орындауға зауыт бар күш-жігерін жұмсайды.» (сәуір 2020 ж.

«Осы маусым (2017 жылдың күзі) 20 қыркүйектен қант қызылшасын қабылдауды бастадық. Ал 5 қазаннан бастап қант өндіруге кірісіп кеттік. Аталған кезеңде 44 мың тонна қызылша алып үлгердік. Жалпы, 200-220 мың тонна аламыз деп жоспарлап отырмыз.» (қазан 2017 ж.)

«Зауытта Германия, Швеция және Украинада өндірілген жаңа жабдықтар орнатылған. Центрифугалар, вакуум аппараттар, булағыш аппараттар ауыстырылып, тас тұтқыштарға дейін орнатылды. Технологиялық процес толық автоматтандырылды. Нәтижесінде, өткен жылы өндірістік қуат тәулігіне шамамен 1,6 мың тоннаны құраса, ал биылғы жылы тәулігіне 2-2,2 мың тоннаға жетіп отыр. Сондай-ақ, мазут тұтыну 40%-ға дейін төмендеді. Кагат алаңдарында да жаңа жабдық орнаттық.» (қазан 2017 ж.)

«Жаңа техниканың арқасында зауыт бір кезекте алты мың тоннаға дейін тәтті түбір қабылдай алады. Мәселен, кеше ғана 4,5 мың тонна қабылдадық.» (қазан 2017 ж.)

 Отбасы

Үйленген. Алтынбек Абатов 4 баланың әкесі. Балаларының алды отау құрған, немерелері бар.

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021