Қытайға ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге арналған ЕАЭО-дағы бүкіл теміржол желісі кеңейтілуі мүмкін

ҚХР-да ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге арналған теміржол желісі бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында кеңейтілуі мүмкін.Одаққа мүше мемлекеттермен аталған  мүмкіндікті пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) және «Ресей темір жолдары» (РТЖ) арасындағы өзара жұмыс істеу тәсілдері жол картаға енгізілген. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметінен хабарлады.

Комиссияның хабарлауынша, бұл құжат ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепневтің Ресей темір жолдары басқармасының төрағасы, бас директор - Олег Белозеровпен кездесуі барысында  мақұлданған.

«Біздің ойымызша, ауылшаруашылық өнімдерін Қытайға тасымалдау жобасының Одақ көлемінде үлкен мүмкіндіктері бар. 2019 жылы Қытай соя, мұздатылған сиыр еті, тауық еті мен балықтың импорты бойынша әлемде бірінші орында, ал рапс пен күнбағыс майы, шаян тәрізділер мен шошқа етінің импорты бойынша екінші орында болды. Сондай-ақ, сүт өнімдері импортының айтарлықтай бөлігі Қытайға тиесілі», - деді Андрей Слепнев.

Министр аталған Одаққа мүше мемлекеттер әлемдік ауылшаруашылық нарығында маңызды қатысушылар екенін еске салды. Ресей Агроэкспресс қызметін пайдаланып ұн, соя, кондитерлік өнімдер мен мұздатылған тауық етін қазірдің өзінде импорттайды. Сонымен бірге, жобаға ЕАЭО басқа елдерден экспорттаушыларды шақыру арқылы тауардың мөлшерін біршама өсіруге болады.

Сонымен қатар, Одақ құрамындағы Орталық Азия мемлекеттерінің (атап айтқанда, бақылаушы ел болуға дайындалып жатқан Өзбекстан) ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдері саласында айтарлықтай мүмкіндіктері бар.

Кездесу барысында Ресей темір жолдары өкілдерін басқа елдердің нарықтарына шығу кезінде туындайтын мәселелерді, сондай-ақ келісімдер бойынша ЕАЭО серіктестерімен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау үшін жұмыс тобына қатысатын болады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай,  ЕЭК ЕАЭО мүше мемлекеттерінің іскер топтарын сауда аймағындағы нарықтардағы жаңа мүмкіндіктерді іздестіруге шақырады.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.