Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Бахаридин Әбләзімов Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Карьерасы
2002-2005 жылдары — «Өзенмұнайгаз» АҚ коммерциялық директоры.
2005 ж. — Бахаридин Әбләзімов «Ордабасы МұнайГаз» АҚ-ның бас директоры болды, кейіннен ол «Матен Петролеум» АҚ болып қайта құрылды.
2012 ж. желтоқсан-2017 ж. шілде — Бахаридин Әбләзімов «Каспий мұнай» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі болды.
2021 ж. — Бахаридин Әбләзімов «ҚазАзот» директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Бизнес
Тимур Құлыбаевпен, Дінмұхамет Идрисов және Ержан Достыбаевпен әріптестікте Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі «ҚазАзот» ЖШС үлесінің 15% ие. Сондай-ақ, оған «Ансаған Петролеум», «ТриасМунайГаз», «Матен Петролеум», Petro Chemical Company және «Радуга-Агро» үлестері тиесілі.
Сондай-ақ, бизнесменге «Үшқұю» (бұрынғы «Аңсаған Петролеум») 30%, «Триас-МұнайГазда», «ҚосМунайГазда», KazAeroSpace, Sunrise Development ірі үлестері тиесілі.
«Үшқұю» директорлар кеңесінің мүшесі.
Бахаридин Әбләзімов «Матен Петролеум» акциясының 95%-ын қытай-нидерланд Sino-Science Netherland Energy Group компаниясына сатқаннан кейін акциялардың 3,3%-дық миноритарлық үлесімен компанияда қалды.
2017 ж. қарашасында Бахаридин Әбләзімов RBK Bank құрылтайшыларының құрамынан шықты.
Тақырып бойынша оқу: Құлыбаевтың компаниясы ҚазАзоттың акцияларын сатып жіберді
Дәулеті
2023 ж. — Қазақстандағы ең беделді 50 бизнесмендер рейтингінде-2023 35-ші орынға, Қазақстанның ең ауқатты 50 бизнесмендер рейтингісінде-2023 31-ші орынға ие болды, Forbes.kz-ке сәйкес дәулеті 238 млн долларды құрайды.
2022 ж. — Қазақстандағы ең беделді 50 бизнесмендер рейтингінде-2022 39-орынға, Қазақстанның ең ауқатты 50 бизнесмендер рейтингісінде-2022 28 орынға ие болды, Forbes.kz-ке сәйкес дәулеті 253 млн долларды құрайды.
2021 ж. — Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендер рейтингісінде 115 млн доллармен 44 орынға ие болды.
2020 ж. — Forbes.kz-ке сәйкес дәулеті 89 млн долларды құрайды, рейтингте 45 орында.
2019 ж. — Forbes.kz-ке сәйкес дәулеті 107 млн долларды құрайды, рейтингте 45 орынды иемденді.
2018 ж. — Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендер рейтингісінде 167 млн доллармен 32 орында тұр.
2017 ж. — Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендер рейтингісінде 200 млн доллармен 28 орыннан көрінді.
2016 ж. — Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендер рейтингісінде 299 млн доллармен 19 орында тұр.
2015 ж. — дәулеті 301 млн доллар, Forbes.kz-те 27 орында.
2014 ж. — дәулеті 165 млн доллар деңгейінде, Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендер рейтингісінде 37 орында тұр.