ҚазАгро Азық-түлік келісім шарт корпорациясының акцияларын республикалық меншікке берді

«КазАгро»  ұлттық басқарушы холдингі Азық –түлік келісім шарт корпорациясының  100% акциясын республикалық меншікке өткізді. Тиісті қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

Аталған қаулыда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына 100% акцияларын республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын», - деп жазылды.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясының мемлекеттік акцияларын иелену және пайдалану құқығы Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

Шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.