Берденов Алмат Серікұлы

«Оптоград» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры
448

Facebook-тегі профилі

Білімі

1999 ж. – Алмат Берденов Ақтөбе қазақ-түрік орта мектебін бітірген.

1999-2003 жылдары – Narxoz Global-да «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша білім алды.

Алмат Берденовтың карьерасы

Алмат Берденов «Оптоград» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры қызметін атқарады. Алмат Берденов «AGROGOLD TRADE», «ШАЛКАР АКВА», «BNA MEATEX» компанияларын басқарды.

Цитаталары

«Осы жүкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға жеткізуді өз бақылауында ұстаған Сауда министрлігінің басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Сол жұмыстың арқасында «жасыл дәліз» арқылы ет жеткізілді.» (сәуір 2020 ж.)

«Бүгін біз Alibaba.com ғаламдық платформасында «Алтын мүшелікке» ие болдық. Бұл мәртебе қазақстандық компаниялар үшін оңай болмады. Аталған жоба тың серпіліс әкеліп, көптеген әлеуетті сатып алушыларды тартпақшы. Алғашқы кезекте 50 қазақстандық компанияларды іріктедік және «Оптоград» ЖШС солардың бірі, бүгін әртүрлі елдерден қазақстандық етке сұраныстар түсе бастады.» (facebook, ақпан 2020 ж.)

«Жүйе басқаша жұмыс істеуі керек: ол тек сатылатын нәрсені шығаруы керек.» (қараша 2019 ж.)

«Қой шаруашылығы елде маусымдық сипатқа ие: қозылардың үлкені де кішісі де бар, бағасы бірде төмен болып келсе, енді бірде қолайсыз жоғары. Қазіргі сәтте экспорттың мүмкіндігі және оған салмақ салуға болатындығы түсінікті. Әрине, ол үшін стандарттарға сәйкес келу және кәсіпорынның тұрақты дамуы талап етіледі.» (қараша 2019 ж.)

«Қазір мен ауыл шаруашылығына еш қатысы жоқ адамдардың қой шаруашылығымен айналысу туралы ойланып жүргендерін көріп тұрмын. Оларды қызықтыратыны «қой етін экспорттау» ғана. Менің ойымша, 2-3 жыл барысында қой еті экспортына қатысты жағдай айтарлықтай жақсарады. Біздің компания көбінесе сыртқы нарықпен жұмыс істейтініне қарамастан, өнім сапасының танылуына қарай сатылуда. Біздің ет көпшілікке танымал болмағанымен, өнімді жеткізу ретке қойылған Біріккен Араб Әмірліктерінің адамдары еттің дәмін білуде. Осылайша, баяу, бірақ дұрыс жолмен біздің етіміздің экспорт көлемі артып келеді. Мәселе жылына БАӘ-не ғана жеткізетін 200 тонна туралы болып отыр. Өзімізді таныту және сатуды ұлғайту бағытында күшімізді салудамыз.» (қараша 2019 ж.)

«Біздің жағдайда, бірінші кезекте ет жеткізетін БАӘ-де инспекция аакредитациясынан өту қажет. Бұл елдің бақылау органдарының мамандары өндіріс орнына, біздің жағдайымызда ет комбинатына берілген өтінім негізінде келеді. Өндіріс халыықаралық ISO, HACCP стандарттарына сәйкес келуі керек. Бұл сертификаттардың иемдену де оңай емес. Сонымен қатар, олар талап ететін барлық процестерге сәйкес келу қажет. Инспекция кемшіліктерді көрсете отырып, аккредиттеуден бас тартуы да мүмкін. Бақылау орган барлық кемшіліктер жойылған соң ғана қайтып келеді. Мұндай шара құнының төмен еместігін атап кеткен дұрыс.» (қараша 2019 ж.)

«Қазақстан табиғатында үнемі мал шаруашылығымен айналысқандықтан, мал шаруашылығы экономиканың негізін құрауы және мемлекет халқының көпшлігінің әл-ауқатын белгілеуі тиіс.» (қараша 2019 ж.)

Өмір сүру стилі

Алмат Берденовты футбол қызықтырады.

Отбасы

Үйленген, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021