Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанның батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Қазақстанның батысы мен шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, республиканың қалған бөліктерінде 14-16 шілдеде құрғақ та ыстық ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
«Қазақстанның бүкіл аумағында құрғақ және ыстық ауа-райы болады. Бұл Иран мен Ирак жерінен келген ыстық ауаның ықпал етуімен байланысты», - дейді синоптиктер.
Жақын күндері республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады және бұршақ жаууы мүмкін.
Қазгидромет 14 шілдеде Қазақстанның жеті аймағында дауыл тұрады деп ескерту жасады.
Атырау облысында түнде күн күркірейді, күндіз шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
БҚО-да күн күркірейді, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ығысып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, 38-41 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Күндіз Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, солтүстік-шығыстан тұрған жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 43 градусқа жетеді деп күтілуде.
14 шілдеде түстен кейін Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, солтүстік және солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 14-16 шілде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында 14-16 шілде күндіз қатты ыстық 35-39 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.
Қарағанды облысында 14 шілдеде солтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында 14-15 шілде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде.