Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Тимур Құлыбаев Алма-Ата қаласында дүниеге келген.
Білімі
1988 ж – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша тәмамдаған, мамандығы – «экономист».
1999 жылы – Тимур Құлыбаев «Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы
1988-1990 жж. – ҚазССР Мемлекеттік жоспарға қарасты Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институты (ҒЗЭЖНИ), экономист, кіші ғылыми қызметкер.
1990-1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуы жөніндегі ғылыми-кеңестік орталықтың директоры.
1992-1995 жж. – «Алтын-Алма» концернінің жетекшісі.
1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі несиелік комитетінің мүшесі, бақылаушы кеңесінің төрағасы.
1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының жетекшісі (төраға орынбасарының құқығында).
1997-1999 жж. – «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы істері жөніндегі вице-президенті.
1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» Мұнайды тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» ЖАҚ президенті.
2001-2002 жж. – «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Бас директоры. («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған).
2002-2005 жж. – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ пен «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ бірігуінен пайда болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті.
2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі. 2006-2007 жж. – «Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқаратын «Самұрық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі.
2011-2014 жж. - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.
2005 жылдың қарашасынан бастап «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығына басшылық етеді.
2013 жылдың қыркүйегінен бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы, 2017 жылдың маусымында қайта сайланды.
Бизнесі
Forbes.kz сәйкес, Тимур Құлыбаев жұбайы Динара Құлыбаевамен бірлесіп «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ арқылы Халық банкіне иелік етеді. «Halyk Group» (Қазақстан Халық Банкінің қаржылық тобы) құрылымына кіреді:
- Altyn Bank (үлесі 40%, қалғаны – China CITIC Bank Corporation Limited — 50,1% және China Shuangwei Investment Co., Ltd. – 9,9%);
- «Кипрос» – жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «Mercury Properties» компаниясы арқылы бақыланатын кәсіпорын.
Тимур Құлыбаев «К-Агро Холдинг» арқылы «Bio Grain» иемденеді. 2019 жылы наурызда «Bio Grain» Қостанай облысында астық пен майлы дақылдарды терең өңдеуге арналған ауылшаруашылық хабының құрылысын іске қосты. Жобаның бірінші кезеңінің жалпы құны 300 миллион доллардан асады, жоспарланған құрылыс мерзімі – екі жарым жыл. Ауылшаруашылық хабы – Қытайдың «China Marine Bunker» компаниясымен бірлескен «Bio Grain» жобасы. Жоба 600 мың тоннаға дейін астықты сақтауға мүмкіндігі бар элеватордың құрылысын қамтиды. Жоспарланған өндіріс көлемі: ұн – 600 мың тонна, өсімдік майы – 200 мың тонна, құрама жем, глютен, крахмал – 1 миллион тонна.
Дәулеті
2019 ж. – Forbes.kz рейтингісіне сәйкес Тимур Құлыбаев «Қазақстандағы ең қалталы 50 бизнесмен-2019» тізіміне кіреді , 3,1 млрд. доллармен 3-ші орынға тұрақтады.
2018 ж. – Тимур Құлыбаев «Қазақстандағы ең қалталы 50 бизнесмен-2018» тізіміне сәйкес 3,1 млрд. доллармен 2-ші орынға тұрақтады.
2017 ж. – дәулеті 2,2 млрд. долларды құрайды, рейтингіде 3-ші орынға ие.
2015-2016 жылдары – дәулеті 2,1 млрд. долларды құрайды, 3-ші орынға ие.
2014 ж. – Forbes.kz рейтингісіне сәйкес Тимур Құлыбаев «Қазақстандағы ең қалталы 50 бизнесмен-2014» тізіміне кіреді , дәулеті 1,8 млрд. доллар деңгейінде.
Отбасы: Динара Құлыбаеваға үйленген, үш баланың әкесі (ұлы 1990 ж. дүниеге келген, қыздары 2004 және 2010 жылдары дүниеге келген).
Хоббиі: гольф, тау шаңғысы, футбол.
Тимур Құлыбаев қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.